"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 572 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Комиссияның шешімі оның отырысқа қатысып отырған мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.";

      17-тармақтағы жетінші және он үшінші абзацтар алып тасталсын;

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Ішкі істер органдары:

      Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарына қызметке кіруі салдарынан;

      егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса;

      Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;

      егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;

      егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некені сот жарамсыз деп таныса;

      шетелдіктерге асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала кәмелетке толған кезде оның өз еркімен ырық білдіруі бойынша;

      адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркейді.

      29. Шет елдердегі мекемелер:

      Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарына қызметке кіруі салдарынан;

      егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса;

      Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;

      егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;

      егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некені сот жарамсыз деп таныса;

      шетелдіктерге асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала кәмелетке толған кезде оның өз еркімен ырық білдіруі бойынша;

      адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркейді.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады