Қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 1038 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржылық мониторингті дамытудың 2022- 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.

      2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):

      1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

      2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 6 қазандағы
№ 1038 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Астана қ., 2022 жыл

МАЗМҰНЫ

      1-бөлім. Тұжырымдаманың паспорты

      2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау

      3-бөлім. Халықаралық тәжірибені шолу

      4-бөлім. Қаржылық мониторингті дамыту пайымы

      5-бөлім. Қаржылық мониторингті дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

      6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

      7-бөлім. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (қосымша)

1-бөлім. Тұжырымдаманың паспорты

Атауы

Қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы (2021 жылғы 11 желтоқсандағы № 21-5006 қарар)

Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

Іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар және ұйымдар

АҚЦМ, ӘдМ, БҒМ, БҚДА, БП, ҒЖБМ, ЕХӘҚМ ДСМ, ЖС, Қаржымині, ҚМА, ҚНРДА, ҰСБ, СЖРА, МҚІА, МСМ, СЖҚА, СІМ, ҰБ, ҰҚК, ҰЭМ, ЦДИАӨМ, ІІМ

Іске асыру мерзімдері

2022-2026 жылдар

2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау

      2.1. Қол жеткізілген нәтижелер

      Әлемдік қоғам терроризмді қаржыландыру мен қылмыстық кірістерді заңдастыруды трансұлттық сипаты бар және мемлекет құрылысының тіршілігін бұза алатын жаһандық проблемалар деп таниды.

      Терроризм актілері саяси, аумақтық және ұлттық сипаттағы аса ауқымды қақтығыстарды тудыруы мүмкін. Өз кезегінде, қылмыстық кірістерді жылыстату адал бәсекелестікке теріс әсер етіп және көлеңкелі экономиканың көлемін арттыра отырып, мемлекеттің экономикалық мүдделеріне зиян келтіреді.

      Оның үстіне, пайдакүнемдік себеп қылмыстық әрекеттердің басым көпшілігінің себептік факторы болып табылады, бұл күш-жігерді кірістердің заңдастырылуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға бағыттаудың басты екенін айқындайды.

      Осыған байланысты, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі - КЖ/ТҚҚІ) аса өзекті міндетке айналып, барлық мемлекеттер тарапынан ұлттық, сондай-ақ халықаралық деңгейлерде ұжымдық және пәрменді шаралар қабылдау қажеттігін негіздейді.

      Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында орнықты КЖ/ТҚҚІ жүйесі қалыптасты.

      Ол КЖ/ТҚҚІ саласындағы мемлекеттік саясатты қаржылық мониторинг субъектілерімен өзара іс-қимыл мен өзара байланыс жасаса отырып, іске асыратын мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен арнаулы органдардың жиынтығын қамтиды.

      Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚІ жүйесінің қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады.

      Бірінші кезең (2000-2008 жылдар).

      2005 жылғы 29 шілдедегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарымен Біріккен Ұлттар Ұйымына (бұдан әрі - БҰҰ) мүше барлық елдерге Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі - ФАТФ) ұсынымдарын орындау жөнінде нұсқама берілді.

      Осы ұсынымдарды іске асыру үшін қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жеке түрі - заңсыз жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) криминалдандырылды.

      2002 жылғы Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес 5 қыркүйектегі, 2008 жылғы 4 мамырдағы БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы және

      2008 жылғы 4 маусымдағы БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес туралы конвенциялары ратификацияланды.

      2004 жылы Қазақстан экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қаржылық тұрақтылық қатерлеріне жол бермеу мақсатында ФАТФ-ның өңірлік тобы - Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топтың (бұдан әрі - ЕАТ) құрылтайшыларының бірі болды.

      Оның негізгі қызмет бағыттары өңірлік деңгейдегі тиімді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету, сондай-ақ ЕАТ-қа мүше мемлекеттер деңгейінде халықаралық КЖ/ТҚҚІ жүйесіне интеграциялану болып табылады.

      Екінші кезең (2008-2020 жылдар).

      2008 жылы елдерді КЖ/ТҚҚІ саласындағы ақпаратты жинау, талдау және тарату үшін ұлттық орталық ретінде қызмет ететін бөлімшені құруға міндеттейтін халықаралық актілердің ережелерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамында Қаржы мониторинг комитеті түрінде қаржылық барлау бөлімшесі құрылды (әлемнің 163 елінде осындай органдар құрылған).

      2009 жылы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - КЖ/ТҚҚІ туралы заң) қабылданды, ол КЖ/ТҚҚІ саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың құқықтық негізін қалады.

      Онда мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, сондай-ақ қаржылық мониторинг субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау негіздері мен өкілеттіктерінің шеңбері айқындалып, базалық ұғымдар енгізілді.

      Мұнымен бір мезгілде халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына жауап беретін қаржылық мониторинг субъектілерінің деректерін жинау мен өңдеудің бірегей ақпараттық жүйесі құрылды.

      Мемлекеттік органдар арасында, сондай-ақ жақын және алыс шет елдермен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.

      2011 жылы Қазақстан "Эгмонт" қаржылық барлау бөлімшелері тобының толыққанды мүшесі болды, бұл шет мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерімен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырды.

      Әлемнің 100-ден астам қаржылық барлау бөлімшелерімен белсенді ақпарат алмасу басталды.

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг комитетінің үйлестіруімен КЖ/ТҚҚІ жүйесі ЕАТ-тың бірінші өзара бағалауынан ойдағыдай өтті.

      БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарларының негіз қалаушы нормаларын және қаржылық барлау бөлімшесінің қызметі, құқық қорғау органдарының өкілеттіктері мен міндеттері, халықаралық ынтымақтастық және өзара құқықтық көмек көрсету мен экстрадициялау мәселелері, сондай-ақ тәркілеу шараларын қамтамасыз ету бөлігінде ФАТФ стандарттарын іске асыру Қазақстанға ФАТФ-ның 40 ұсынымының 24-і бойынша "елеулі түрде сәйкестік" және "ішінара сәйкестік" рейтингтерін алуына мүмкіндік берді.

      Өзара бағалаудың қорытындылары бойынша Қазақстанға ФАТФ ұсынымдары мен КЖ/ТҚҚІ жүйесін техникалық сәйкестік тұрғысынан тиімділігі бойынша елеулі кемшіліктері жоқ, ЕАТ-қа мүше барлық мемлекеттерге қолданылатын мониторинг тетігі - "стандартты мониторинг" рәсімі қолданылды.

      Өзара бағалау қорытындылары бойынша ЕАТ сарапшылары тұжырымдаған ұсынымдар КЖ/ТҚҚІ саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру жөніндегі шараларға негіз болды.

      КЖ/ТҚҚІ саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шараларды тұжырымдау, олардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды үйлестіру мақсатында Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылды.

      КЖ/ТҚҚІ туралы ұлттық заңнамаға тұжырымдамалық түзетулер еңгізілді: қаржылық мониторинг субъектілерінің төрт түрі (риэлторлар, заңгерлер, лизингтер, бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер) үшін реттеуші-мемлекеттік орган айқындалды;

      КЖ/ТҚҚІ туралы Заңның талаптарын сақтамағаны үшін барлық қаржылық мониторинг субъектілерінің жауапкершілігі күшейтілді;

      тәркіленген мүлікті есепке алуға және пайдалануға және осындай мүлік қорын құруға жауапты мемлекеттік орган айқындалды;

      қаржылық бақылау органдары мен құқық қорғау органдары арасында шетелдік құзыретті органдармен КЖ/ТҚҚІ саласында ақпарат алмасу бөлігінде халықаралық ынтымақтастық күшейтілді;

      көпке белгілі лауазымды тұлғалардың операциялары қаржылық мониторингке жатқызыла бастады.

      2014 жылы Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі - ТМД) қатысушы мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелері басшыларының кеңесіне кірді.

      2018 жылы кірістерді жылыстату мен терроризмді қаржыландыру (бұдан әрі - КЖ/ТҚ) тәуекелдеріне алғашқы ұлттық бағалаудың жүргізілуі де осы кезеңнің ерекшелігі болып табылады, оның қорытындысы бойынша КЖ/ТҚ-нің негізгі тәуекелдері және ұлттық КЖ/ТҚҚІ жүйесінің осал тұстары айқындалды және барынша азайтылды.

      Үшінші кезең (2021 жылдан бастап қазіргі таңға дейін).

      Тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін орган - Қаржылық мониторинг агенттігін (бұдан әрі - Агенттік) құру арқылы қаржылық барлау бөлімшесінің мәртебесі арттырылды.

      Осы органда қаржылық мониторинг, сондай-ақ экономикалық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеп-тексеру жөніндегі функцияларды біріктіру оның өзіне тән ерекшелігі болып табылады.

      Мұндай синергия жүргізіліп жатқан талдамалық жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыра түсті, жұмыстың акцентін алдын алу тұрғысынан да, салдармен күресу тұрғысынан да ауыстыруға мүмкіндік берді.

      Бүгінгі күні қаржылық барлау бөлімшесі қаржы институттары, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен уәкілетті органдар қызметінің тоғысқан тұсында бола отырып, КЖ/ТҚҚІ жүйесінде бірегей жағдайға ие болып отыр.

      Бірінші деңгейде қаржылық мониторинг субъектілері өз клиенттерінің мүдделері үшін өздері жүзеге асыратын қаржылық операциялардың жалпы массасының арасынан Заңда белгіленген өлшемшарттарға жататын күдікті операциялар мен мәмілелерді анықтайды, олар туралы арнаулы хабарларды қалыптастырады және қаржылық барлау бөлімшесіне жібереді.

      Қаржылық мониторингтің әрбір субъектісіне оның қызметін бақылауды жүзеге асыратын реттеуші-мемлекеттік орган бекітілген.

      Екінші деңгейде қаржылық барлау бөлімшесі күдікті қаржы операциялары туралы алынған мәліметтерге өңдеу және егжей-тегжейлі талдау жүргізеді, қосымша ақпарат, оның ішінде қаржылық мониторинг субъектілерінің өзінен және әртүрлі мемлекеттік органдардан сұратылады.

      Қаржылық мониторинг субъектілері ұсынған мәліметтерде қылмыстық кірістерді жылыстату немесе терроризмді қаржыландыру белгілерінің бар немесе жоқ екені туралы қорытынды осындай талдаудың нәтижесі болып табылады, ол тексеру іс-шараларын ұйымдастыру үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі.

      Үшінші деңгейде құқық қорғау органдары тексеру іс-шараларын жүргізеді, олардың нәтижелері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылданады.

      2021 жылы КЖ/ТҚ тәуекелдеріне екінші ұлттық бағалау жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша негізгі тәуекелдер, қатерлер мен осалдықтар анықталды.

      Қылмыстық-құқықтық статистиканы талдау Қазақстан Республикасында КЖ/ТҚ жоғары тәуекелі бар қылмыстар мыналар болып табылатынын көрсетті: салық қылмыстары, заңсыз экономикалық қызмет, сыбайлас жемқорлық, бюджет қаражатын ұрлау, алаяқтық және есірткі құралдарының заңсыз айналымы.

      КЖ/ТҚ жоғары тәуекелі банк секторына, микроқаржы ұйымдарының секторына, сондай-ақ ойын бизнесіне берілді.

      Тәуекелдерді ұлттық бағалау қорытындылары бойынша КЖ/ТҚ жүйесінің барлық қатысушылары анықталған тәуекелдер мен осалдықтарды азайтуға бағытталған шараларды іске асырады.

      Жалпы, 2019 - 2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасындағы КЖ/ТҚҚІ жүйесінің даму жағдайының серпіні оң нәтижелерді көрсетуде.

      КЖ/ТҚҚІ жүйесі қамтыған қаржылық мониторинг субъектілерінің саны 6 мыңнан 9 мыңға дейін өсті, оның ішінде қаржылық сектордан 2 мың субъекті, қаржылық емес сектордан 7 мың субъекті бар. Осылайша, қаржылық мониторинг субъектілерінің КЖ/ТҚҚІ жөніндегі уәкілетті органмен ынтымақтасу деңгейі 50%-ға өсті.

      Көрсетілген кезеңде қаржылық мониторинг субъектілерінен күдікті және шекті операциялар туралы 5 млн. астам хабар келіп түсті. Бұл ретте, хабарлардың 99%-ын қаржылық сектор жолдады.

      2 132 талдамалық материал құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға жолданды.

      Талдамалық жұмысты жетілдіру бойынша кешенді шаралар қабылдаудың нәтижесінде құқық қорғау органдарының қаржылық барлау бөлімшесінің материалдарын пайдалану тиімділігі 43,6%-дан 64%-ға артты.

      Қаржылық барлау бөлімшесі мен құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар арасында жіберілетін сұрау салулар бойынша өзара іс-қимыл рәсімі оңайлатылды. Қатарлас қаржылық тергеп-тексерулерді енгізу бойынша жұмыс басталды.

      Осыған байланысты, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату бойынша құқық бұзушылықтарды тіркеудің 2019 жылғы 42-ден 2021 жылы 56-ға дейін (33%-ға) ұлғайғаны байқалады.

      Базель басқару институтының кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық индексінде Қазақстан көрсеткіштерінің 2019 жылғы 6,27 баллдан 2021 жылы 4,87 баллға дейін жақсару үрдісі КЖ/ТҚҚІ жүйесінің тұрақты түрде жетілдіріліп жатқанын көрсетеді.

      2.2. Түйінді проблемалар мен үрдістер

      Жүргізіліп жатқан реформаларға қарамастан, жүйелі проблемалар сақталуда, оларға мыналарды жатқызуға болады:

      1) КЖ/ТҚҚІ саласындағы жетілмеген ақпараттық жұмыс және оқыту жүйесі;

      2) нормативтік құқықтық базаның жетілмегендігі;

      3) талдамалық жұмыс тәсілдерінің жетілмегендігі;

      4) деректерді талдау процестерін автоматтандырудың жеткіліксіздігі;

      5) қылмыстық кірістерді жылыстатуда және терроризмді қаржыландыруда сандық активтерді пайдалану тәуекелі;

      6) қылмыстық жолмен алынған кірістерді анықтау және қайтару мәселелеріне жеткіліксіз назар аудару.

      КЖ/ТҚҚІ саласындағы жетілдірілмеген ақпараттың жұмыс пен оқыту жүйесі

      Еуропа Кеңесінің Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес шараларын бағалау жөніндегі сарапшылар комитеті сенімді КЖ/ТҚҚІ жүйесін құрудың негізгі элементтерінің бірі оның қатысушыларын үздіксіз оқыту болып табылады деп атап көрсетеді.

      КЖ/ТҚҚІ-нің құқық қорғау органдары мен қаржылық сектор үшін басым міндеттердің бірі болып табылатынына қарамастан, КЖ/ТҚҚІ мәселелері "тар бағытты" сипатқа ие және көп жағдайда қаржылық барлау бөлімшесіне қажет деген қате таптаурын қалыптасқан.

      Сонымен бір мезгілде халықаралық тәжірибе кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру схемаларына тыныс-тіршіліктің түрлі салаларындағы барлық дерлік қаржылық мониторинг субъектілерінің (бухгалтерлер, адвокаттар, нотариустар, риэлторлар, компанияның басқарушылары және т.б.) тартылуы мүмкін екенін көрсетеді.

      Ақпараттық жұмыстың жеткіліксіздігі және КЖ/ТҚҚІ мен қаржылық қауіпсіздік негіздерін жүйелі оқытудың жоқтығы жағдайды ушықтыра түсуде.

      Түрлі жас топтарына бейімделген КЖ/ТҚ тәуекелдері тұрғысындағы қаржылық қауіпсіздік жөніндегі ақпарат азаматтардың назарына жеткізілмейді.

      Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстанда КЖ/ТҚ мамандарын даярлаумен айналасатын бірыңғай білім беру орталығы жоқ екенін атап өту қажет.

      Өз кезегінде, қолданыстағы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен арнаулы органдарды оқыту практикасы біржолғы тақырыптық тренингтер мен семинарлар өткізуге тіреледі. Мұндай тәсілдің тиімділігін тұрақтылықтың жоқтығы және кадрлардың тұрақтамауы жуып-шайып жібереді.

      Оның үстіне, жоғары оқу орындарында тиісті пәндер мен сабақтар көзделмеген. Бұл кадр резервіне одан әрі іріктеу үшін даярланған кандидаттар пулын қалыптастыруды қиындатады.

      2022 жылғы 30 мамырда Ташкент қаласында өткен ЕАТ-тың 36-шы Пленарлық отырысы барысында ЕАТ-тың өзара бағалау және құқықтық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы өзара бағалау жүргізу үшін білікті сарапшы-бағалаушылар мен рецензенттерді беруге қатысты делегациялардың белсенділігінің жеткіліксіздігін атап өтті. Бұл кейбір мүше мемлекеттердің өзара бағалау процестеріне сирек қатысатындығына немесе мүлдем қатыспауына әкеледі.

      Сарапшылардың өзара бағалауға қатысуға дайын болмауының ең көп таралған себебі - ФАТФ стандарттарын тайыз білушілігі болып табылады. Сондықтан стандарттар бойынша алдын ала оқудан өту (сарапшы-бағалаушылар үшін оқытуға дейін) ЕАТ-тың міндетті талабы болады.

      Нормативтік құқықтық базаның жетілмегендігі

      Қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың дамыған жүйесі институционалдық және заңнамалық шаралардан тұрады.

      Белгілі болғандай, құқықтық мемлекетте тиімді заңнама әртүрлі қоғамдық қауіпті құбылыстармен, соның ішінде қылмыстық қаражатты заңдастырумен және терроризмді қаржыландырумен күрестің ең маңызды шарты болып табылады.

      Жеткілікті жоғары реттеушілік тиімділігіне қарамастан, КЖ/ ТҚҚІ туралы заңда құқық қолдану практикасы барысында анықталған кемшіліктер сақталып қалуда, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1617 Қарарына сәйкес міндетті болып табылатын ФАТФ-тың жекелеген халықаралық ұсынымдарына сәйкес келмейді.

      Атап айтқанда, қаржылық мониторинг субъектілерінің, өзге де ұйымдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері КЖ/ТҚҚІ туралы Заңның әртүрлі баптарында қамтылған, бұл, әрине, нормативтік құқықтық актінің ережелерін қабылдауды және тиісінше, оны сақтауды қиындатады.

      Бұдан басқа, Халықаралық қаржы институты "Қаржылық қылмыстарға қарсы күрестің халықаралық жүйесі" атты сараптамалық есебінде халықаралық стандарттарды дәйексіз қолдану кірістерді жылыстату мақсатында пайдаланылуы мүмкін "саңылаулардың" пайда болуына алып келетінін көрсетті.

      Әлеуетті оң әсерлерге қол жеткізуге кедергі келтіретін себеп анықталған тәуекелдерді ескере отырып, КЖ/ТҚҚІ ұлттық жүйесін дамытудың негізгі пайымын айқындайтын стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың болмауы болып табылады.

      Талдамалық жұмыс тәсілдерінің жетілмегендігі

      Қаржылық мониторинг субъектілерінің тәуекелдерді сәйкестендіру мен барынша азайта білу қабілеті ҚЖ/ТҚҚІ жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етудің шешуші факторы болып табылады.

      Ағымдағы тек күдікті немесе шекті операциялар туралы хабар жіберу практикасы қаржылық мониторинг субъектілерінің әлеуетін барынша пайдалануға мүмкіндік бермейді.

      Алайда бір ғана операцияны бағалау күдік туғызбауы мүмкін, ал байланысқан транзакциялар сериясы және адамдар мен ұйымдар қызметінің толық картинасы кірістерді жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қатысы бар екендігі туралы неғұрлым жан-жақты әрі толық тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.

      Қаржылық мониторинг субъектілерінің әрбір хабары бойынша қабылданған шешім туралы хабарлау түрінде тиісті кері байланыстың болмауы да жіберілетін ақпараттың сапасына әсер етеді.

      Қаржылық мониторинг субъектілері өздері жіберетін хабарлардың пайдалы болғанын толық бағалай алмайды. Кері байланыстың болмауы да өздерінің күдікті операцияларды анықтау және жіберілетін хабарламалардың сапасын арттыру тәсілдерін жетілдіре алмайды.

      Мұндай мән-жайларда қаржылық мониторинг субъектілерінің ресурстары қаржылық барлау бөлімшелері мен құқық қорғау органдары үшін барынша қызығушылық туғызатын тәуекелдерді неғұрлым терең талдауға емес, хабарларды дайындауға шоғырланады.

      Деректерді талдау процестерінің жеткілікті түрде автоматтандырылмауы

      КЖ/ТҚҚІ саласындағы тәуекелдерді басқаруда қаржылық мониторингке қатысушылар арасында жолға қойылған өзара іс-қимыл мен тиімді ақпарат алмасу жүйесі негізгі рөл атқарады.

      Бүгінгі күні Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай ақпараттың талдамалық жүйесі (бұдан әрі - БАТЖ) Әділет және Қаржы министрліктерінің дерекқорларына (заңды және жеке тұлғалар, жеке шоттар туралы мәліметтер және т.б.) интеграцияланған. Бұл ретте ақпаратты жинау, өңдеу процесі ішінара автоматтандырылған және "сұрау-жауап" режимінде жүзеге асырылады. Қаржылық барлау бөлімшесі талдауға қажетті өзге мәліметтерді (салық есептілігі, жария лауазымды адамдар, мүлік және т.б. жөніндегі мәліметтерді) сұрау салу негізінде интеграциядан тыс алады. Бұл жұмыс тиімділігіне әсер етеді, өйткені толық және сапалы талдау үшін КЖ/ТҚ схемаларын анықтауға мүмкіндік беретін үлкен деректер массиві болуы қажет.

      БАТЖ-ны интеграциялаудың ағымдағы жай-күйі кезінде ақпарат алу үшін уақыт талап етіледі және оны өңдеу кезінде талдаушылардың қолмен атқарылатын еңбегі сақталуда.

      Ашық көздерден алынатын үлкен деректерді талдаудың қажетті құралдары жоқ.

      Жедел ақпарат алмасудың осыған ұқсас проблемалары реттеуші-мемлекеттік органдар мен қаржылық мониторинг субъектілерінің арасында да байқалады.

      КЖ/ТҚҚІ жүйесі субъектілерінің бірыңғай порталының қолданыстағы функционалы КЖ/ТҚҚІ жүйесіне қатысушылар арасында жедел ақпарат пен мәліметтер алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

      Атап айтқанда, мемлекеттік органдар бақылаудағы қаржылық мониторинг субъектілерінің қызметіне талдауды өздерінің сұрау салуларына жауап ретінде ұсынылған мәліметтер негізінде жүзеге асырады.

      Мұндай тәсілдің уақыт жұмсауды талап ететін сипаты бар және ол бақылаудағы субъектілер КЖ/ТҚҚІ саласындағы заңнаманың талаптарын бұзған кезде мемлекеттік органдардың алдын ала ықпал ету шараларын уақтылы қабылдамау тәуекелін тудырады.

      Өз кезегінде қаржылық мониторинг субъектілеріне реттеуші-мемлекеттік органның ағымдағы қызметтегі түсіндіруді немесе әдіснамалық қолдауды талап ететін мәселелерге жедел ден қойғаны қажет.

      Қылмыстың кірістерді жылыстатуда және терроризмді қаржыландыруда цифрлық активтерді пайдалану тәуекелдері

      Әлемде цифрлық активтер нарығының қарқынды өсуі байқалады. Қазақстан азаматтары криптовалюталар саудасын жүзеге асыратын интернет-платформалардың белсенді пайдаланушылары болып табылады.

      Базель басқару институтының "Азиядағы және одан тыс жерлердегі криптовалюталар: заңнама, реттеу және құқық қолдану" атты есебіне сәйкес 2021 жылы Қазақстан криптовалютаның майнингі көлемі жөнінен әлемде екінші орынға ие болды.

      Дегенмен, цифрлық активтерді және миксерлер мен жөнелтушілер, алушылар және сомалар туралы деректер мүлдем жария етілмейтін хаттамалар сияқты құралдарды пайдалану осындай қаржылық операциялардың толық мониторингін жүзеге асырудың мүмкін болмауына алып келеді.

      Цифрлық активтермен операцияларға барлық қатысушыларды анонимсіздендіруге мүмкіндік беретін тәсілдердің болмауы қазіргі жаһандық КЖ/ТҚҚІ жүйесі үшін сын-қатер болып табылады және оны жетілдіру қажеттігін негіздейді.

      Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына тыйым салынған. "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі - АХҚО) ерекше құқықтық режимі шеңберіндегі қамтамасыз етілмеген активтердің айналымы осындай айналым болып табылады және "FinTechRules" қаржылық технологиялар қағидаларымен реттеледі.

      АХҚО криптобиржаларды құру және олардың жұмыс істеуі үшін теңгерімді реттеушілік жағдайларды қалыптастыру мақсатында қаржы орталығының алаңында қазақстандық банктермен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасаса отырып, криптобиржалардың жұмыс істеуі жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру бойынша іс-шараларды жүргізуде, олардағы мәселелердің бірі АХҚО-ның криптобиржалары үшін банктік шоттар ашу мүмкіндігі болып табылады.

      "Сһаіnalysis" компаниясының есептеріне сәйкес, 2021 жылы криптовалютаның жаһандық енгізілуі негізінен Р2Р-трейдингтің (сатып алушы мен сатушы қаражатты бір-бірімен тікелей алмасатын жеке тұлғалар арасындағы мәміле нысаны) арқасында 880%-ға өскен.

      Қазіргі таңда виртуалды активтердің барлығы анонимді емес. Көптеген криптовалюталық биржалар және айырбастау сервистері цифрлық жүйелермен жұмыс істеу үшін дербестелген шот ашуды талап етеді. Алайда, олардың эксаумақтылығы бұл әлеуетті пайдалануға мүмкіндік бермейді.

      Өз кезегінде цифрлық активтердің анонимді сипаты оларды құқыққа қарсы әрекет, оның ішінде кірістерді жылыстату, терроризмді қаржыландыру, есірткі және қару саудасы, сыбайлас жемқорлық, қаражатты шетелге заңсыз шығару және т.б. шеңберінде төлемдер жүргізу үшін пайдаланудың жоғары тәуекелін тудырады.

      "Ақпараттандыру туралы" Заңның нормаларында белгіленген Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына тыйым салуға қарамастан, оны бұзғаны үшін жауаптылық көзделмеген.

      Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, ақшаны алып қоюдың, есепке алудың, сақтаудың, беру мен жоюдың қолданыстағы тәртібі цифрлық активтерге байланысты ерекшеліктерді көздемейді.

      Қылмыстық істерді тергеп-тексеру шеңберінде цифрлық активтерді алып қою, есепке алу, сақтау, беру құралдары жоқ.

      Сонымен қатар, цифрлық активтердің жаһандық сипатына және әртүрлі елдердегі реттеудегі айырмашылықтарға байланысты, операциялардың неғұрлым бейтарап реттеуші режимі бар юрисдикцияға ауысу қаупі туындайды.

      Қылмыстың жолмен алынған кірістерді анықтау және қайтару мәселелеріне жеткілікті түрде назар аудармау

      Қатарлас жүргізілген қаржылық тергеп-тексерулер барысында қылмыстық жолмен алынған кірістерді іздеу және қайтару арқылы кірістерді КЖ-дан пайда алғызбау маңызды болып табылады.

      Қылмыстық-процестік заңнамаға жасалған талдау қылмыстық кірістерді тәркілеу мен залалды өтеудің басым міндеттер болып табылмайтынын көрсетеді.

      Осыған байланысты, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының күш-жігері құқық бұзушылықтарды ашуға, кінәлі адамдарды әшкерелеуге бағытталады. Өз кезегінде қылмыстық кірісті анықтау және тәркілеу шараларына екінші кезекте мән беріледі.

      Практика көрсетіп отырғандай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған сәттен бастап қылмыстық жолмен алынған активтерді анықтау, тыйым салу және тәркілеу бойынша шаралар қабылданғанға дейін ұзақ уақыт өтеді, бұл кейіннен олардың қайтарылуын қамтамасыз етуді қиындатады.

      Қылмыстық активтердің шетелге шығарылуы жағдайды ушықтыра түседі, бұл экономикалық қауіпсіздікті тікелей қозғап, мемлекеттің бюджетіне залал келтіреді, экономиканы дамыту үшін инвестициялар мен айналым қаражатының жетіспеуіне алып келеді, инвестициялық тартымдылықты да, азаматтардың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін де төмендетеді.

      Халықаралық рейтингтерге сәйкес Қазақстан өз капиталы шетелге "тұрақты түрде" көптеп кететін 20 елдің қатарына кіреді. Заңсыз жолмен алынған активтерді шетелден қайтару проблемалардың тұтас спектрімен сабақтасады.

      Шет мемлекеттің құзыретті органдарының құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды орындауы ұзақ уақыт алады.Тек Қазақстандағы соттау мен үкімдерге назар аударылып, ал шетелге активтер туралы нақты ақпараты жоқ жалпылама сұрау салулар жіберіліп жатқан кезде құқық қорғау органдарының активтерді шетелден қайтару жөніндегі практикасы мүлдем қауқарсыз. Мұндай сұрау салулар бүкіл әлем бойынша "дәлелдемелерді іздеу" деп бағаланады және орындалмайды.

      Бірқатар жағдайларда бұл проблемаға қылмыстық іс қозғалғанға дейінгі көпқырлы ақпараттық-талдамалық жұмыстың, оның ішінде қатарлас қаржылық тергеп-тексерудің болмауы негіз болуда.

      Бұдан басқа, жалпы алғанда, ел ішінде де, шетелден де қылмыстық жолмен алынған кірістерді мемлекет кірісіне қайтару бойынша қабылданатын шараларды мониторингтеу және бағалау тетіктері көзделмеген. Бұл тиісті түзету шараларын тұжырымдауға мүмкіндік бермейді.

      Заңсыз қаржы ағындарының көлемін есептеу әдістемесі жоқ.

      Қолданыстағы статистикалық есепке алу қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеу бойынша нақты картинаны көрсетпейді.

      Атап айтқанда, тәркіленген мүліктен, оның ішінде құқықтық қатынас салалары (қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс шеңберінде) және қылмыстық және әкімшілік заңнаманың баптары бөлінісінде мемлекет кірісіне іс жүзінде түскен сомалар туралы мәліметтердің бірыңғай есебі жоқ.

      Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің тәркіленген мүліктен түскен сомалар туралы мәліметтері де нақты картинаны көрсетпейді, өйткені коммуналдық меншік балансына қабылданған жылжымалы және жылжымайтын мүлік нөлдік құны бойынша айналысқа түседі.

      Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тәркіленген мүлікті өткізу құны, әдетте, төмендетілген сипатта болады.

      Осыған ұқсас: құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың есептерінде тәркіленген заттар қаражатқа, қылмыс құралына және қылмыстық жолмен алынған мүлікке сыныпталмайды, тәркіленген мүліктің сомасы көрсетілмейді.

3-бөлім. Халықаралық тәжірибені шолу

      Дамыған елдердің практикасы тиімді КЖ/ТҚҚІ жүйесін құру азаматтарды ерте жастан бастап қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік негіздерін оқытудағы жалпы мемлекеттік тәсілден басталатынын көрсетеді. Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік елдің экономикалық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрбір азаматтың қосқан жеке үлесін білдіреді.

      Мысалы, АҚШ-та қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша федералдық және қоғамдық бағдарламалар іске асырылады. Француз Республикасында "Қаржы және педагогика" бағдарламасы жұмыс істейді, ол қарапайым тұрғындарды, студенттерді, мектеп оқушыларын оқу-ағартумен айналысады.

      ТМД қаржылық барлау бөлімшелері басшыларының кеңесі қызметінің аясында Ресей Федерациясында Қаржылық сауаттылық жөніндегі халықаралық олимпиаданың өткізілуі балалар мен жастардың ақпараттық, қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттырудың, олардың кәсіпке бағдарлануы мен ғылыми білімдерін дамытуға жәрдемдесудің тағы бір жарқын мысалы болып табылады.

      Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттілігі айқындалғанын ескере отырып, бұл тәжірибені Қазақстанда қолдануға болады.

      Қаржылық барлау бөлімшесінің талдамалық материалдарының жоғары сапасы КЖ/ТҚҚІ жүйесі тиімділігінің негізгі факторы болып табылады. Өз кезегінде қаржылық барлау бөлімшесін жеткілікті ақпарат көздерімен қамтамасыз етпей, бұл міндетті шешу мүмкін емес.

      Мысалы, Ұлыбританияның, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының қаржылық барлау бөлімшелері өз функцияларын орындау үшін құқық қорғау, салық органдарының, қаржы ұйымдарының дерекқорларына, оған қоса жылжымайтын мүлік объектілерінің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің және т.б. тізілімдеріне қол жеткізе алады. Бұдан басқа, Еурополдың, Интерполдың, Еуроәділеттің мәліметтеріне, сондай-ақ коммерциялық дерекқорларға (Wоrld Сһеск, Dоw Jоnеs) қол жеткізе алады.

      КЖ/ТҚ тәуекелдерін талдау сапасын арттыруға ІТ-құралдарын пайдалану да ықпал етеді.

      ФАТФ-ның КЖ/ТКҚІ стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету кезінде жаңа технологияларды енгізу жөніндегі зерттеуінің нәтижелері жасанды интеллекттің, қолданбалы бағдарламалау интерфейстерінің және субъектілер клиенттерді тиісінше тексеру мақсаттары үшін пайдаланатын құралдардың ең жоғары әлеуеті бар екенін көрсетті.

      Бразилияның Орталық банкі реттеушілік қызметтің тиімділігін арттыру үшін табиғи тілді өңдеу жобасын мақұлдады. Жобада КЖ/ТҚ туралы күдікке байланысты ақпаратты алу мақсатында әлеуметтік желілер мен өзге де жалпыға бірдей қолжетімді деректерді сканерлеу мен талдауға арналған құралдарды әзірлеу көзделеді.

      Күдікті қызметті анықтауға бағытталған анағұрлым кең тұжырымдаманы қолданатын елдердің тәжірибесі назар аударарлық.

      Мысалы, Жаңа Зеландияда күдікті операциялар туралы да, күдікті қызмет туралы да хабарлар жіберу көзделген. Есеп беретін ұйымдардың қандай есеп түрін жолдауы қажет екенін және олардың мазмұнын анықтауы үшін арнаулы әдістемелік ұсынымдар жасалған.

      Өз кезегінде, мұндай практикаларды Қазақстанда қолдану талдамалық жұмыстың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

      Әлемде үнемі өзгеріп отыратын жағдайды ескерер болсақ, КЖ/ТҚ-ның жаңа тәуекелдері мен осал тұстары туындап жатады. 2020 жылы ФАТФ экономикалық ынталандыруды мемлекеттік қолдау мақсатында бөлінген бюджет қаражатының құқыққа сыйымсыз пайдаланылуын СОVID-19 пандемиясына байланысты қатерлердің бірі деп белгіледі.

      Осыған байланысты Ресей Федерациясының бюджеттік мониторинг жүйесі шеңберінде Росқаржымониторингтің қазынашылық сүйемелдеу, тауар-ақша ағындарының қадағалану жүйесі, банктік сүйемелдеу және қаржылық мониторинг қамтылатын, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау тәжірибесі қызықты.

      Мұндай практика Қазақстанда келісімшарттарды орындау процесінің ашықтығын едәуір арттыруға, жосықсыз орындаушыларды шығарып тастауға, ең бастысы - бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Росқаржымониторинг сайтында қаржылық мониторинг субъектілері, реттеуші-мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары үшін "жеке кабинеттерді" енгізу арқылы қашықтан өзара іс-қимыл жасау форматы жөніндегі тәжірибесі назар аудартады. Бұл пандемия кезеңінде бұрын қол жеткізілген өзара іс-қимыл деңгейін сақтауға мүмкіндік берді, сондай-ақ қаржылық мониторинг субъектілеріне түсетін жүктемені азайтты.

      Осы тәжірибені Қазақстанда қолдану қаржылық мониторинг субъектілерін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің порталында тіркеу бойынша қабылданып жатқан шаралардың қисынды жалғасы болады.

      Бүгінгі күні цифрлық активтерді пайдалану жаһандық сипаттағы тәуекелдердің бірі болып табылады. ФАТФ барлық юрисдикцияларды олардың құқыққа қарсы пайдалануының алдын алуға бағытталған заңнамалық және практикалық қадамдарды кідіріссіз қабылдауға шақыруда.

      2020 жылғы маусым мен 2021 жылғы маусым аралығында 27 ел ФАТФ-тың цифрлық активтерге байланысты тәуекелдерді бағалау мен басқаруды көздейтін 15-ұсынымын іске асыру тұрғысынан бағаланды. Шолу нәтижелері бойынша үш ел ғана өз көрсеткіштерін жақсарта алған.

      Шетелдік реттеушілер мен халықаралық ұйымдардың жиілеп кеткен жарияланымдары мен мәлімдемелері цифрлық активтер айналымының саласын реттеу қажеттігін айғақтайды. 2021 жылдың қазанында Англия Банкі Төрағасының орынбасары қатаң реттеу шаралары енгізілмесе, криптовалюталардың таралуы қаржылық дағдарыс туғызуы мүмкін деп мәлімдеді. Бүгінгі таңда бұл мәселеде түпкілікті түрде бірыңғай тәсіл қалыптаспады. Бірқатар елдер (Вьетнам, Бангладеш, Египет, Индонезия, Қытай, БАӘ, Түркия) төлемдер жасау үшін криптовалюталарды пайдалануға тікелей тыйым салды, басқа елдерде бұл аймақ әлі де болса "сұр" аймақта.

      Осы мәселелердің реттелмегеніне қарамастан, шет елдердің құқық қолдану практикасында цифрлық валюталарға байланысты сот прецеденттері жеткілікті. Мәселен, АҚШ-тың құқық қорғау органдарының "SilkRoad" есірткі заттарын сататын ең ірі анонимді цифрлық нарықтардың бірін жоюы биткоиндерді тәркілеудің алғашқы операциясы болды, оның активтері төрт биткоин аукционында жалпы сомасы 30 млн АҚШ долларына сатылды. Содан соң АҚШ-та криптовалютаны тәркілеу және тәркіленген криптовалютаны өткізу кеңінен таралған құбылысқа айналды.

      2019 жылы Ресей Федерациясында Жоғарғы соттың Пленумы қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін қылмыстық жауаптылық криптовалютаға да қатысты қолданылуға тиіс деп шешті.

      2022 жылғы сәуірде Англия мен Уэльстің Жоғары соты цифрлық активтердің "өзара алмастырылмайтын төкен" деген түрін мүлік деп таныды, оған тиісінше тыйым салынуы мүмкін немесе ол заңды мақсатта тәркіленуі мүмкін.

      Санамаланған практикаларды Қазақстанда қолдануға болады және олар цифрлық активтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

      Қатарлас жүргізілген қаржылық тергеп-тексерулер барысында қылмыстық жолмен алынған кірістерді іздеу және қайтару арқылы КЖ-дан пайда алғызбау маңызды болып табылады.

      Чех Республикасында полиция және прокуратура органдарында қаржылық тергеп-тексеру жүргізу үшін мамандандырылған қызметтер құрылған. Осы ел полициясының жоғары басшылығы елде немесе шетелде жасалған кез келген қылмыстық қылмыс нәтижесінде алынған кірістерді қаржылық тергеп-тексеру және алу тәртібін реттейтін "Қаржылық тергеп-тексеру туралы" міндетті нұсқаулықты қабылдаған.

      Мемлекет басшысының "ақшаның соңынан ер" ("fоllоw tһе mоnеу") қағидатын енгізу жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, осы тәжірибені қазақстандық болмыста қолдану ұсынылады.

      Жалпы алғанда, сенімді КЖ/ТҚҚІ жүйесін мына негізгі элементтер:

      КЖ/ТҚҚІ жүйесінің барлық қатысушыларын үздіксіз оқыту;

      тәуекелге бағытталған тәсілді қолдану, ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін білу және түсіну;

      ақпараттық ресурстар мен заманауи ІТ-құралдардың кең спектрін пайдалану;

      КЖ/ТҚҚІ жүйесіне барлық қатысушылардың тиімді өзара іс-қимылы қамтамасыз етуге тиіс.

4-бөлім. Қаржылық мониторингті дамыту пайымы

      Қазақстан өзінің әлемдік қаржы қоғамдастығына жауапты қатысушы ретіндегі имиджін одан әрі нығайтуды және ФАТФ-тың жоғары деңгейдегі мақсатына - қаржы жүйесі мен экономиканы қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру қатерлерінен қорғауды күшейтуге қол жеткізуді мақсат тұтып отыр.

      ФАТФ-ның ұсынымдарын ұлттық заңнамаға имплементтеу және сенімді КЖ/ТҚҚІ жүйесі қол жеткізуге тиіс басты мақсаттарды айқындайтын ФАТФ-тың 11 тікелей нәтижесі бойынша тиімділік деңгейін арттыру жалғастырылатын болады.

      Жалпы алғанда, тікелей нәтижелер:

      КЖ/ТҚ тәуекелдерін төмендетуге;

      қылмыстық кірістердің экономиканың қаржылық және өзге де секторларына енуіне кедергі келтіруге;

      қылмыскерлерді заңсыз кірістерден міндетті түрде айырып және оларды жауапкершілікке тарта отырып, КЖ/ТҚ қатерлерін уақтылы анықтау мен жолын кесуге ықпал етуге тиіс.

      Бүл мықты саяси ерік-жігерді, заңның үстемдігін, жүйеге барлық қатысушылардың КЖ/ТҚҚІ мәселелерін шешуге бағдарлануын, реттеушілік режимнің кемелдігі мен дамығандығын, қаржылық мониторинг субъектілерінің парасаттылығын, олардың қызметінің тұрақтылығы мен ашықтығын, сондай-ақ өзге де маңызды факторлардың болуын талап етеді.

      Осы нәтижеге қол жеткізу үшін қаржылық барлау бөлімшесін бүкіл КЖ/ТҚКІ жүйесінің ақпараттық-талдамалық өзегіне айналдыра отырып, оның үйлестіруші рөлі арттырылатын болады.

      Мұнда кадрлық әлеуеттің маңызды рөл атқаратынын назарға ала отырып, КЖ/ТҚКІ саласында оқыту, даярлау және біліктілікті арттыру үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалатын болады.

      Ақпараттық ресурстарды кеңейту, күдікті операциялар туралы хабарлардың сапасын арттыру, бизнес-процестерді автоматтандыру, заманауи технологияларды енгізу сенімді және толық талдамалық материалдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Агенттіктің әлеуеті ұлттық жобаларды іске асыру кезінде бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалу фактілерін болдырмауға бағдарланатын болды.

      Бұдан басқа, "экономикалы ресурстары заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 маусымдағы № 908 Жарлығын орындау үшін елден заңсыз шығарылған қаржы қаражатын қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізілетін болады.

      КЖ/ТҚҚІ-нің барлық процестерінде тәуекелге бағытталған тәсілді енгізу жүйеге барлық қатысушылардың жұмысын нәтижеге қайта бағдарлауға мүмкіндік береді және ресурстардың нәтижелі бөлінуін қамтамасыз етеді.

      БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарының 16.4-міндетіне қол жеткізу мақсатында қылмыстық жолмен алынған активтерді іздеу және қайтару басым даму бағыттарының бірі болып белгіленеді.

      Ұлттық КЖ/ТҚҚІ жүйесінің қарқынды дамуы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығының осу драйвері болады және оның халықаралық аренадағы мәртебесін арттыруға және соның нәтижесінде ФАТФ-қа одан әрі кіруіне мүмкіндік жасайды.

5-бөлім. Қаржылық мониторингті дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

      КЖ/ТҚҚІ жүйесі:

      1) баршаның заң алдындағы теңдігі және әділдік;

      2) адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

      3) КЖ/ТҚҚІ шараларын кешенді пайдалану;

      4) мемлекет пен қаржылық мониторинг субъектілерінің өзара іс-қимылы;

      5) тиімділік және нәтижелілік;

      6) жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидаттарына негізделеді.

      КЖ/ТҚҚІ жүйесін дамыту тәсілдері қазақстандық болмысты ескере отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2005 жылғы 29 шілдедегі қарарында көзделген міндеттемелер шеңберінде ФАТФ-ның ұсынымдарын имплементтеуге бағытталған құқықтық және институционалдық шараларды қабылдаудан тұрады.

      Тұжырымдамада қамтылған қаржылық мониторинг саласын дамыту пайымы мен негізгі қағидаттарды іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

      1) ақпараттық жұмысты жетілдіру және кадрлық әлеуетті арттыру;

      2) КЖ/ТҚҚІ жүйесі саласында заңнама мен нормативтік актілерді жетілдіру;

      3) КЖ/ТҚҚІ жүйесін жетілдіру;

      4) Қазақстан Республикасы аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің заңсыз қызметін мониторингтеу және оның жолын кесу;

      5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді іздестіру және қайтару мәселелерінің маңыздылығын арттыру.

      1-міндет. Ақпараттық жұмысты жетілдіру және кадрлық әлеуетті арттыру

      КЖ/ТҚҚІ саласындағы мәселелерді кеңінен танымал ету мақсатында қоғамның аталған саладағы негізгі қаржылық қауіпсіздік пен қатерлер туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған жүйелі іс-шаралар қажет.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі барысында қаржылық қауіпсіздік негіздерін ашатын ашық лекциялар мен кураторлық сағаттар жүргізілетін болады.

      Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық және халықаралық олимпиадалар тұрақты түрде өткізіліп отырады.

      Азаматтар үшін қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, ал КЖ/ТҚҚІ жүйесіне барлық қатысушылар үшін бейінді оқыту іс-шараларын жүргізу жалғастырылады.

      Оқытудың жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында Халықаралық экономика және қаржы академиясының базасында КЖ/ТҚҚІ жүйесінің барлық қатысушылары үшін оқыту мен біліктілікті арттыруды ұйымдастыру мәселесі пысықталатын болады.

      КЖ/ТҚҚІ жүйесіне қатысушыларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жауапкершілік пен тәуекелге толы қызметке (комплаенс-қызметтер, кредиттік офицерлер және т.б.) тартылу деңгейі, сондай-ақ алған білімдерін тексере отырып, КЖ/ТҚҚІ саласындағы өзекті трендтер ескеріліп жүргізілетін болады.

      КЖ/ТҚҚІ-ні қамтамасыз етуге жауапты адамдар үшін міндетті функциялар мен құзыреттер жиынтығын айқындайтын "Қаржылық мониторинг жөніндегі маман" кәсіптік стандартын енгізу қажет.

      Көрсетілген шаралар ЕАТ-қа мүше елдердің өзара бағалауын жүргізуге қатысу үшін ұлттық сарапшылар пулын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      Қатысушылардың біліктілігін одан әрі арттыру мақсатында олардың САМS (жылыстатуға қарсы жүйенің сертификатталған маманы), СFСS (қаржылық қылмыстар бойынша сертификатталған маман) сияқты және басқа да халықаралық стандарттарға сәйкестікке сертификаттаудан өтуі ұйымдастырылатын болады.

      Осының барлығы КЖ/ТҚҚІ жүйесінің құндылықтарын ілгерілетуге және кәсіби және бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетті қалыптастыруға негіз қалайды.

      2-міндет. КЖ/ТҚҚІ саласындағы заңнаманы және нормативтік актілерді жетілдіру

      КЖ/ТҚҚІ туралы заң ережелерінің ашық және қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында мынадай шараларды қабылдау ұсынылады.

      Біріншіден, КЖ/ТҚҚІ туралы заңның мақсаттарын, қабылдану негіздерін және оның алдында тұрған негізгі міндеттерді түсіндіретін баптарды көздеу қажет.

      Екіншіден, қоғамдық қатынастардың тұрақты серпінде болатынын ескере отырып, КЖ/ТҚҚІ туралы заңға нақты іске асырылу тетіктері белгіленген, болашақ нормаларды қалыптастыруға негіз болатын қағидаттарды салу маңызды болып көрінеді.

      Үшіншіден, қаржылық мониторинг субъектілерінің, өзге де ұйымдар мен азаматтардың құқықтық жағдайын белгілейтін нормаларды мүмкіндігі болғанша жеке баптарға топтастырған жөн.

      Жоғары айтылғандарды назарға алар болсақ, Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚІ туралы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет сияқты.

      3-міндет. КЖ/ТҚҚІ жүйесін жетілдіру

      1. Тәуекелдерді бағалау сапасын арттыру

      Бастапқы ақпараттың сапасы қаржылық мониторинг субъектілерінің күдікті қызмет туралы хабарлау практикасын қосымша енгізу есебінен арттырылатын болады.

      Қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы ақпараттың анық толтырылмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесі қарастырылатын болады.

      Қаржылық мониторинг субъектілерінің ресурстарын қаржылық барлау бөлімшесі мен құқық қорғау органдарына неғұрлым қызығушылық тудыратын операцияларды анағұрлым терең талдауға нәтижелі бөлу үшін күдікті операциялар туралы хабарларды дайындауға қойылатын талаптар оңтайландырылады.

      Қаржылық мониторинг субъектілерінің жолданатын хабарлардың тиімділігін арттыруына жағдай жасау мақсатында олар бойынша қабылданған шешімдер, сондай-ақ қаржылық мониторингке жататын хабарлардың сапасын талдау нәтижелері туралы кері байланыс қамтамасыз етілетін болады.

      Қаржылық мониторинг субъектілерінің қызметінде КЖ/ТҚҚІ бойынша шаралардың сапасын арттыру үшін оларды бағалау жүйесі енгізілетін болады.

      Оның шеңберінде КЖ/ТҚҚІ үшін жауапты адамдардың болуы, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі, реттеуші-мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл деңгейі, ішкі бақылауды ұйымдастырудың, тәуекелдерді басқару жүйесінің толықтығы мен сапасы және т.б. бағаланатын болады.

      Бағалау қорытындылары бойынша КЖ/ТҚҚІ жөніндегі уәкілетті орган қаржылық мониторинг субъектілерінің қызметін жетілдіру жөнінде тиісті ұсынымдар енгізеді.

      Бұл реформалар ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамдардың (комплаенс-қызметтердің) жұмысын процестік қызметтен түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге қайта форматтауға мүмкіндік береді.

      Қалыптастырылатын талдамалық материалдардың сапасы мен толықтығын арттыру мақсатында тәуекелдерді басқару және комплаенс саласында қызметтер көрсететін шетелдік компаниялардың (Dow Jones, Thompson Reuters, World Сһеск және т.б.) дерекқорларына қолжетімділік алу мәселесі пысықталатын болады. Бұл талдаушылардың жеке және заңды тұлғалардың шет елдерде террористік әрекеттері үшін жауапқа тартылғаны не күдікті болғаны, оларға қатысты реттеуші санкциялардың қолданылғаны және өзге де теріс мәліметтердің бар-жоғы тұрғысынан онлайн-режимде мониторинг жүргізуіне мүмкіндік береді.

      2. Тәуекелдерді бағалаудың жаңа бағыттарын енгізу

      Жария лауазымды адамдардың, олардың жұбайлары (зайыптары) мен жақын туыстарының қаржылық операцияларын мониторингтеу үшін қаланған құқықтық негізді іске асыру шеңберінде қаржылық мониторинг субъектілерімен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жедел өзара іс-қимыл тетігі тұжырымдалатын болады.

      Қаржылық барлау бөлімшесінің игерілу кезеңінде бюджет қаражатының жұмсалуын сүйемелдеуді жүзеге асыруы арқылы кірістерді жылыстату тәуекелдерін бағалау бағыттары кеңейтілетін болады.

      Талдамалық жұмыс жосықсыз орындаушылар мен бір күндік фирмалардың қатысуына жол бермеу және соның нәтижесінде бюджет қаражатының криминалдық жолмен қолма-қол ақшаға айналдырылуын және сыбайлас жемқорлық схемаларын болдырмау үшін жоспарлау кезеңінен бастап жүргізілетін болады. Ұлттық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылатын болады.

      Қаржылық көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін құруға байланысты кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін жүйелі бағалау шаралары әзірленетін болады.

      3. Заманауи ІТ-құралдарды енгізу

      Бизнес-процестерді автоматтандыру және ақпараттық инфрақұрылымды дамыту есебінен құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесудің жеделдігі қамтамасыз етілетін болады.

      Талдамалық жұмыстың тиімділігін арттыру, уақыт шығындарын қысқарту және талдаушылардың қолмен атқарылатын еңбегін жою мақсатында, сондай-ақ жаңа тәуекелдерді бағалау бағыттарының енгізілгені ескеріле отырып, БАТЖ-ның мемлекеттік және құқық қорғау органдарының базаларымен интеграциялану тізбесі кеңейтілетін болады.

      Бұл ретте қол жеткізудің нақты негіздері, алынған деректерді теріс пайдалану мен жария етуге және оларды қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік бермейтін алынған ақпаратты бақылау тетіктері белгіленетін болады.

      Үлкен деректерді талдау құралдарын енгізу деректерді математикалық модельдеу және, болжаушылық және мәтіндік талдауды қоса алғанда, статистикалық өңдеудің өзге де құралдары арқылы талдамалық жұмыстың тиімділігін арттырады.

      Деректердің орасан зор массивін ұстап тұру, оны ретроспективада және нақты уақыт режимінде көріп шолу және талдау үшін жоғары және заманауи технологиялардың мүмкіндіктері пайдаланылады. Бұл қаржы ағындарын және олар мен операцияларға қатысушылар арасындағы байланысты жақсы түсінуді және схемалық түрде көрсетуді қамтамасыз етеді және соның нәтижесінде талдамалық жұмыстың сапасын арттырады.

      КЖ/ТҚҚ жөніндегі уәкілетті органның құрылымында Ұлттық КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау орталығын құру содан арғы қадам болады. Оның құрылуы мен жұмыс істеуі КЖ/ТҚ-ге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыста басымдықтарды белгілеуге және ұлттық КЖ/ТҚҚІ жүйесінің негізгі күштері мен құралдарын неғұрлым осал учаскелерге шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      КЖ/ТҚ тәуекелдерінің халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралуының жай-күйі мен үрдісі туралы хабарлау, сондай-ақ КЖ/ТҚҚІ жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында КЖ/ТҚҚІ жөніндегі уәкілетті органның жыл сайынғы негізде КЖ/ТҚҚІ туралы баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу жөніндегі құзыретін заңнамалық деңгейде енгізу мәселесі қаралатын болады.

      4. КЖ/ТҚҚІ жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тетіктерін жетілдіру

      Қашықтан бақылау тетігін пайдалана отырып, қаржылық мониторинг субъектілерін КЖ/ТҚҚІ жүйесімен барынша қамту олармен жұмыстағы басым міндеттер деп белгіленетін болады.

      КЖ/ТҚҚІ жүйесі субъектілерінің бірыңғай порталы осы міндеттерді іске асыру құралы болады.

      Қаржылық мониторинг субъектілері мен реттеуші-мемлекеттік органдар арасында, оның ішінде қаржылық және қаржылық емес нарықтың тиісті секторларындағы тәуекелдерге қатысты жедел мәліметтер алмасу "Реттеушінің жеке кабинетін" енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады.

      Реттеуші-мемлекеттік органдар бақылаудағы субъектілердің белсенділік көрсеткіштерін, КЖ/ТҚҚІ бойынша ішкі қағидаларды, тестілеу нәтижелерін, КЖ/ТҚҚІ функцияларын іске асыруға жауапты адамдарды онлайн-режимде талдай алады.

      Реттеуші-мемлекеттік органдарды бақылаудағы субъектілермен тиісінше өзара іс-қимыл жасауға ынталандыру мақсатында реттеуші-мемлекеттік органдарды бағалау енгізілетін болады. Бағалау нәтижелері порталда тіркелген бақылаудағы субъектілердің үлесіне, олардың қызметін үйлестіру жөніндегі шаралардың толықтығы мен сапасына қарай қалыптастырылатын болады. Бағалау нәтижелері бойынша реттеуші-мемлекеттік органдарға қажетті түзету шараларын қабылдау жөнінде ұсынымдар енгізілетін болады.

      Портал жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында онда қаржылық мониторинг субъектілерін міндетті тіркеуді енгізу мәселесі қаралатын болады.

      Сонымен қатар, порталда "Құқық қорғау органдарының жеке кабинеттері" іске қосылады. Бұл сервис құқық қорғау органдарының қаржылық барлау бөлімшесіне, сондай-ақ "Эгмонт" арнасы арқылы шет мемлекеттерге жіберген сұрау салуларын, қаржылық барлау бөлімшесінің заңсыз операцияның жасалу ықтималдығы туралы ақпараттарын және т.б. есепке алу мен мониторингтеуді көздейтін болады.

      Өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың санкция алғаннан кейін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қаржылық барлау бөлімшесінен заңнамада белгіленген тәртіппен ақпарат алу процесі автоматтандырылады.

      4-міндет. Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің заңсыз қызметіне мониторинг жүргізу және оның алдын алу

      Цифрлық активтердің дамуымен ФАТФ тәсілдері мен юрисдикциялардың реттеуші базасы елеулі өзгерістерге ұшырайды. Реттеудің фрагментациясы жоғалады, бұл қылмыстық әрекеттердің кемшіліктерін жоюға көмектеседі.

      Осылай, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-1-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына тыйым салынады.

      Осыған байланысты, нарықпен белсенді диалог кезінде Қазақстанның жағдайына бейімделген жаңа, серпінді тәсілді қалыптастыру мәселесін пысықтау қажет.

      Бұған қаржылық монитоинг субьектілері үшін қағидатты түрде жаңа әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ цифрлық активтердің айналымымен байланысты күдікті операциялар туралы хабардар ету режимін арттыру жәрдемдесетін болады.

      Құқық қорғау және мемлекеттік органдар үшін цифрлық активтерді қадағалап отыру бойынша тұрақты түрде тренингтер өткізіліп тұратын болады.

      Бұдан басқа, криптовалюта айналымының халықаралық алаңдарынан, шет мемлекеттердің қаржы барлау бөлімшелерінен КЖ/ТҚ - мен байланысты

      Қазақстан Республикасының резиденттері туралы ақпарат алу мәселесі пысықталатын болады

      Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі цифрлық активтерге байланысты ерекшеліктерді енгізу бөлігінде жетілдірілетін болады.

      Заңсыз қаржылық операцияларды қадағалау жөніндегі жұмысқа ІТ-құралдар енгізілетін болады.

      Цифрлық активтер нарығының ұдайы өзгеріп отыратын даму үрдістері ескеріле отырып, цифрлық активтер саласын реттеуге, оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдала отырып, талдау жүргізілетін болады.

      5-міндет. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді іздеу және қайтару мәселелерінің маңыздылығын арттыру

      Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қайтару КЖ/ТҚҚІ саласын дамытудың түйінді бағыттарының бірі болады.

      ФАТФ-тың 30-шы ұсынымы ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуға байланысты қылмыстар бойынша құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың қатарлас қаржылық тергеп-тексерулер жүргізуін көздейді. Мұндай тергеп-тексерулер қылмыстың қаржылық құрамдасын криминалдық байланыстар мен топтарды анықтау, қылмыстық активтерді, қаржыландыру көздерін және тәркіленуге жататын басқа да активтерді іздеу, сондай-ақ сотта пайдаланылуы мүмкін өзге де дәлелдемелерді жинау тұрғысынан зерттеуді көздейді.

      Осы ұсынымды іске асыру үшін барлық қылмыстық қудалау органдарында қылмыстық жолмен алынған кірістерді іздестіруге және қайтаруға жауапты адамдар белгіленетін болады.

      Олар қылмыстық активтерді уақтылы қадағалау, анықтау, тыйым салу және тәркілеу бойынша тұрақты түрде тиісті оқытудан тұрақты негізде өтетін болады.

      Сонымен қатар, оларды қазіргі заманғы активтерді іздестіру құралдарымен, сондай-ақ активтерді шығару схемаларын модельдеу бойынша қажетті дерекқорлармен және ақылы бағдарламалық өнімдермен қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.

      Негізгі юрисдикциялармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында шарттық-құқықтық база тұрақты түрде кеңейтілетін болады.

      Активтерді қайтару жөніндегі жұмысты күшейту шеңберінде БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Базель басқару институты, Активтерді қайтару жөніндегі Камден ведомоствоаралық желісі секілді және басқа да халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл кеңейтілетін болады.

      Тұрақты мониторингті, бағалауды және тиісті түзету шараларын қабылдауды одан әрі енгізе отырып, заңсыз қаржы ағындарының көлемін есептеу әдістемесі әзірленетін болады.

      Осы Тұжырымдамада көзделген қылмыстық кірістерді іздестіру мен қайтару тәсілдерін енгізудің оң қорытындылары жауапты уәкілетті органдар қаржылық тергеп-тексеру институтын заңнамалық реттеу жөніндегі пайымды тұжырымдау кезінде пайдаланылатын болады.

6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

      6.1. 2026 жылдың қорытындысы бойынша нысаналы индикаторлар:

      1) қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша ашық дәрістер өткізілген ЖОО-лардың үлесі, %, 2022 жылы - 15%, 2023 жылы - 25%, 2024 жылы - 30%, 2025 жылы - 45%, 2026 жылы - 60%;

      2) Халықаралық экономика және қаржы академиясында КЖ/ТҚҚІ мәселелері бойынша оқудан және тестілеуден өткен адамдардың саны, бірлік, 2023 жылы - 150, 2024 жылы - 200, 2025 жылы - 250, 2026 жылы - 300;

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасының ФАТФ ұсынымдарына сәйкестігін ЕАТ сарапшыларының бағалау қорытындылары бойынша "елеулі түрде сәйкестік" және "сәйкестік" рейтингтерінің саны, бірлік, 2022 жылы - 25, 2023 жылы - 25, 2024 жылы - 25, 2025 жылы - 25, 2026 жылы - 35.

      4) қаржылық барлау бөлімшесінің материалдарын құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың пайдалану үлесі, %, 2022 жылы - 68%, 2023 жылы - 72%, 2024 жылы - 76%, 2025 жылы - 80%, 2026 жылы - 84%;

      5) Агенттіктің ақпараттық жүйесінде тіркелген Қаржылық мониторинг субъектілерінің үлесі, %, 2022 жылы - 50%, 2023 жылы - 60%, 2024 жылы - 70%, 2025 жылы - 80%, 2026 жылы - 90%;

      6) лицензияланған виртуалды активтер провайдерлеріндегі клиенттердің санын көбейту, %, 2022 жылы - 5%-ға, 2023 жылы - 5%-ға, 2024 жылы - 5%-ға, 2025 жылы - 5%-ға, 2026 жылы - 5%-га;

      7) келтірілген залал (оның ішінде қылмыстық кірістер) сомасындағы анықталған және тыйым салынған мүліктің үлесі, %, 2022 жылы - 13%, 2023 жылы - 17%, 2024 жылы - 21%, 2025 жылы - 25%, 2026 жылы - 29%;

      6.2. 2026 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін негізгі нәтижелер:

      ЕАТ-тың Өзара бағалау қорытындылары бойынша Қазақстанның:

      1) 1-тікелей нәтиже бойынша (Ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері түсініледі және қажет болған жерде ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы күрес жөніндегі іс-қимылдар ұлттық деңгейде үйлестіріледі) - "тиімділіктің жоғары деңгейі/тиімділіктің елеулі деңгейі" рейтингін;

      2) 2-тікелей нәтиже бойынша (Халықаралық ынтымақтастық қажетті ақпаратты, жедел қаржылық деректерді, дәлелдемелерді қамтамасыз етеді және қылмыскерлер мен олардың активтеріне қарсы бағытталған қызметке ықпал етеді) - "тиімділіктің жоғары деңгейі/тиімділіктің елеулі деңгейі" рейтингін;

      3) 6-тікелей нәтиже бойынша (Жедел қаржылық деректер және қалған барлық маңызды ақпаратты құзыретті органдар ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қаржылық тергеу жүргізу үшін тиісті түрде пайдаланады) - "тиімділіктің жоғары деңгейі/тиімділіктің елеулі деңгейі" рейтингін;

      4) 9-тікелей нәтиже бойынша (Терроризмді қаржыландыруға байланысты қылмыстар мен қызметке тергеу жүргізіледі, ал терроризмді қаржыландырушы адамдар заң бойынша қудаланады және тиімді, мөлшерлес және тежеуші санкцияларға ұшырайды) - "тиімділіктің жоғары деңгейі/тиімділіктің елеулі деңгейі" рейтингін;

      5) 10-тікелей нәтиже бойынша (Террористерге, террористік ұйымдарға және оларды қаржыландыратындарға, ақша қаражатын жинауға, өткізуге және пайдалануға, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар секторын қаскөйлікпен пайдалануға кедергі келтіреді) - "тиімділіктің жоғары деңгейі/тиімділіктің елеулі деңгейі" рейтингін;

      6) 11-тікелей нәтиже бойынша (Жаппай қырып-жою қаруын таратуға тартылған адамдар мен ұйымдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарларына сәйкес ақша қаражатын жинауға, өткізуге және пайдалануға тыйым салынады) - "тиімділіктің жоғары деңгейі/тиімділіктің елеулі деңгейі" рейтингін алуы.

  Қаржылық мониторингті дамытудың
2022-2026 жылдарға арналған
тұжырымдамасына
ҚОСЫМША

Қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

Реформалардың/негізгі іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Аяқталу мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

Стратегиялық көрсеткіш: жоқ


1-міндет. Ақпараттық жумысты жетілдіру және кадрлық әлеуетті арттыру Нысаналы индикаторлар:
қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша ашық дәрістер өткізілген ЖОО- лардың үлесі, %, 2022 жылы - 15%, 2023 жылы - 25%, 2024 жылы - 30%, 2025 жылы - 45%, 2026 жылы - 60%; халықаралық экономика және қаржы академиясында КЖ/ТҚҚІ мәселелері бойынша оқудан және тестілеуден өткен адамдардың саны, бірлік, 2023 жылы - 150, 2024 жылы - 200, 2025 жылы - 250, 2026 жылы - 300.

ҒЖБМ, ҚМА ҚМА

1.

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне қаржылық қауіпсіздік жөніндегі тақырыптарды енгізу

ашық дәрістер, кураторлық, сынып сағаттары

2022-2026 жылдар

ОАМ, ҒЖБМ, ҚМА

2.

Мектеп оқушылары мен студенттер арасында қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық және халықаралық олимпиадалар өткізу

олимпиадалар

2023-2026 жылдар

ҚМА, ОАМ, ҒЖБМ

3.

Азаматтар мен КЖ/ТҚҚІ жүйесінің қатысушылары үшін КЖ/ТҚҚІ мәселелері бойынша ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу

БАҚ-тағы жарияланымдар, түсіндіру іс-шараларының кестесі, жадынамалар, әдістемелік ұсынымдар

2022-2026 жылдар

ҚМА, ҚНРДА, ҰБ, МСМ, ӘдМ, АХҚО комитеті (келісім бойынша), ЦДИАӨМ, БҚЦА, АҚДМ

4.

КЖ/ТҚҚІ саласындағы біліктілікті арттыру үшін Халықаралық экономика және қаржы академиясында қаржылық мониторинг субъектілерін оқыту және тестілеу

сертификаттар

2023-2026 жылдар

ҚМА

5.

"Қаржылық мониторинг жөніндегі маман" кәсіптік стандартын енгізу

кәсіптік стандарт

2022 жылғы IV тоқсан

"Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

6.

ЕАТ-қа мүше елдердің өзара бағалауын жүргізуге қатысу үшін ұлттық сарапшылар пулын қалыптастыру

сертификаттар

2024-2026 жылдар

ҚМА

7.

КЖ/ТҚҚІ жүйесіне қатысушылардың САМS (жылыстатуға қарсы жүйенің сертификатталған маманы), СFСS (қаржылық қылмыстар бойынша сертификатталған маман) сияқты және басқа да халықаралық стандарттарға сәйкестікке сертификаттаудан өтуін ұйымдастыру

даярлық курстары

2024-2025 жылдар

ҚМА

2-міндет. КЖ/ТҚҚІ саласындағы заңнаманы және нормативтік актілерді жетілдіру
Нысаналы индикаторлар:
ЕАТ сарапшыларының Қазақстан Республикасы заңнамасының ФАТФ ұсынымдарына сәйкестігін бағалау қорытындылары бойынша "елеулі сәйкестік/сәйкестік" рейтингтерінің саны, бірлік, 2022 жылы 25, 2023 жылы 25, 2024 жылы 25,2025 жылы 25, 2026 жылы 35

ҚМА

8.

Нормативтік қүқықтық актілерге:
КЖ/ТҚҚІ туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау, оның ішінде:
КЖ/ТҚҚІ мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын анықтау;
қаржылық мониторинг субъектілерінің күдікті қызмет туралы хабарламаларды жіберуі;
КЖ/ТҚҚІ жөніндегі уәкілетті органның порталында қаржылық мониторинг субъектілерінің міндетті тіркелуін енгізу;
КЖ/ТҚҚІ жөніндегі уәкілетті органның жыл сайынғы негізде КЖ/ТҚҚІ туралы баяндаманы дайындау және Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу жөніндегі құзыретін енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесін қарастыру

заң жобасы

2024 жылғы III тоқсан

ҚМА

9.

Қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы ақпаратты дұрыс толтырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесін қарау

заң жобасы

2024 жылғы III тоқсан

ҚМА

3-міндет. КЖ/ТҚҚІ-ның жүйесін жетілдіру
Нысаналы индикаторлар:
қаржылық барлау бөлімшесінің материалдарын құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың пайдалану үлесі, %, 2022 жылы - 68%, 2023 жылы - 72%, 2024 жылы - 76%, 2025 жылы - 80%, 2026 жылы - 84%;
КЖ/ТҚҚІ саласындағы уәкілетті органның жүйесінде тіркелген қаржылық мониторинг субъектілерінің үлесі, %, 2022 жылы - 50%, 2023 жылы - 60%,
2024 жылы - 70%, 2025 жылы - 80%, 2026 жылы - 90%

ҚМА, БП, СЖҚІА, ҰҚК, ІІМ ҚМА, БҚДА, ДСМ, ҚНРДА, МСМ, ҰБ, ӘдМ, АХҚО комитеті (келісім бойынша)

10.

Қаржылық мониторинг субъектілерінің қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну қағидаларына күдікті операциялар туралы хабарларды дайындауға қойылатын талаптарды оңтайландыру бөлігінде өзгерістер енгізу

ҚМА-ның бұйрығы

2022 жылғы IV тоқсан

ҚМА

11.

КЖ/ТҚ-ға байланысты тәуекелді операциялар бойынша қаржылық мониторинг субъектілеріне кері байланыс ұсыну тетігін әзірлеу.

ҚМА-ның бұйрығы

2023 жылғы I тоқсан

ҚМА

12.

Тәуекелдерді басқару және комплаенс саласында қызметтер көрсететін шетелдік компаниялардың дерекқорларына қолжетімділік алу

шарт

2024 жылғы I тоқсан

ҚМА

13.

Игерілу кезеңінде бюджет қаражатының жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі тетікті әзірлеу Жария лауазымды адамдардың транзакцияларын мониторингтеу мәселелері бойынша қаржылық мониторинг субъектілерімен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жедел өзара іс-қимыл жасау тетігін әзірлеу

ҚМА-ның бұйрығы

2022 жылғы IV тоқсан

ҚМА

14.

ҚМА-ның қаржьшық мониторинг және СЖҚІА субъектілерімен жария лауазымды тұлғалардың, олардың жұбайлары (зайыптары) мен жақын туыстарының күдікті операцияларының мониторингі мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимыл тетігін әзірлеу

ҚМА-ның бұйрығы

2023 жылғы IV тоқсан

ҚМА

15.

Кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау тұрғысынан қаржылық көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін бағалау тетігін әзірлеу

ҚМА-ның бұйрығы

2023 жылғы ІV тоқсан

ҚМА, ҚНРДА

16.

қол жеткізудің нақты негіздерін, алынған деректерді теріс пайдалану мен жария етуге, оларды қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік бермейтін алынған ақпаратты бақылау тетіктерін белгілей отырып, БАТЖ ДҚ-ның мемлекеттік және кұқық қорғау органдарының базаларымен интеграциялану тізбесін кеңейту

интеграция

2024 жылғы IV тоқсан

ҚМА, ӘдМ, БП, ҚМ, МҚІА, ІІМ, ЕХӘҚМ, ДСМ, БЖҒМ, ОАМ

17.

КЖ/ТҚ тәуекелдерін талдау үшін үлкен деректермен жұмыс істеу бойынша технологияларды енгізу бөлігінде БАТЖ- ды дамыту

МИЖ келісім

2023 жылғы I тоқсан

ҚМА, ЦЦИАӨМ, ҰЭМ

18.

ҚМА-ның құрылымында ұлттық КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау орталығын құру

ПӘ-ге ұсыныстар

2024 жылғы ІV-тоқсан

ҚМА

19.

"Реттеушінің жеке кабинетін" енгізу

пайдалануға беру актісі

2022 жылғы IV тоқсан

ҚМА

20.

Қаржылық мониторинг субъектілерін бағалау жүйесін енгізу

ҚМА-ның бұйрығы

2022 жылғы IV тоқсан

ҚМА

21.

Қаржылық мониторинг субъектілерінің қызметін реттейтін мемлекеттік органдарды бағалау жүйесін енгізу

ҚМА-ның бұйрығы

2022 жылғы IV тоқсан

ҚМА

22.

"Құқық қорғау органының жеке кабинетін" енгізу

пайдалануға беру актісі

2023 жылғы III тоқсан

ҚМА

23.

Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың заңнамада белгіленген тәртіппен санкция алғаннан кейін қаржылық барлау бөлімшесінен ақпарат алу процесін автоматтандыру

пайдалануға беру актісі

2024 жылғы III тоқсан

ҚМА, ЦДИАӨМ, БП, СЖҚІА, ҰҚК, ІІМ

4-міндет. Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің заңсыз қызметіне Мониторинг жүргізу және оның алдын алу
Нысаналы индикаторлар:
лицензияланған виртуалды активтер провайдерлеріндегі клиенттердің санын көбейту, %, 2022 жылы - 5%-ға, 2023 жылы - 5%-ға, 2024 жылы - 5%-ға, 2025 жылы - 5%-ға, 2026 жылы - 5%-ға.

ЦДИАӨМ, АХҚО комитеті (келісім бойынша), ҚМА

24.

Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдар үшін криптовалюталарды қадағалау және виртуапды активтер саласындағы жаңа үрдістер бойынша тренингтер өткізу

тренингтер

2022-2026 жылдар

БП, ҚМА, СЖҚІА, ҰҚК, ЦДИАӨМ, ІІМ

25.

Цифрлық активтер пайдаланьшған заңсыз операцияларды анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу

ҚМА-ның бұйрығы

2022 жылғы ІV тоқсан

ҚМА

26.

Цифрлық активтерді пайдалануға байланысты күдікті операциялардың қосымша өлшемшарттарын бекіту

ҚМА-ның бұйрығы

2023 жылғы III тоқсан

ҚМА

27.

Шетелдік криптовалюталар нарықтарындағы қазақстандық клиенттердің операциялары туралы ақпарат алу үшін криптобиржалар тіркелген елдердің қаржылық реттеушілерімен бірлесіп жұмыс жүргізу

халықаралық келісімдер

2024 жылғы II тоқсан

ҚМА, ЦДИАӨМ, АХҚО комитеті (келісім бойынша)

28.

Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы ақшаны, есірткі заттарын, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларына цифрлық активтерге байланысты ерекшеліктерді енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу

Үкімет қаулысының жобасы

2023 жылғы II тоқсан

БП, ҚМА, СЖҚІА, ҰҚК, ІІМ

29.

Заңсыз қаржылық операцияларды қадағалау жөніндегі жұмысқа цифрлық активтер туралы тергеп-тексеру жүргізу жөніндегі ІТ-құралдарды енгізу

пайдалануға беру актісі

2024 жылғы IV тоқсан

ҚМА

30.

Цифрлық активтер саласын реттеуге оны одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдай отырып, талдау жүргізу

ПӘ-ге ұсыныстар

2024 жылғы ІІІ тоқсан

ЦДИАӨМ, АХҚО комитеті (келісім бойынша), ҚМА

5-міндет. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді іздеу және қайтару мәселелерінінің маңыздылығын арттыру
Нысаналы индикаторлар:
келтірілген залал (оның ішінде қылмыстық кірістер) сомасындағы анықталған және тыйым салынған мүліктің үлесі, %, 2022 жылы - 13%, 2023 жылы - 17%, 2024 жылы - 21%, 2025 жылы - 25%, 2026 жылы - 29%

БП, ҚМА, СЖҚІА, ҰҚК, ІІМ

31.

Қылмыстық қудалау органдарында қылмыстық жолмен алынған кірістерді іздеуге және қайтаруға жауапты адамдарды айқындау

ҚМА, БП, СЖҚІА, ҰҚК, ІІМ бұйрықтары

2022 жылғы IV тоқсан

ҚМА, БП, СЖҚІА, ҰҚК, ІІМ

32.

Кұқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарды қазіргі заманғы активтерді іздеу кұралдарымен, сондай-ақ активтерді шығару схемаларын модельдеу бойынша қажетті дерекқорлармен және ақылы бағдарламалық қамтылыммен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ұсыныстар практикада іске асыру

2023 жылғы I тоқсан 2023-2024 жылдар

БП, Қаржымині, ҚМА, СЖҚІА, ҰҚК, ЦДИАӨМ, ІІМ

33.

Капиталдың әкетілуі жүріп жатқан шет мемлекеттермен өзара құқықтық көмек жөнінде келісімдер жасасу

Халықаралық келісімдер

2024 жылғы IV тоқсан

БП

34.

Қазақстанның қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы Еуропа Кеңесінің конвенциясына қосылуы мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

2026 жылғы III тоқсан

БП, СІМ

35.

Еурополмен заңсыз шыгарылған активтерді анықтау және қайтару мәселелері бойынша ақпарат алмасу жөніндегі стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қою

ПӘ-ге ақпарат

2023 жылғы I тоқсан

БП

36.

Ұрланған активтерді қайтару мәселелері жөніндегі жобаларды халықаралық ұйымдармен бірлесіп іске асыру

жобалар

2025 жылғы IV тоқсан

БП, СІМ, ҚМА, СЖҚІА, ІІМ, ҰҚК

37.

Заңсыз қаржы ағындарының көлемін есептеу әдістемесін әзірлеу

әдіснама

2023 жылғы ІV тоқсан

ҰЭМ, СЖРА ҰСБ

38.

Мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың есептеріне: қаражатқа, қылмыс құралына және қылмыстық мүлікке сыныптай отырып, тәркіленуге жататын мүліктің және басқа да активтердің бастапқы бағалау құны;
салалар, органдар және баптар бойынша бөліп, орындауга түскен атқарушылық құжаттардың саны;
мемлекет кірісіне айналдырылған және түскен мүліктің нақты құны және қаражаттың сомасы туралы мәліметтерді енгізу

БП-ның бұйрығы

2022 жылғы ІV тоқсан

БП, мүдделі мемлекеттік органдар

      Ескерту: аббревиатуралар таратып жазылуы:

      "Атамекен" ҰКП - "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      АҚДМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      АХҚО комитеті - "Астана" халықаралық қаржы орталығының комитеті

      ӘдМ - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      БҚДА - Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      ҒЖБМ - Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ЕАТ - Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топ

      ЕХӘҚМ - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЖОО - жоғары оқу орны

      ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

      КЖ/ТҚ - кірістерді жылыстату/терроризмді қаржыландыру

      КЖ/ТҚҚІ - қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚМА - Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

      ҚНРДА - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      МҚІА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ПӘ - Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі

      ОАМ - Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      СЖРА ҰСБ - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

      СЖҚІА - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

      СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

      ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ФАТФ – Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы

      ЦДИАӨМ - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады