Қазақстан Республикасының кейбір аудандық және оған теңестірілген соттарын тарату және Қазақстан Республикасы соттарының кадр мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 906 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2, 8-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 7), 8), 10), 11), 12) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4, 5-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар таратылсын:

      Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының № 2 аудандық соты;

      Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының № 2 аудандық соты;

      Қарағанды облысы Абай ауданының № 2 аудандық соты;

      Қостанай облысы Қарасу ауданының № 2 аудандық соты;

      Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты;

      Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты;

      Павлодар облысының Павлодар аудандық соты;

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының № 2 аудандық соты;

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның № 2 аудандық соты;

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының № 2 аудандық соты;

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының № 3 аудандық соты;

      Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының № 2 аудандық соты;

      Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының № 2 аудандық соты;

      Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының № 2 аудандық соты.

      2. Судья қызметіне тағайындалсын:

Алматы қаласы бойынша:

Түрксіб аудандық сотына

Оспанбеков Асқар Кенжебекұлы;

Шымкент қаласы бойынша:

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына

Түсіпов Серғали Қалбайұлы;

Ақмола облысы бойынша:

Егіндікөл аудандық сотына

Қасқырбаев Секербай Айтошұлы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Ақтөбе облысы бойынша:

Ақтөбе гарнизонының әскери сотына

Қыдыралин Рүстем Қуандықұлы;

Мұғалжар аудандық сотына

Қонаева Жарқынай Амангелдіқызы

осы облыстың Мұғалжар ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Мұқанов Аслан Әбілғазыұлы

осы облыстың Мұғалжар ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Алматы облысы бойынша:

Панфилов аудандық сотына

Өтеуәлиев Ғани Сатылғанұлы;

Іле аудандық сотына

Бекбауова Назым Сембекқызы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Атырау облысы бойынша:

Атырау қалалық сотына

Сариев Данияр Қалыбайұлы

осы облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

Орал қаласының № 2 сотына

Ниязов Таймас Кеңесұлы

осы облыстың Теректі ауданы № 2

аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Теректі аудандық сотына

Ниязғалиев Ибрагим Қабылұлы

осы облыстың Теректі ауданы № 2

аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Жамбыл облысы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына

Байдәулетова Жанна Есболқызы

осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Қарағанды облысы бойынша:

Абай аудандық сотына

Жаманғарина Ардақ Аманкешқызы

осы облыстың Абай ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Оспанов Ерлан Советұы

осы облыстың Абай ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Қостанай облысы бойынша:

Жангелді аудандық сотына

Сәулен Нұргүл

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық

сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қостанай аудандық сотына

Төлеев Айнар Боратұлы

осы облыстың Қарасу ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Лисаков қалалық сотына

Кочубаев Асылхан Болатұлы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Рудный қалалық сотына

Жұмабаева Алтынай Сембайқызы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы № 3 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қызылорда облысы бойынша:

Сырдария аудандық сотына

Бралиев Дәурен Еркінұлы;

Маңғыстау облысы бойынша:

Жаңаөзен қалалық сотына

Қалауова Кенжекүл Мамытбекқызы

осы облыстың Жаңаөзен қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Павлодар облысы бойынша:

Екібастұз қалалық сотына

Нұрсұлтанова Дннара Қайыржанқызы

осы облыстың Екібастұз қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Серікпаев Елубай Мерденұлы

осы облыстың Екібастұз қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Павлодар қалалық сотына

Жанғазина Ғалия Шаметқызы

осы облыстың Павлодар аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотына

Марданов Серік Қамзеұлы

осы облыстың Павлодар аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Павлодар қаласының № 2 сотына

Сайран Әсемқоңыр Сайранқызы

осы облыстың Павлодар аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

Тайынша аудандық сотына

Әлнәзіров Қайрош Бейсекұлы

осы облыстың Тайынша ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Түркістан облысы бойынша:

Арыс аудандық сотына

Әшенов Нұрдәулет Төлебайұлы;

Келес аудандық сотына

Тұрымбекова Ажар Елбосынқызы;

Сайрам аудандық сотына

Қарақұлов Ермек Жаңабайұлы

осы облыстың Бәйдібек аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына

Елшібаева Айнұр Ақылбекқызы;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Алтай ауданының сотына

Байжүменова Әлия Амангелдіқызы

осы облыстың Ұлан ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Бородулиха аудандық сотына

Ахмеджанов Серікбосын Қалиханұлы

осы облыстың Ұлан ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Өскемен қалалық сотына

Байғұлина Ақнур Қайратқызы;

Шәкенова Жанар Ермұханбетқызы

осы облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Семей қалалық сотына

Көпбаев Шыңғыс Серікұлы.

      3. Атқаратын қызметінен босатылсын:

Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы

Бәрпібаев Тілектес Ешейұлы

орнынан түсуіне байланысты;

Ақмола облыстық сотының судьясы

Ертаева Роза Мырзақұлқызы

орнынан түсуіне байланысты;

Ақтөбе облыстық сотының судьясы

Ізтай Бағатай Жүсіпділлаұлы

орнынан түсуіне байланысты;

Атырау облыстық сотының судьясы

Сүлейменова Сандуғаш Сейілханқызы

қайтыс болуына байланысты;

Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы

Молышев Мақсат Қыйсамаденұлы

орнынан түсуіне байланысты;

Қарағанды облыстық сотының судьялары

Андаров Орман Қабыкенұлы

орнынан түсуіне байланысты;

Жақыпов Жұматай Қадетұлы

орнынан түсуіне байланысты;

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:

Есіл ауданы № 2 аудандық сотының судьясы

Дүйсембиев Қанат Қалжанұлы

кәсіптік жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтіні туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі бойынша;

Алматы қаласы бойынша:

Алмалы ауданы № 2 аудандық сотының судьясы

Досыбаева Сәуле Тілеубекқызы
өз тілегі бойынша;

Әуезов аудандық сотының судьясы

Сейдахметов Мақсат Қанымбекұлы
басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

Әуезов ауданы № 2 аудандық сотының судьясы

Жиреншин Әбіш Қазбекұлы
өз тілегі бойынша;

Бостандық ауданы № 2 аудандық сотының судьясы

Құдабаев Теміржан Әкімбайұлы
орнынан түсуіне байланысты;

Шымкент қаласы бойынша:

Қаратау аудандық сотының судьясы

Әмірбеков Момбек Сейітжапарұлы

орнынан түсуіне байланысты;

Ақмола облысы бойынша:

Қосшы қалалық сотының судьясы

Халмырзаев Мұрат Мәуленұлы

орнынан түсуіне байланысты;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

Орал қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы

Сисенғали Марат Қуандықұлы

зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;

Қарағанды облысы бойынша:

Қарағанды қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Бұлғақбаева Айгүл Құрмантайқызы

қайтыс болуына байланысты;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Құсбаева Индира Ахадқызы

орнынан түсуіне байланысты;

Қостанай облысы бойынша:

Қостанай қалалық сотының судьясы

Ерғалиев Алмаз Отарұлы

орнынан түсуіне байланысты;

Қызылорда облысы бойынша:

Шиелі аудандық сотының судьясы

Құрманбай Гүлнұр Құрманбайқызы

соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты;

Павлодар облысы бойынша:

Екібастұз қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы

Байсарин Бақтияр Болатұлы

соттың таратылуына және басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасудан бас тартуына байланысты.

      4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті      Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады