Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 1074 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

      2) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтарының тізбесі ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен);

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Агенттіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 33 а.";

      Агенттіктің аумақтық органдарының тізбесінде:

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;";

      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Агенттіктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Сейфуллин көшесі, 37.";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 44-1), 44-2), 44-3), 44-4), 44-5), 44-6), 44-7), 44-8), 44-9), 44-10), 44-11), 44-12), 44-13), 44-14), 44-15), 44-16), 44-17) және 44-18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "44-1) құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының негізінде, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Агенттіктің және оның аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      44-2) Агенттікке құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      44-3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді айқындау тәртібі мен әдістерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеуді әзірлеу және бекіту;

      44-4) конкурстық негізде ауыстырылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы лауазымдарының тізбесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу шарттары мен тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің дербес деректерін қамтитын жеке істерін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастырудың мазмұны мен тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестаттауға жататын қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеуден өту тәртібі мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді, сондай-ақ лауазымдар санаттары үшін шекті мәндерді әзірлеу және бекіту;

      44-8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмыс стандарттарын (нақты жұмыс учаскесіндегі қызметкер қызметінің алгоритмі, ережелері және нәтижелеріне қойылатын талаптар) белгілеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ротациялауға жататын басшы лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-10) кадр резервін қалыптастыру тәртібін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтік мониторинг жүргізу тәртібі мен әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      44-12) Агенттіктің жеке құрамымен тәрбиелік, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кадрлық болжамды жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      44-14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадрлық қамтамасыз ету нәтижелерін және кадрлық саясат субъектілерінің жұмыс сапасын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      44-15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша күштеп әкелуді жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-17) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар, сондай-ақ басқа да үстемеақылар, қосымша ақылар белгілеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-18) азаматтардың өтініштерде, сұрауларда, жауаптарда және хабарламаларда көтеретін жүйелі проблемаларын қарау, талдау, мониторингтеу және анықтау;";

      Агенттіктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;";

      4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті біліктілік сыныптарының тізбесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын ("Қызметтік пайдалану үшін").

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады