Қазақстан Республикасының кейбір соттарын құру және қайта атау және Қазақстан Республикасы соттарының кадр мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 973 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына, 10-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2, 8-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар:

      Абай, Жетісу, Ұлытау облыстық соттары;

      Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары;

      Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттары;

      Абай облысы Семей қаласының, Алматы облысы Қонаев қаласының және Ұлытау облысы Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу соттары;

      Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты;

      Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты құрылсын.

      2. Мыналар:

      Алматы облысы бойынша:

      Алматы облысының Қапшағай қалалық соты Алматы облысының Қонаев қалалық соты деп;

      Алматы облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;

      Алматы облысының № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты деп;

      Алматы облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жетісу облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;

      жаңадан құрылған Жетісу облысының аумақтық соттылығына жатқызылған Алматы облысының аудандық және оған теңестірілген соттары Жетісу облысының аудандық және оған теңестірілген соттары деп;

      Қарағанды облысы бойынша:

      Қарағанды облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;

      Қарағанды облысының № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты деп;

      жаңадан құрылған Ұлытау облысының аумақтық соттылығына жатқызылған Қарағанды облысының аудандық және оған теңестірілген соттары Ұлытау облысының аудандық және оған теңестірілген соттары деп;

      Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

      Шығыс Қазақстан облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;

      Шығыс Қазақстан облысының № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты деп;

      Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аудандық соты Абай облысының Ақсуат аудандық соты деп;

      жаңадан құрылған Абай облысының аумақтық соттылығына жатқызылған Шығыс Қазақстан облысының аудандық және оған теңестірілген соттары Абай облысының аудандық және оған теңестірілген соттары деп;

      Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;

      Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының № 2 аудандық соты Шығыс Қазақстан облысының Самар аудандық соты деп;

      Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының № 2 аудандық соты Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аудандық соты деп аталсын.

      3. Судья қызметіне:

Абай облыстық сотына

Әбдуалиева Назгүл Саттарқызы
Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Байжұманова Раушангүл Зәкиқызы
Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Бекішева Күлпән Әбдірахманқызы
Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Берікболов Ернар Бұқарбайұлы
Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Данняров Талғат Тоқтарұлы
Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Жұмақсанов Елдос Шағанұлы
Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Исмағұлов Айкен Ермұқанұлы
Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Қайырбаева Лаура Еркінқызы
Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Қалымова Қарлығаш Қабидоллақызы
Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Манжуева Шолпан Серікбекқызы
Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Тайтөлеуов Бауыржан Қабыкенұлы
Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Төбелбасова Құралай Асқарбекқызы
Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Жетісу облыстық сотына

Аханова Жанар Әзелқызы
Алматы облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Әбділдин Ерлан Әукенұлы
Алматы облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Жүрханов Айдын Елемесұлы
Алматы облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Иманханов Қайрат Мәметайұлы
Алматы облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Құлбеков Арман Шәріпұлы
Алматы облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Темірәлиева Ақмарал Сәбитқызы
Алматы облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Ұлытау облыстық сотына

Әлкеев Қайырден Сәбиғоллаұлы
Қарағанды облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Шайқамалов Қанат Жандарбекұлы
Қарағанды облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Абай облысы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына

Ерғалиева Әлия Төлеуғалиқызы
Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Майжанова Айнұр Мұхаметқанқызы
Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Молдағожина Айтжамал Темірханқызы
Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Семей қаласының мамандандырылған тергеу сотына

Ахметова Анар Темірғазықызы
осы облыстың Семей қаласы № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Жетісу облысы бойынша:

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына

Арыстанбеков Жарас Себжанұлы
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Бақытов Әділет Бақытұлы
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына

Башенова Гүлсұлу Мырзағалиқызы
Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Ибрагимова Жанар Мұхадиқызы
Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Сәдуақасова Маржан Маратқызы
Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Ұлытау облысы бойынша:

Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына

Есібаева Роза Мұхамедқызы
осы облыстың Жезқазған қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

      4. Қайта аталатын соттардың төрағалары мен судьялары қайта аталған соттардың төрағалары мен судьялары болып есептелсін.

      5. Мыналар:

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Абай облысы бойьшша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жетісу облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ұлытау облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      6. Күші жойылды – ҚР Президентінің 19.01.2023 № 106 Жарлығымен.

      7. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады