ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Алауханов Есберген Оразұлы | - | "Қазақстанның ғылымы мен өмірі" халықаралық ғылыми журналының бас редакторы (келісім бойынша), |
Бейсембаев Ғани Бектайұлы | - | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі, |
Есқараев Азамат Несіпбайұлы | - | Қазақстан Республикасының Әділет министрі, |
Ластаев Артур Ермекұлы | - | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша), |
Нұрбек Саясат | - | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, |
Оралов Асхат Раздықұлы | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, |
Хасанова Шахноза Кулабдулақызы | - | "Сана Сезім" Әйелдер бастамалық құқықтық орталығы" қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша); |
мына жол:
"Ударцев Сергей Федорович | - | "Құқық және мемлекет" ғылыми заң журналының бас редакторы (келісім бойынша)" |
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Ударцев Сергей Федорович | - | Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы (келісім бойынша)"; |
аталған Комиссияның құрамынан: Д.Ә.Абаев, Э.Ә.Әзімова, И.Д.Меркель, Қ.С.Мусин, Е.Ә.Оңғарбаев шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |