2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Ахмет Байтұрсынұлының 150жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік комиссияның қарауына 2021 жылғы 1 қарашаға дейін енгізуді қамтамасыз етсін.
4. Мемлекеттік комиссия:
1) Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін бекітсін;
2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 624 Жарлығына ҚОСЫМША |
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
Алматы қаласының әкімі
Шымкент қаласының әкімі
Ақмола облысының әкімі
Ақтөбе облысының әкімі
Алматы облысының әкімі
Атырау облысының әкімі
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Жамбыл облысының әкімі
Қарағанды облысының әкімі
Қызылорда облысының әкімі
Маңғыстау облысының әкімі
Павлодар облысының әкімі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Түркістан облысының әкімі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Комитет төрағасы (келісім бойынша)
Бақтиярұлы Мұрат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
"Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
"Қазақстан жазушылар одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
"Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
"А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
"М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
"Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)
"Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша)
"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша)
"әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша)
"А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша)
Базарбаева Зейнеп Мүслімқызы - "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)
Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы - "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)
Имаханбет Райхан Сахыбекқызы - "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Тіл құрал" ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Қамзабекұлы Дихан - "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)
Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы - "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы "Айтылған тарих" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)
Маралбек Ермұхамет - "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми қызметкері, РҺБ доктор (келісім бойынша)
Тілешов Ербол Ердембекұлы - "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)
Ісмақова Айгүл Серікқызы - "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)