Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 маусымдағы № 908 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 366 Жарлығымен

      Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 05.10.2023 № 366 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Елден заңсыз жолмен шығарылған қаржы қаражатын Қазақстан Республикасына қайтару, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау, оларды мемлекетке қайтару мақсатында ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын:

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, төраға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары, төраға орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі.

      2. Ведомствоаралық комиссия бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Ведомствоаралық комиссия туралы ереже жобасын енгізсін.

      3. Ведомствоаралық комиссия атқарылған жұмыс туралы екі аптада бір рет баяндасын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылғын күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті      Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады