ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізудің қағидалары мен мерзімдерінде, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарында:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Соңғы үш жылдан аз емес уақыт бойы С-2, С-3, С-О-2, С-О-3, C-R-1, C-R-2, C-R-3, D-O-2, D-1, D-2, D-3, Е-1, E-R-1 (аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда) санаттарының басшы лауазымдарын атқаратын, оның ішінде әртүрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін "Б" корпусы қызметшілерінің арасында, осы "Б" корпусы қызметшілерінің өзара келісімі болғанда уәкілетті адамдардың актілерімен ротация жүргізуге жол беріледі. Бұл ретте тиісті бағыттар бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау және "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері ескеріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ротацияға тек әртүрлі әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмыс істейтін "Б" корпусы қызметшілерінің арасында ғана жол беріледі.".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |