"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 12 Жарлығын және "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      Қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      "Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуы" блогын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі нәтижелілікті бағалау бойынша";

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы және нәтижелілікті бағалау бойынша".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президентi
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады