ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) осы Жарлықтан туындайтын шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 шілдедегі № 970 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, оларды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары болады.
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нышандары мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттікке уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Агенттіктің құрылымы мен жалпы штат санын Агенттік төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
9. Агенттіктің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Байқоңыр" ауданы, Сейфуллин көшесі, 37.
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Агенттіктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Агенттіктің кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілерде Агенттікке кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Агенттіктің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру және іске асыру;
2) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Қазақстан Республикасының Президентіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан, оның ішінде ақпараттық ресурстардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
өзге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге тарту;
сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметінің, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің практикасына талдау жүргізу;
іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелу;
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, нәрселерді немесе өзге де мүлікті алып қою немесе алуды жүргізу;
уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен пайдалану;
мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және оларда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiнде нұсқама енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті органдардан, лауазымды адамдардан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану, заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру, іс жүргізу барысында зерттеуді ұйымдастыру;
сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындау, оның тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды тұжырымдау және іске асыру;
ұстап алынған және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру;
Агенттіктің, оның аумақтық органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;
құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды, шағымдар мен өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау кезінде заңдылықты сақтау;
Агенттіктің құзыреті шегінде жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын, жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді және ашуды, олардың нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеуді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру;
жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу және қарау, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстап алу және қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге жол бермеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау;
Агенттіктің қару-жарағындағы қаруды, оқ-дәрілерді, арнаулы қорғау құралдарын есепке алу және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстық істерді, қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, сондай-ақ жедел есепке алу және жасырын тергеу әрекеттері істерін есепке алу және сақтау;
прокурорлық ден қою актілерін және сот актілерін қарау;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
іздестіріліп жатқан адамдардың тұрған жерін анықтау және оларды ұстап алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
Агенттіктің белгіленген құзыреті шегінде іздестіріліп жатқан адамдарды экстрадициялауды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және іске асыру;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
3) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүзеге асыру;
5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауына мониторинг жасау;
6) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөніндегі ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;
7) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік тәртібін айқындау;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібін айқындау;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және үйлестіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметін үйлестіру;
11) мемлекеттік және жекеше секторлардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау және сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтауға қажетті әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу;
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағартуды ұйымдастыру;
13) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру;
14) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау жөніндегі қызметін үйлестіру;
15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсіндіру қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жәрдемдесу және әдістемелік көмек көрсету;
17) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
18) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;
19) декларацияларда көрсетілген, жариялануға жататын мәліметтер тізбесін айқындау;
20) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
21) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы жыл сайын қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну;
22) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
23) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау;
24) жеке және заңды тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультация беру;
25) жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
26) жасырын тергеу әрекеттерін, жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнаулы және басқа да техникалық құралдарды қолдану;
27) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу;
28) басқа құқық қорғау және арнаулы органдардан, оның ішінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан келіп түсетін өтінішхаттар мен сұрау салуларды орындау;
29) мемлекеттік қорғалуға жататын адамдарды мемлекеттік қорғау жөнінде заңнамалық актілерде көзделген шараларды қабылдау;
30) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзгеше түрде жәрдем көрсеткен адамдарды көтермелеу;
31) іздестіріліп жатқан, тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынып жүрген адамдардың тұрған жерін анықтау және оларды ұстап алу;
32) мемлекет кірісіне айналдыру туралы ақпаратты, әдетте, кейіннен жариялай отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүліктің өткізілуіне мониторингті жүзеге асыру;
33) ведомстволық статистиканы қалыптастыру;
34) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
35) арнаулы мемлекеттік архивте архивтік құжаттарды жинауды (ие болуды), тұрақты сақтауды және пайдалануды жүзеге асыру;
36) Агенттіктің аумақтық органдарының қызметін бақылау, үйлестіру және бағалау;
37) Агенттіктің әкімшілік ғимараттарын күзету режимін және рұқсаттама режимін қамтамасыз ету;
38) Агенттіктің қару-жарағындағы қаруды, оқ-дәрілерді, арнаулы қорғау құралдарын есепке алу және олардың сақталуын бақылау;
39) бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше ахуалдар туындаған кезде жұмылдыру дайындығы, Агенттік жұмысының орнықтылығын арттыру;
40) мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету және құпиялылық режимінің сақталуын ведомстволық бақылау;
41) Агенттікте және оның аумақтық органдарында ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;
42) Агенттікке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді әзірлеу, құру, сатып алу, пайдалану және жаңғырту;
43) Агенттіктің бірыңғай кадр саясатын тұжырымдау және іске асыру;
44) Агенттіктің жеке құрамы арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, олардың алдын алу және жолын кесу;
45) Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функциялар.
3-тарау. Агенттік төрағасының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Агенттікке басшылықты Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
17. Агенттік төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары (бірінші орынбасары, орынбасарлары) болады.
19. Агенттік төрағасының өкілеттіктері:
1) Агенттіктің жұмысына басшылықты және қызметін үйлестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады, Агенттіктің аумақтық органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
2) Агенттіктің аппарат басшысының өкілеттіктерін айқындайды;
3) Агенттіктің атынан орындалуы міндетті құқықтық актілер, өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің, оның аумақтық органдарының қызметкерлерін (жұмыскерлерін) лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің, оның аумақтық органдарының қызметкерлеріне (жұмыскерлеріне) тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің және оның аумақтық органдарының қызметкерлеріне арнаулы атақтар береді;
7) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, оның аумақтық органдарының қызметкерлерін (жұмыскерлерін) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау және құрметті атақтарын беру туралы ұсынулар енгізеді;
8) қарамағындағы қызметкерлерге (жұмыскерлерге) нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жатқызылған мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік шараларды қабылдайды;
9) Агенттіктің аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
10) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының лимиті шегінде Агенттіктің аумақтық органдарының құрылымын бекітеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қатынастарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
12) Агенттіктің жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Агенттіктің төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды оны алмастыратын адам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
20. Агенттік төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
21. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4-тарау. Агенттіктің мүлкі
22. Заңнамада көзделген жағдайларда Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Агенттік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Агенттіктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
1) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
6) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесі;
7) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
8) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
9) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
10) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
11) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
12) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
13) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
14) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
15) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
16) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
17) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
18) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
19) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
20) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.