Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 482 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 188 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып тағайындалсын:

Архарова Жаңылсын Баянқызы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы;

Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы


заң ғылымдарының докторы;

Қалимұқашева Айгүл Демеуқызы

Атырау облыстық сотының судьясы;

Көлбаева Айжан Әділқызы

Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданы №2 сотының судьясы;

Нұржанов Әлихан Әбілғазыұлы

Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты;

Сағиденов Ғұлар Ғаббасұлы

Павлодар облыстық сотының судьясы;

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан: Н.М.Елемесов, М.Қ.Жанғұттинов, Т.Е.Қаудыров, Н.Н.Кузнецова, Е.Т.Манапов, Б.А.Раисова шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады