Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 және "Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 77 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.";

      16-тармақ алып тасталсын;

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалатын мерзімдерде жүргізіледі.

      Егер "Б" корпусы қызметшісінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан аз болған жағдайда, оған бағалау жүргізілмейді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалатын адамдар жүргізеді.";

      31-тармақ алып тасталсын;

      32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері бағалау парағында тіркеледі.

      33. "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері мынадай мәндері бар шәкіл бойынша қойылады:

      1) "функционалдық міндеттерін тиімді атқарады";

      2) "функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады";

      3) "функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады";

      4) "функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады" (қанағаттанарлықсыз баға).";

      35-тармақ алып тасталсын;

      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабының 10-тармағына және 60-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібін айқындайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Егер мемлекеттік саяси қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және бұл ретте өзін адал жұмыскер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза алты айлық мерзім өткенге дейін алынуы мүмкін.

      Мемлекеттік саяси қызметшілерге Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының және олардың орынбасарларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жазалар қолданылған кезде оларды мерзімінен бұрын алу тиісінше Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің келісімі бойынша жүргізіледі.

      Тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға келісім беру жөніндегі өтінішхатты жаза қолданылған мемлекеттік саяси қызметшінің тікелей басшысы жолдайды.";

      87-тармақ алып тасталсын;

      4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен орналасу тәртібін айқындайды.";

      5) "Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығында:

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұлттық комиссияның міндеттері:

      1) Резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру;

      2) Резервке алу туралы, Резервтен шығару туралы мəселелерді шешу;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Резервті қалыптастыру мəселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Ұлттық комиссияға міндеттеріне сəйкес мынадай функциялар жүктеледі:

      1) Резервке алуға ұсынылған кандидаттарды қарау;

      2) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мəселелер бойынша сұрау салуларды жіберу және мемлекеттік органдардан жəне өзге де ұйымдардан ақпарат алу;

      3) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мəселелер бойынша шешімдер қабылдау;

      4) адамды Резервтен шығару туралы мәселені қарау.";

      6) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидаларында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Резервке алынған адам мынадай:

      1) өз қалауы бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

      3) шет мемлекеттің азаматтығы болған;

      4) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған;

      5) қызметінің тиімділігін бағалау негізінде лауазымнан төмендетілген не шығарылған;

      6) қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;

      7) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

      8) Резервте болу кезеңінде қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық жасаған не қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;

      10) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

      11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған не Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 13), 14), 15) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда, уәкілетті орган тиісті ұсыныстар берген кезде Ұлттық комиссияның шешімі бойынша Резервтен шығарылады.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады