"Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1006 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 1006 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 20 ақпандағы
№ 515 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      Агенттік өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес.

      2. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесі бар.

      3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Агенттік, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 10.

      10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен агенттіктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Агенттіктің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл салаларында бірыңғай ақпараттық жүйе құру және республикалық деректер базасын жүргізу;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

      5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдардың осы бағыттағы қызметін үйлестіру;

      6) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;

      7) Агенттіктің жүргізуіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында және Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      сұрау салу бойынша немесе дербес шет мемлекеттің құзыретті органымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ақпаратпен, мәліметтермен және құжаттармен алмасу;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, қаржы мониторингі саласында сараптама жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды әзірлеу, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелерді құру үшін ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген мамандарды жұмысқа, оның ішінде шарттық негізде тарту;

      тиісті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу немесе бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама жіберу;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен бірлесіп қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ақпаратпен, мәліметтермен және құжаттармен алмасу әрі оларды беру жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындау;

      өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының және өзге де мемлекеттік органдарының үйлестіру кеңестерінің, ведомствоаралық комиссияларының, жұмыс және сараптама топтарының жұмысына қатысу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен криминалистік зерттеулер жүргізу;

      Агенттікке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру, сатып алу, пайдалану және жаңғырту;

      Агенттіктің өкілеттіктері шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген процестік әрекеттерді жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңдарында және Президенттің актілерінде айқындалған тәртіппен уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизия, аудит және тексерулер жүргізуді талап ету;

      қаржы мониторингі субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы қажетті ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды сұрату;

      Агенттік анықтайтын тәртіп пен мерзімде заңды тұлғалардан және заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымдардан бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды сұрату;

      күдікті операцияның белгілері анықталған жағдайда ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды үш жұмыс күніне дейінгі мерзімде тоқтата тұру туралы шешім шығару;

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалану;

      2) міндеттері:

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;

      өз қызметін атқару барысында алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және сақталуын қамтамасыз ету;

      қаржы мониторингін жүзеге асыру процесінде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      Агенттіктің қызметіне талдау жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      15. Функциялары:

      1) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыру;

      2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында алынған ақпаратты талдауды белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;

      3) мемлекеттік органдардың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіру;

      4) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпарат беру;

      5) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, терроризмді қаржыландыруға бағытталған деп пайымдауға негіз бар күдікті операциялар бойынша, оларды тоқтата тұру қажеттігі туралы шешімдер ұсынған құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарын банк шоттары бойынша шығыс операциялады тоқтата тұру туралы хабардар ету;

      6) жеке, заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымдардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына құзыретіне сәйкес ақпарат жіберу және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарлау;

      7) Заңға сәйкес берілген ақпарат бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

      9) республикалық деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірлігі мен келісілген жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      10) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

      11) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпарат негізінде қолдану практикасын қорыту, сондай-ақ оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеп, енгізу;

      12) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделеу;

      13) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      14) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және өзге де жұмыс топтарының қызметіне белгіленген тәртіппен қатысу;

      15) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Заңда айқындалған қаржы мониторингі субъектілері хабарламаларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      16) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Заңда айқындалған қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

      17) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалау жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру және кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыру;

      18) Заңға сәйкес қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      20) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, қоғамды Агенттіктің қызметіне қатысты хабардар ету, соның ішінде оның қызметі туралы ресми мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      21) өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдармен, мекемелермен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің тиісті органдарымен экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      22) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз ету;

      23) ақпараттандыру объектілерін сақтауға, Агенттіктің қызметінде оларға заңсыз және (немесе) әдейі емес қол жеткізуді және (немесе) ықпал етуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру;

      24) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      25) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және шешім қабылдау;

      26) қаржы мониторингі субъектілері үшін олардың қызметінің өзгешелігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, өз құзыреті шегінде нұсқаулықтар, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және бекіту;

      27) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;

      28) өз құзыреті шегінде қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісім бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру тәртібін және күдікті операцияны анықтайтын белгілерді айқындау;

      29) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен қылмыстық жазасын өтеген жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдар тізбесінен алып тастау туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қорытынды дайындау тәртібін айқындау;

      30) қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындау;

      31) өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға қаражат төлеу тәртібін айқындау;

      32) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдардың өз ақпараттық жүйесінен және ресурсынан мәліметтер ұсыну тәртібін айқындау;

      33) Қазақстан Республикасының сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органы мен Бас прокуратурасының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды беру тәртібін айқындау;

      34) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамдардың, олардың жұбайлары мен жақын туыстарының тізімін жүргізу;

      35) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан ұйымдар мен жеке тұлғалар қызметін талдау және мониторинг жүргізу туралы ақпаратты ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар мен практиканы қорыту;

      36) Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3-тарау. Агенттік Төрағасының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Агенттікті басқаруды Агенттік Төрағасы жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болды.

      17. Агенттіктің Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Агенттік Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын үш орынбасары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.

      19. Агенттік Төрағасының өкілеттіктері:

      1) Агенттіктің қызметін ұйымдастырады және жұмысына басшылық жасау мен қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, Агенттіктің аумақтық органдарының және мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

      2) Агенттік атынан орындалуы міндетті құқықтық актілер, өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің қызметкерлерін (жұмыскерлерін), оның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің қызметкерлеріне (жұмыскерлеріне), оның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарларына, сондай-ақ мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің басшысына тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік және оның аумақтық органдары қызметкерлеріне біліктілік санаттарын белгілейді;

      6) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, оның аумақтық органдарының және мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін (жұмыскерлерін) мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға жоғары біліктілік сыныбын беру туралы ұсынымдар енгізеді;

      7) қарамағындағы қызметкерлерге (жұмыскерлерге) нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жатқызылған функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік шараларды қабылдайды;

      8) Агенттіктің аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесі туралы ережелерді бекітеді;

      9) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының лимиті шегінде Агенттіктің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Агенттік атынан өкілдік етеді;

      11) Агенттіктің жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Агенттік Төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Агенттіктің Төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

      21. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4-тарау. Агенттіктің мүлкі

      22. Агенттіктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Агенттіктің аумақтық органдарының – мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      4) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      5) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      6) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      7) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      8) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      9) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      10) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      11) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      12) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      13) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      14) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      15) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      16) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      17) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      18) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      19) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      20) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті.

Агенттіктің мамандандырылған мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады