"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 1043 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінде:

      бүкіл мәтін бойынша "әскери оқу орындарына" деген сөздер "әскери, арнаулы оқу орындарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "әскери оқу орындарын", "әскери оқу орындары", "әскери оқу орындарының", "орта және жоғары оқу орындарының", "орта және жоғары оқу орындары" және "орта және жоғары әскери оқу орындарының", "орта және жоғары әскери оқу орындары" деген сөздер тиісінше "әскери, арнаулы оқу орындарын", "әскери, арнаулы оқу орындары" және "әскери, арнаулы оқу орындарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "Аэроұтқыр" деген сөз тиісінше "Десанттық-шабуылдау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "аға және кіші офицерлер құрамының", "аға және кіші офицерлер құрамында", "аға және кіші офицерлер құрамы", "келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша офицерлерінің" деген сөздер "келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін аға, кіші офицерлер құрамының", "келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін аға, кіші офицерлер құрамында", "келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін аға, кіші офицерлер құрамы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "әскерге шақыру бойынша офицерлер" деген сөздер "әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша офицерлер" деген сөздер "офицерлер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "сержанттары (старшиналары) мен сарбаздары (матростары)", "сержанттар (старшиналар) мен сарбаздардың (матростардың)", "сержанттары (старшиналары) мен сарбаздарының (матростарының)", "сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар)", "сержанттарда (старшиналарда), сарбаздарда (матростарда)", "сержанттардың (старшиналардың), сарбаздардың (матростардың)", "сержанттарының (старшиналарының), сарбаздарының (матростарының)", "сержанттарда (старшиналарда), сарбаздарда", "сержанттар мен сарбаздардың", "сержанттар мен сарбаздар", "сержанттар мен сарбаздарда", "сержанттары мен сарбаздарының", "сержанттарының және сарбаздарының", "старшиналар мен матростар", "старшиналар мен матростарда", "старшиналар мен матростардың" деген сөздер "қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамы", "қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының", "қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "келісімшарт бойынша және корабльдік әскери атақтары бар әскерге шақыру бойынша старшиналары мен матростарының" және "келісімшарт бойынша және әскерлер әскери атақтары бар әскерге шақыру бойынша старшиналары мен матростарының" деген сөздер "корабльдік әскери атақтары бар келісімшарт бойынша және шақыру бойынша қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының" және "әскерлер әскери атақтары бар келісімшарт бойынша және шақыру бойынша қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "келісімшарт бойынша сержанттары мен сарбаздарының" және "келісімшарт бойынша старшиналары мен матростарының" деген сөздер "келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "келісімшарт бойынша сержанттар мен сарбаздар" және "келісімшарт бойынша старшиналар мен матростар" деген сөздер "келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "әскерге шақыру бойынша сержанттар мен сарбаздар" және "әскерге шақыру бойынша старшиналар мен матростар" деген сөздер "әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "Кадет корпусының және "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілері", "Кадет корпусы және "Жас ұлан" республикалық мектебі тәрбиеленушілерінің", "Кадет корпусының және "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілерінде", "Кадет корпусының және "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілерінен" деген сөздер тиісінше "әскери колледждер ұландары (кадеттері) және "Жас ұлан" республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері", "әскери колледждер ұландарының (кадеттерінің) және "Жас ұлан" республикалық мектептері тәрбиеленушілерінің", "әскери колледждер ұландарында (кадеттерінде) және "Жас ұлан" республикалық мектептерінің тәрбиеленушілерінде", "әскери колледждер ұландарынан (кадеттерінен) және "Жас ұлан" республикалық мектептерінің тәрбиеленушілерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "Кадет корпусы тәрбиеленушілерінің", "Кадет корпусының тәрбиеленушілерінен" және "Кадет корпусының тәрбиеленушілері" деген сөздер тиісінше "әскери колледждер ұландарының (кадеттерінің)", "әскери колледждер ұландарынан (кадеттерінен)", "әскери колледждер ұландары (кадеттері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "Кадет корпусы", "Кадет корпусының" деген сөздер "әскери колледждер", "әскери колледждердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "1-қосымшаға сәйкес" деген сөздер "сипаттама мен суреттерге 1-қосымшаға сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" деген сөздер "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Шекара академиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "Әуе қорғанысы күштері" деген сөздер тиісінше "Әуе қорғанысы күштері және мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің" және "Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті" деген сөздер тиісінше "Ұлттық ұланының" және "Ұлттық ұланы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "Әскери прокуратурасы органдары" деген сөздер "әскери прокуратурасы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгісінің сипаттамасы мен суреттерінде (бұдан әрі – сипаттама мен суреттер) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) амуниция – қаруды, оқ-дәрілер мен басқа да әскери жабдықты алып жүруді жеңілдететін әскери киім нысанының заттары (белбеу, шағын сөмке, жақпарлы кеудеше);

      2) айырым белгісі – әскери қызметшілердің дербес әскери атағын, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға (оның ішінде әскери басқару органдарына, Қарулы Күштердің түрлеріне, әскер тектеріне, өңірлік қолбасшылықтарға, арнаулы әскерлерге, материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлеріне, аумақтық әскерлерге, әскери оқу орындарына, әскери-ғылыми мекемелерге, арнайы операциялар күштеріне, ведомстволарға және басқа да ұйымдарға) тиесілігін білдіретін әскери киім нысаны жабдығының элементтері;

      3) әскери киім нысаны – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген погоны бар нысанды киім (киім-кешек) және әскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілігін айқындайтын жабдық;

      4) ерекшелік белгісі – әскери қызметші наградталатын мемлекеттік және ведомстволық наградалар, төсбелгілер.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әскери киім нысанының түрлері: ерекше салтанатты, салтанатты, күнделікті, далалық, жұмыс.

      Ұлттық ұлан авиациясы әскери қызметшілерінің салтанатты және күнделікті киім нысаны Әуе қорғанысы күштерінің салтанатты және күнделікті киім нысанына ұқсас.

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі әскери қызметшілерінің күнделікті киім нысаны беретті (берет орнына фуражканы және әскери қызметші әйелдерге арналған шляпаны) қоспағанда, Әуе қорғанысы күштерінің күнделікті киім нысанына ұқсас.

      Шекара академиясының салтанатты және күнделікті киім нысаны Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің салтанатты және күнделікті киім нысанына ұқсас.

      Арнайы операциялар күштерінің салтанатты және күнделікті киім нысаны Десанттық-шабуылдау әскерлерінің салтанатты және күнделікті киім нысанына ұқсас.";

      86-тармақтағы "Шекара қызметінде" деген сөздер "Шекара академиясында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      115-тармақтағы "2-қосымшаға сәйкес" деген сөздер "сипаттама мен суреттерге 2-қосымшаға сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      122-тармақтағы "орта және жоғары әскери оқу орындары" деген сөздер "әскери оқу орындары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      124. Ұландар (кадеттер) мен тәрбиеленушілер погонына (194-сурет):

      әскери колледждер – "КК";

      "Жас ұлан" республикалық мектептері – "ЖҰ" деген әріптер орналастырылады.";

      127-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Шекара академиясының әскери қызметшілерінде – ашық жасыл түсті шеңбер, ортасында – күн, көгілдір түсті бесбұрышты жұлдыз, оның астында қалықтаған қыран. Жоғарғы бөлігінде – "ҚАЗАҚСТАН", төменде – "ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ" деген жазу;";

      131-тармақтың 2) тармақшасындағы "орта және жоғары әскери оқу орындарының" деген сөздер "әскери оқу орындарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      144-тармақтың 6) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамында, әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттарында, ұландарында (кадеттерінде) және тәрбиеленушілерінде – әскери атағының белгісі мен әріптер көлденең орналастырылады.";

      145-тармақтың 6) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамында, әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттарында, ұландарында (кадеттерінде) және тәрбиеленушілерінде – әскери атағының белгісі орналастырылады.";

      146-тармақтың 6) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамында, әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттарында, ұландарында (кадеттерінде) және тәрбиеленушілерінде – әскери атағының белгісі мен әріптер көлденең орналастырылады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттеріне 1-қосымшада:

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің фуражкаларындағы айнала жиектер мен жиектердің, пилоткаларындағы жиектердің, тельняшкаларындағы жолақтардың, шалбарларындағы жиектер мен лампастардың, мундирлері мен кительдеріндегі жиектердің түсінде, береттерінің түсінде:

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция және әскери қарсы барлау органдары

Жоғары офицерлер құрамы

салтанатты фуражка

-

кепи қара жусан түстес

қызыл

-

көк барқын

қызыл

күнделікті фуражка

қара жусан түстес

қызыл

Келісімшарт бойынша офицерлер, сержанттар мен сарбаздар, әскерге шақыру бойынша офицерлер

қара жусан түстес

ашық көк

ашық көк

берет қара жусан түстес кепи қара жусан түстес

ашық көк

-

Әскери қызметші әйелдер

-

-

-

әйелдер қалпағы ашық көгілдір түсті берет қара жусан түстес

ашық көк

-

Орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттары

-

ашық көк

-

қара жусан түстес

-

-

  "

      деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі

Жоғары офицерлер құрамы

күнделікті фуражка

-

кепи қара көк

ашық көк

-

қара көк

ашық көк

Офицерлер, қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамы (келісімшарт бойынша)

күнделікті фуражка

-

кепи қара көк

ашық көк

-

қара көк

ашық көк

Әскери қызметші әйелдер

-

-

ашық көк

әйелдер қалпағы күнделікті қара көк

ашық көк

-

  ";

      жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттеріне 2-қосымшада:

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің погондарындағы жолақтардың, көмкермелердің, негіздер мен жапсырмалардың түсінде:

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция және әскери қарсы барлау органдары

Жоғары офицерлер құрамы

алтын түстес

қызыл

-

ашық сұр түсті мундирде және сұрғылт түсті пальтода

-

сұрғылт

қызыл

-

Келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша офицерлер

алтын түстес

ашық көк

-

Келісімшарт бойынша сержанттар мен сарбаздар

алтын түстес

ашық көк

алтын түстес

Орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттары

қара жусан түстес

ашық көк

алтын түстес

Әскерге шақыру бойынша сержанттар мен сарбаздар

алтын түстес

ашық көк

алтын түстес

  "

      деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі

Жоғары офицерлер құрамы

қара көк

ашық көк

-

Офицерлер (келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша)

қара көк

ашық көк

-

Қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамы (келісімшарт бойынша)

қара көк

ашық көк

алтын түстес

  ";

      74, 75 және 80-суреттердегі "курсанттары мен" деген сөздер "курсанттарының, ұландары (кадеттері) мен тәрбиеленушілерінің," деген сөздермен ауыстырылсын;

      163, 164, 165, 166 және 167-суреттердегі "орта және жоғары оқу орындары" деген сөздер "әскери оқу орындары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      188-суреттегі "келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша сержанттарының және сарбаздарының" деген сөздер "қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      192, 199 және 207-суреттердегі "орта және жоғары әскери оқу орындары" деген сөздер "әскери оқу орындары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады