Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 188 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі құрылсын.

      2. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 3 ақпандағы
№ 188 Жарлығына
1-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 27.09.2016 № 341; 13.06.2018 № 701; 30.10.2018 № 782; 26.02.2019 № 862; 01.06.2019 № 57; 30.12.2020 № 482; 29.06.2021 № 608; 01.06.2022 № 905 (01.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

     

Шипп Денис Алексеевич

-

Төраға

мүшелері:

Ақылбай Серік Байсейітұлы

-

"Қазақстанның заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Нұрбеков Айдын Маратұлы

-

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы

Сисенова Нұрия Оралжанқызы

-

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы

Жакулин Әскербек Бейсембекұлы

-

Ақмола облыстық сотының судьясы

Мырзалиев Жеңісбек Сәбетбекұлы

-

Қостанай облысы Рудный қалалық сотының судьясы

Архарова Жаңылсын Баянқызы

-

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы

Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы

-

заң ғылымдарының докторы

Қалимұқашева Айгүл Демеуқызы

-

Атырау облыстық сотының судьясы

Нұржанов Әлихан Әбілғазыұлы

-

Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты

Сағиденов Ғұлар Ғаббасұлы

-

Павлодар облыстық сотының судьясы

Цай Олеся Юрьевна

-

Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Октябрь ауданы №2 аудандық сотының судьясы

Шаров Ғафур Хамзеұлы

-

Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Қалишева Жаннетта Ғайсақызы

-

"М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университеті" АҚ Заңгерлерді бағалау және сертификаттау бюросының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша)

      Кеңес құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы кіреді.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 3 ақпандағы
№ 188 Жарлығына
2-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір күші жойылған жарлықтарының
ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 696 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 482-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 815 Жарлығының 1-тармағының 11) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 234-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 74 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 440-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 128 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 50, 664-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 284 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 20-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 476-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 533 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 351-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 696 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 676 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 832-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 750 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 29-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 15-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады