"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 722 Жарлығы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:

      21-тармақта:

      бірінші бөліктің 14) тармақшасы алып тасталсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының және оның орынбасарларының лауазымдық жалақыларының мөлшерлерін Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы бекітеді.".

      2. Осы Жарлық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады