Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар):";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі) және Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – Ассамблея) шешімдерінде қамтылған, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) құрылымдық бөлімшелері орындаушылары болып табылатын немесе іске асырылуына бақылауды жүзеге асыратын тапсырмаларға қолданылады.
Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды ресімдеу, келісу, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру тәртібінің осы Қағидаларда реттелмеген мәселелері Президент Әкімшілігінің ішкі актілерінде регламенттеледі.
Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын тікелей бақылау тиісінше Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына және Ассамблеяның Хатшылығына жүктеледі.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалардың мақсаты:
1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және келісім бойынша – мемлекеттік емес ұйымдардың Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, тапсырмаларының және жолдауының жобаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі және Ассамблея тапсырмаларының жобаларын сапалы дайындауды, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, тапсырмаларын және жолдауын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды толық және уақтылы орындауды қамтамасыз етуі;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау кезінде барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, соңдай-ақ келісім бойынша – мемлекеттік емес ұйымдардың және мемлекеттің лауазымды адамдарының келісілген іс-қимылын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуына өзара жауапкершілігін белгілеу болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілері (ұйымдар) тапсырмаларды бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалады. Бұл ретте орындауды үйлестіру жауапкершілігі мемлекеттік басқару органына немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) түріндегі жалғыз құрылтайшыға жүктеледі. Мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты ұсынымдық сипаттағы тапсырмалар беріледі, бұл ретте орындауды үйлестіру тиісті мемлекеттік басқару саласының мемлекеттік органына жүктеледі.";
3, 3-1, 3-2, 3-3 және 3-4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері – Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен өкімдері;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары – өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, жұмыс кеңестерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Қазақстан Республикасы Президенті мәлімдемелерінің (үндеулерінің), Қазақстан Республикасының Президенті басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалар; Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары; Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша тапсырмалары, соңдай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылау – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, соңдай-ақ келісім бойынша – мемлекеттік емес ұйымдардың актілер мен тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындауын қамтамасыз етуге бағытталған кезең-кезеңдік бақылау іс-қимылдарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жиынтығы;
3-1) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы – Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің актісін немесе тапсырмасын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі бақылауды бекіту – актінің/тапсырманың орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, тапсырманың әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдерін, аяқталу нысанын, жауапты орындаушыларды және қажет болған кезде орындалуының түпкілікті нәтижесін көрсететін, белгіленген нысандағы құжат;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің актісін немесе тапсырмасын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау – актінің немесе тапсырманың мазмұнында қойылған мақсаттар мен міндеттерге, актінің немесе тапсырманың түпкілікті нәтижесіне және/немесе аяқталу нысанына толық және сапалы қол жеткізу және оларды орындау;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің актісін немесе тапсырмасын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімін ұзарту – бастапқы белгіленген орындау мерзімі өткен соң, оның ішінде аяқталу нысаны немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу бойынша орындалмаған, орындауды аяқтау мүмкін болмаған немесе толық, сапалы орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе осы Қағидалардың 59-тармағында көрсетілген өзге де уәкілетті адамдардың актінің/тапсырманың тармағын орындаудың келесі мерзімін айқындау жөніндегі шешімі;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің актісін немесе тапсырмасын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды сапасыз орындау – орындау сапасына кінәраттардың болуы, оның ішінде формалды орындау, орындаушылардың келісілмеген және пысықталмаған ұсыныстар мен тұжырымдарды енгізуі, бұрын Президент Әкімшілігі (осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша – Премьер-Министр Кеңсесі) берген ескертпелердің жойылмауы. Сапасыз орындау туралы тұжырым Президент Әкімшілігі (осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша – Премьер-Министр Кеңсесі) құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысында, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының қарарларында немесе хаттамалық шешімдерінде қамтылады;
8) Қазақстан Республикасы Президентінің актісін немесе тапсырмасын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды ішінара орындау – жоспарланған барлық іс-шаралардың белгіленген мерзімдерде аяқталмауы, есептік ақпаратты толық ұсынбау, актінің немесе тапсырманың мазмұнында қойылған міндеттердің толық орындалуын, сондай-ақ жоспарланған мақсаттарға, нәтижелерге және аяқталу нысанына толық қол жеткізуді қамтамасыз етпеу. Актінің немесе тапсырманың ішінара орындалғаны туралы тұжырым Президент Әкімшілігі (осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша – Премьер-Министр Кеңсесі) құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысында (орындауды бағалауында), Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының қарарларында немесе хаттамалық шешімдерінде, сондай-ақ орындаушы мемлекеттік органның есептік ақпаратында қамтылады;
9) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша есептік ақпарат – жауапты орындаушы актінің/тапсырманың орындалу барысы және нәтижелері туралы хабар беру үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша дайындаған құжат;
10) Қазақстан Республикасы Президентінің бақылаудағы актісіне немесе тапсырмасына, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларға сараптамалық қорытынды – тапсырманың толық және сапалы орындалуын, орындау мерзімін ұзартудың не оны орта мерзімді/ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырудың объективтілігін бағалау үшін Президент Әкімшілігінің (осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша – Премьер-Министр Кеңсесінің) жауапты құрылымдық бөлімшесі дайындаған құжат. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі сараптамалық қорытындысының құрылымына қойылатын талаптар Президент Әкімшілігінің ішкі актілерінде белгіленеді;
11) орындаудың түпкілікті нәтижесі – іс-қимылдардың, оқиғалардың күтілетін сандық және/немесе сапалық көрсеткіші. Түпкілікті нәтиже өздерінің мазмұны белгілі бір өлшенетін әлеуметтік-экономикалық немесе өзге әсерге жетуге мүмкіндік беретін нақты тұжырымдалған шаралар қабылдауды болжайтын тапсырмалар мен актілер бойынша ғана айқындалады;
12) қосарланатын тапсырма – мазмұны (мағыналық мәні) немесе түпкілікті нәтижесі бақылауда тұрған актіні немесе тапсырманы толығымен қамтитын тапсырма;
13) стратегиялық және бағдарламалық құжаттар – Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары және мемлекеттік бағдарламалар.
3-1. Жыл сайын қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауын арнайды.
3-2. Жыл сайын мамырда Үкімет және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша ұсыныстарын Президент Әкімшілігіне жібереді.
3-3. Президент Әкімшілігі жолдау жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша түпкілікті ұсыныстарды қалыптастырады, олар Қазақстан Республикасының Президентімен келісіледі.
3-4. Президент Әкімшілігі 20 тамызға дейін жолдау жобасын Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.";
3-5, 3-6, 3-7 және 3-8-тармақтар алып тасталсын;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Президент Әкімшілігі;
2) Үкімет;";
6-тармақтағы "немесе Қазақстан Республикасының Президентіне жіберілетін Премьер-Министрдің ілеспе хатымен" деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларына Премьер-Министр қағаздағы және электрондық түріне виза қояды.
Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобалары әзірлеуші мемлекеттік органның басшысымен – қағаздағы және электрондық түрде, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Әділет министрлігі), бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен электрондық келісу парағында келісіледі.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобалары қағаздағы түрінде келісіледі.";
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобалары Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен электрондық келісу парағында келісіледі.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобалары қағаздағы түрінде келісіледі.";
16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның, Президент Әкімшілігінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларға сәйкестігі;";
17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Судьяларды лауазымға тағайындау және лауазымнан босату мәселелері жөніндегі актілерді қоспағанда, Президент Әкімшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына сараптама, егер Президент Әкімшілігінің Басшысы өзге мерзім белгілемесе, келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қазақстан Республикасының стратегияларын, Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, тұжырымдамалар мен доктриналарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінің жобаларын Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері Президент Әкімшілігіне келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.";
23-тармақ "органдарға" деген сөзден кейін "және ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Президенті, Қауіпсіздік Кеңесі және Ассамблея тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу және қол қоюға ұсыну тәртібі";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының жобаларын дайындау:
1) өңірлік сапарларды;
2) халықаралық іс-шараларды;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін қоғамдық маңызы бар іс-шараларды;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің мәлімдемелерін (үндеулерін);
5) жұмыс кеңестерін;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырыстарын;
7) Қазақстан Республикасының Президенті басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге органдардың отырыстарын ұйымдастыру кезінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың қорытындысы бойынша тапсырмалардың жобалары, әдетте, Қазақстан Республикасының Президенті қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
Егер өңірлік сапар барысында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесі өткізілмесе, онда ол айтқан тапсырмалардың жобалары Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарымен ресімделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобалары Қазақстан Республикасының Президенті қол қоятын тапсырмалар мәтіні түрінде ресімделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобалары, әдетте, Қазақстан Республикасының Президенті қол қоятын хаттама не Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін іс-шаралар жоспары түрінде ресімделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасы Президенті мәлімдемелерінің (үндеулерінің) қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобалары, сондай-ақ Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың жобалары Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін іс-шаралар жоспары түрінде ресімделеді.
Хаттамаларға, оның ішінде Қауіпсіздік Кеңесі отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамаларға, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша ресімделетін тапсырмалардың мәтіндеріне осы Қағидаларға 1-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырмаларды іске асыру бойынша бақылауды бекіту және 1-6-қосымшаға сәйкес "Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс" деген мөртабанмен куәландырылған Президент Әкімшілігіндегі электрондық келісу парағының қағаздағы көшірмесі қоса беріледі.
Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін іс-шаралар жоспары (тапсырмалар жобалары) осы Қағидаларға 1-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.";
28-тармақ "Президенті" деген сөзден кейін ", Қауіпсіздік Кеңесі және Ассамблея" деген сөздермен толықтырылсын;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Мемлекеттік органдар алдағы болатын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін іс-шаралар, Ассамблея сессиялары шеңберінде:
1) жергілікті атқарушы органдар – өңірлік сапарлар бойынша;
2) орталық мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін қоғамдық маңызы бар іс-шаралар, Ассамблея сессиялары, жұмыс кеңестері, Үкіметтің кеңейтілген отырыстары, Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың отырыстары бойынша тапсырмалардың жобаларына ұсыныстарды немесе Президент Әкімшілігі Басшысының, оның орынбасарының, Президент көмекшісінің шешімі бойынша тапсырмалардың жобаларын Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шаралар өткізілгенге дейін кемінде он жұмыс күні қалғанда ұсынуды қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік органдар алдағы болатын Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары шеңберінде тапсырмалардың жобаларына ұсыныстарды Президент Әкімшілігіне Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты белгілеген мерзімдерде ұсынуды қамтамасыз етеді.";
31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Егер Қазақстан Республикасы Президенті, Ассамблея тапсырмаларының жобалары бойынша ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда, онда Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі Президент Әкімшілігі Басшысының жетекшілік ететін орынбасарымен келісім бойынша тапсырмалардың жобаларын жұмыс тәртібімен пысықтауы мүмкін.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шаралар немесе Ассамблеяның сессиясы өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының немесе Ассамблея тапсырмаларының жобасын Президент Әкімшілігінің Басшысына ұсынады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен іс-шарадан (халықаралық іс-шаралардан басқа) немесе Ассамблеяның сессиясынан кейін (жұмыс сапары аяқталған күннен бастап) үш жұмыс күні ішінде тапсырмалардың жобаларын әзірлейді немесе Президент Әкімшілігіне бұрын енгізілген тапсырмалардың жобаларын жаңалайды.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының немесе Ассамблея тапсырмаларының әзірленген жобасын келісуді және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шара немесе Ассамблеяның сессиясы өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қағаздағы және электрондық түрінде Президент Әкімшілігіне енгізуді белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.
Халықаралық іс-шаралар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобаларын дайындау және келісу ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Қауіпсіздік Кеңесі отырыстарының қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобаларын дайындау және келісу ерекшеліктерін Президент Әкімшілігі айқындайды.";
34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Президент Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобасын, Ассамблея тапсырмаларының жобасын келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде, оның ішінде осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкестігі, тапсырмаларды орындаудың елдің Стратегиялық даму жоспарында және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарында айқындалған ел дамуының түйінді индикаторларына қол жеткізуге ықпал етуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бұрын берген тапсырмаларына қосарлануын болдырмау тұрғысынан қарауды және келісуді қамтамасыз етеді.";
35-2-тармақта "осы Жарлыққа" деген сөздер "осы Қағидаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
35-5-тармақта "Қазақстан Республикасының Үкіметіне" деген сөздер "Үкіметке" деген сөзбен ауыстырылсын;
35-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35-6. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын алғаннан кейін Үкімет бес жұмыс күні ішінде оны Президент Әкімшілігіне жібереді.
Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы Президент Әкімшілігіне келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.
Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілетін жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасына Президент Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісілген жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды бекіту қоса беріледі.";
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік Кеңесі және Ассамблея шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды:
1) Үкіметке, орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, сондай-ақ келісім бойынша мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты – Президент Әкімшілігі;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, сондай-ақ келісім бойынша мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты – Үкімет;
3) ведомстволық бағынысты ұйымдар мен лауазымды адамдарға қатысты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Президент Әкімшілігі:
1) Ассамблеяның;
2) Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды осы Қағидалардың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.";
36-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36-1. Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік сапарлар, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды қоспағанда, Үкіметке, орталық және жергілікті атқарушы органдарға берген тапсырмалары тармақтарының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын бақылауды Үкімет жүзеге асырады.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қауіпсіздік Кеңесінің, Ассамблеяның актілері мен тапсырмаларын бақылау объектілері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері не актілерінің тармақтары;
2) өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, Қазақстан Республикасы Президенті мәлімдемелерінің (үндеулерінің), жұмыс кеңестерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Қазақстан Республикасының Президенті басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;
5) құжаттың қағаздағы жеткізгіштерінде "Бақылауға алынды" деген мөртабан немесе электрондық карточкасында бақылау мәртебесі туралы белгі болған кезде, Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік және өзге құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;
6) Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары;
7) Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылау:
1) қажетті ақпаратты талап ету;
2) атқарылуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге нысандары;
4) жергілікті жерге барып тексеру жолымен;
5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.
Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат беру мерзімдерін бұзуға жол берген лауазымды адамдарға қатысты тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселе қаралады.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын субъектілер мынадай лауазымды адамдар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуына жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшысы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастыратын, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган аппаратының басшысы;
3) жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде және мемлекеттік емес ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуына жалпы басшылық пен бақылауды осы ұйымдардың бірінші басшылары келісім бойынша жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарын қоспағанда, көрсетілген лауазымды адамдар Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларда белгіленген орындау мерзімдері олардың мемлекеттік органға және ұйымға келіп түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.";
42-тармақ "Президентінің" деген сөзден кейін ", Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау осы актілер мен тапсырмаларда не олардың іске асырылуын бақылауды бекітуде көрсетілген мерзімдерде немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Президент көмекшісінің – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарларында көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз етіледі.
Егер актінің/тапсырманың мәтінінің өзінде немесе тиісті қарарда орындау мерзімдері болмаған және құжатқа бақылауды бекіту жасалмаған жағдайларда, мерзімдер Президент Әкімшілігі белгілеген тәртіппен айқындалады және бақылаудағы тапсырманың электрондық немесе қағаздағы карточкасында көрсетіледі.";
үшінші және бесінші бөліктерінде "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "Үкімет" деген сөзбен аустырылсын;
мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:
"44-1. Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар Президент Әкімшілігі дайындайтын тапсырмалардың орындалуын бекітуге сәйкес орындауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын бекіту тәртібін Президент Әкімшілігі айқындайды.";
45-тармақ "Президентінің" деген сөзден кейін ", Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның" деген сөздермен толықтырылсын;
46-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46-1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның орындау мерзімі алты айдан асатын кешенді және ведомствоаралық сипаты бар актілері мен тапсырмаларын орындау өздерінің құзыреті шеңберінде екі және одан көп мемлекеттік органға жүктелген, сондай-ақ қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі тәсілдердің, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолда барын өзгертуге бағытталған жағдайда, орындаушы мемлекеттік орган құжат келіп түскеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді және оны Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесімен келіседі.";
бірінші бөлік "тапсырмасын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бір орындаушы мемлекеттік орган және қажет болған кезде оның ведомстволық бағынысты ұйымдары ғана қатысатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) осы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.";
46-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46-3. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) қабылданған жағдайда, мемлекеттік органдардың осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарларын бекітуі талап етілмейді.";
46-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46-4. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) жасау тәртібін және оның мазмұнына қойылатын талаптарды Президент Әкімшілігі айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 46-5-тармақпен толықтырылсын:
"46-5. Тапсырмаларды ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру кезінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) міндетті түрде әзірленеді. Орындаушы мемлекеттік орган осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді және Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшелерімен келіседі.
Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылған тапсырмалар бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекіту тәртібі осы Қағидалардың 46-2-тармағында белгіленген тәртіпке ұқсас.";
47-тармақ "тапсырмаларын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
47-1-тармақ "тапсырмаларын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөліктегі "осы Жарлыққа" деген сөздер "осы Қағидаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Президент Әкімшілігінің Басшысы жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы баяндайды.";
48-тармақ "Президентінің" деген сөзден кейін ", Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның" деген сөздермен толықтырылсын;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (ұйымдар) актілер мен тапсырмаларды орындаған кезде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (ұйымға):
1) "өте шұғыл" деген белгісі бар шұғыл бақылауға қойылғандары туралы – тапсырма түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жылдамдатылсын" деген белгісі барлар туралы – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) қысқа мерзімді бақылауға қойылғандары туралы – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) орта мерзімді бақылауға қойылғандары туралы – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) ұзақ мерзімді бақылауға қойылғандары туралы – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей өз ұсыныстарын енгізеді.";
49-1-тармақ "тапсырмаларының" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды іске асыру барысы туралы есептік ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді қамтиды.
Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалардың орындалуы туралы Үкіметтің жиынтық есептік ақпараты 1-5 және 2-қосымшаларға сәйкес тапсырмалардың тармақтары бөлінісінде орындалудың негізгі нәтижелері мен бағалануы қамтылатын түсіндірме жазбасымен бірге әрбір тапсырма бойынша беріледі.";
50-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50-1. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы Үкімет ақпараты Президент Әкімшілігіне енгізіледі, оған Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшысының немесе Президент көмекшісінің – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарының адресатына қарай Премьер-Министр, Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қояды.";
50-2-тармақ алып тасталсын;
бірінші бөлік "тапсырмаларының" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген, негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар болып табылатын тапсырмалар бойынша орындау мерзімін ұзарту не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы тиісті хатты осы органдар Президент Әкімшілігі Басшысының атына жібереді.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдары виза қойған Үкіметтің не орындаушы мемлекеттік органның ұсынысына келісімі негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.
Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды орындау мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша орындау мерзімін ұзарту, оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру, сондай-ақ аралық хабар беру мерзімін белгілеу туралы шешімді Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.
Орта мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы ай сайын немесе тоқсан сайын аралық хабар бере отырып жүзеге асырылады. Бастапқы белгіленген мерзім ішінде объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша тапсырманың орындалуын аяқтау және/немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, орта мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.
Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы тоқсан сайын немесе жарты жыл сайын аралық хабар бере отырып жүзеге асырылады. Объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша белгіленген мерзімге тапсырманың орындалуын аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және тапсырманың орындалу нәтижелерінің тиімділігіне немесе оның ел дамуының түйінді индикаторларына қол жеткізуге тигізетін ықпалына бақылауды жүзеге асыру қажет болған жағдайда, ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.";
мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:
"53-1. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері немесе тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша, егер:
1) тапсырма мазмұны бойынша орындалған, бірақ мәселе оның түпкілікті нәтижелігі мен тиімділігін бағалау, ұсынылған жаңа тәсілдерді енгізу үшін бақылауда қалдырылған;
2) бұрын берілген тапсырманы сапалы және жан-жақты іске асыру шеңберінде қосымша мәселелерді пысықтау қажеттігі туған;
3) тапсырманы іске асыру орындалу мерзімдері ұзартылған немесе ауыстырылған басқа тапсырмаларға тікелей байланысты болған;
4) төтенше жағдайға, төтенше ахуалға және карантин шараларына байланысты мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруға шектеулер енгізілген жағдайларда, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде жаңа орындау мерзім белгілеу (мерзімді ауыстыру) туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Ассамблеяның актілерін немесе тапсырмаларын орындаудың жаңа мерзімін белгілеу (мерзімін ауыстыру) туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы қабылдайды.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындаудың жаңа мерзімін белгілеу (мерзімін ауыстыру) туралы шешімді Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Актілердің және/немесе тапсырмалардың, оның ішінде осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген, негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар болып табылатын актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімін қайта ұзартуға Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде Президент Әкімшілігіне қабылданған шаралар туралы хабар бере отырып жол беріледі.
Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген басқа тапсырмаларды орындау мерзімдерін қайта ұзартуға Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде Премьер-Министр Кеңсесіне қабылданған шаралар туралы хабар бере отырып жол беріледі.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімін қайта ұзартуға Президент көмекшісінің – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде Президент Әкімшілігіне қабылданған шаралар туралы хабар бере отырып жол беріледі.";
бірінші және екінші бөліктер "тапсырмаларының" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар болып табылатын тапсырмаларды қоспағанда, осы тармақтың ережелері осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларға қолданылмайды.";
54-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"54-2. Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген, негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар болып табылатын тапсырмаларды қоспағанда, орындалу мерзімі үш айдан асатын тапсырмалардың орындалуын қайта ұзарту туралы ұсынысты орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) орындалу мерзімінің аяқталуына дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей Үкімет басшылығына немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысына енгізеді.";
55-тармақ "тапсырмалары" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар" деген сөздермен толықтырылсын;
1) және 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) толық және сапалы орындалуы, оның ішінде заңға қол қойылуы, Президент немесе Үкімет актісінің қабылдануы;
1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қауіпсіздік Кеңесінің, Ассамблеяның бұрын берілген тапсырманы қамтитын (қосарланатын) жаңа тапсырмасы;";
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"Үкіметтің немесе басқа мемлекеттік органның бақылауына олардың ағымдағы қызметіне байланысты және жаңа шаралар қабылдауды талап етпейтін тапсырмалар ғана берілуі мүмкін.";
58, 59, 60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін орындауға жауапты мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілген негіздердің біреуін жан-жақты баяндай отырып:
Президент Әкімшілігіне, оның ішінде осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген, негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар болып табылатын тапсырмалар бойынша;
осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген өзге тапсырмалар бойынша Премьер-Министр Кеңсесіне хат енгізеді.
59. Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе олар уәкілеттік берген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын бақылаудан алуды:
1) орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) ұсынысы бойынша, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен (оның міндетін атқаратын адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының визаларымен ресімделген оның келісімі негізінде;
2) Президент Әкімшілігінің жергілікті жерге барып тексерулерінің, сондай-ақ жүргізілген ревизиялар мен өзге құжаттық тексеру нысандарының қорытындылары бойынша Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде жүзеге асырады.
Негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар болып табылатын тапсырмаларды қоспағанда, осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген, сондай-ақ осы Қағидалардың 57-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Үкіметтің бақылауына берілген тапсырмаларды бақылаудан алуды Премьер-Министр немесе оның орынбасары жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 57-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органның бақылауына берілген тапсырмаларды бақылаудан алуды осы органның бірінші басшысы жүзеге асырады.
Егер Үкіметтің немесе мемлекеттік органның жиынтық есептік ақпаратын қарау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы тармағының осы Қағидалардың 57-тармағы 1), 1-1) және 2) тармақшаларының талаптарын бұза отырып бақылаудан алынғаны анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде мұндай тапсырманың тармағын бақылауды қайта жаңарту және орындау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған, Президент Әкімшілігі бақылайтын тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы жүзеге асырады.
Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.
60. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларының және оның әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарында жарияланған тапсырмаларының орындалуын бақылаудан алуды Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.
61. Орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын – Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе олар уәкілеттілік берген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары бақылаудан алған соң, ал осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша оларды Үкімет немесе Президент Әкімшілігі бақылаудан алған соң ғана бақылаудан алады.
Орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы бақылаудан алған соң ғана бақылаудан алады.";
1, 1-1, 1-3, 1-6-қосымшалардағы осы Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларына";
1-3-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат";
1-2, 1-4, 1-5 және 2-қосымшалар осы Жарлыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
КЕЛІСІЛДІ |
БЕКІТЕМІН |
Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы)
Құжаттың түрі:
Тапсырманың мазмұны:
Аралық бақылау мерзімі:
Соңғы орындалу мерзімі:
Жауапты орындаушы мемлекеттік орган:
р/с № | Іс-шараның атауы | Жауапты орындаушы (бірлесіп орындаушы) | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Орындалу индикаторлары | Мемлекеттік органның (ұйымның) бақылауға жауапты лауазымды адамы |
---|---|---|---|---|---|---|
1-кезең. Ұйымдастыру-дайындық жұмыстары | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
2-кезең. Практикада іске асыру | ||||||
1. |
Қазақстан Республикасы Президентінің _________________________________ 20__ жылғы ___ _______ № ____ актісін немесе тапсырмасын іске асыру бойынша БАҚЫЛАУДЫ БЕКІТУ
№ р/с | Іс-шараның атауы | Орындалу мерзімі | Аяқталу нысаны | Түпкілікті нәтижесі* | Жауапты мемлекеттік орган | Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі |
---|---|---|---|---|---|---|
1. | ||||||
2. | ||||||
… |
* түпкілікті нәтиже өздерінің мазмұны белгілі бір өлшенетін әлеуметтік-экономикалық немесе өзге әсерге жетуге мүмкіндік беретін нақты тұжырымдалған шаралар қабылдауды болжайтын тапсырмалар мен актілер бойынша ғана айқындалады.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын* орындау барысы туралы АҚПАРАТ тапсырманың түрі _____________________, құжаттың атауы _____________________, құжаттың нөмірі мен күні ______________
№ р/с | Бақылауды бекітудегі № | Тапсырма-ның мазмұны | Аяқталу нысаны, түпкілікті нәтиже (қажет болған кезде) | Жауапты мемлекеттік орган | Орындалу мерзімі | Орындау туралы құжаттың (мемлекет-тік органның есептік ақпараты-ның) дерек-темелері | Шешім қабылдаған адамның А.Ә.Т., лауазымы көрсетіліп, бақылаудан алу туралы қарар | Ұзарту мерзімі | Шешім қабылдаған адамның А.Ә.Т., лауазымы көрсетіліп, мерзімін ұзарту туралы қарар | Ұзарту саны | Шешім қабылдаған адамның А.Ә.Т., лауазымы көрсетіліп, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы қарар |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1. | |||||||||||
2. | |||||||||||
... |
__________________
* бақылаудағы әрбір құжат бөлінісінде, өңірлік сапарлар, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар қорытындысы бойынша тапсырмалардың әрбір түріне жасалады.
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы Президент Әкімшілігіне ұсынылатын ақпараттың НЫСАНЫ*
1. Тапсырманың деректемелері:
1.1. тапсырма қамтылған құжаттың атауы (Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамасы, Жарлығы және т.б.);
1.2. құжаттың нөміріне, күніне және тапсырма тармағына сілтеме;
1.3. жауапты орындаушы, бірлесіп орындаушылар;
1.4. орындаудың бастапқы мерзімі;
1.5. ұзартылған орындау мерзімінің, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырудың (егер олар бар болса), жаңа орындау мерзімінің күні.
2. Тапсырманың мазмұны:
2.1. тапсырманың қысқаша мазмұны;
2.2. тапсырманың маңызы мен күрделілігін мемлекеттік органның (ұйымның) пайымдауы (түсінуі);
2.3. тапсырманы іске асыруға бағытталған іс-шаралар тізбесі, олардың орындылығы мен іске асырылу мерзімдерінің (кезеңдер бойынша) негіздемесі.
3. Есепті кезеңде тапсырманы іске асыру қорытындылары:
3.1. тапсырманы іске асыруға бағытталған іс-шаралардың орындалу барысы;
3.2. өткізілген іс-шаралардан кейін қол жеткізілген нәтиже (түпкілікті нәтиже);
тапсырманы орындау нәтижелері бойынша нақты: "орындалды", "ішінара орындалды", "орындалған жоқ" деген тұжырымдар берілген өзіндік бағалау. Екінші және үшінші жағдайларда ақпаратта тапсырманы ішінара орындаудың немесе орындамаудың объективтілігін растайтын ресми құжаттарға сілтеме жасала отырып, себептері міндетті түрде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік органның:
осы Қағидалардың 57-тармағында белгіленген негіздердің біреуін көрсете отырып бақылаудан алу туралы;
себептерін және Президент Әкімшілігіне есептік ақпарат берудің ұсынылатын жаңа мерзімін дәлелдермен негіздей отырып, мерзімін ұзарту не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру** (егер белгіленген мерзімге тапсырманы орындау аяқталмаса) туралы тұжырымдары мен ұсыныстары.
Қорытынды ақпаратқа орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы қол қоюға тиіс.
* жедел сипаттағы тапсырмалардан, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардан басқа;
** тапсырманы ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныс енгізу кезінде жол картасының жобасы келісу үшін қоса беріледі.