Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 1073 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталсын:

"Парасат" орденімен

      Нысанбаева Любовь Владимировна - "Қазақстанның қала құрылысшылары одағы" ҚБ президенті, Алматы қаласы;

"Құрмет" орденімен

      Дүйсенбаева Роза Айтжанқызы - "Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы" МКК дәрігері, Алматы қаласы;

"Ерлігі үшін" медалімен

      Нұржаубаев Қайрат Бекәлиханұлы - Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

      Мусаров Садыкжан Абдулович - "Hyundai Trans Auto" ЖШС өндіріс басшысы;

"Шапағат" медалімен

      Төлепберген Әділхан Темірханұлы - Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КеАҚ магистранты, Алматы қаласы.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады