"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 10 шiлдедегi № 620 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде:

      15-тармақта:

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссиялары қызметінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында бұзылуы анықталған кезде олардың шешімдерінің күшін жояды;";

      мынадай редакциядағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді;";

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ақпараттық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;";

      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысаны мен мәтінін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының, аудандық маңызы бар қаласының, ауылының, кентінің, ауылдық округінің әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын, оларды дайындау тәртібін, сондай-ақ қорғалу дәрежесін белгілейді;";

      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) сайлаушылар (таңдаушылар) тізімдерінің, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдігіне кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге де сайлау құжаттарының нысанын белгілейді;";

      44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "44) Президент, мәслихат депутаттары үшін куәліктің және омырауға тағатын белгінің үлгісін, сондай-ақ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі және өзге жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелері куәлігінің үлгісін белгілейді;";

      74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау комиссияларына басшылық етеді;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады