Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 208 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 7, 8-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 5), 7), 8), 11-1) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4, 5-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Судья қызметіне:

Ақтөбе облысы бойынша:

Қарғалы аудандық сотына

Сәрсенова Данагүл Қайратқызы;

Алматы облысы бойынша:

Қарасай аудандық сотына

Өтегенова Жазира Әбдірәшидқызы;

Жамбыл облысы бойынша:

Талас аудандық сотына

Ізбасаров Қайрат Болатұлы
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қарағанды облысы бойынша:

Қарағанды қаласы
Әлихан Бөкейхан ауданының № 2 сотына

Екзеков Талғат Тұрсынұлы
осы облыстың Саран қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Қостанай облысы бойынша:

Амангелді аудандық сотына

Бекбосынов Ерлан Қайратұлы;

Қарабалық аудандық сотына

Усмаев Бек-Хан Ханпашаевич;

Қостанай қалалық сотына

Минх Евгения Витальевна;

Лисаков қалалық сотына

Айсенова Мәдина Зиноллақызы;
Сапабекова Алина Әлиқызы;

Рудный қалалық сотына

Бижанов Асылхан Айдарханұлы;
Жаңабаева Динара Сапарғалиқызы;
Иманбаева Гүлсүм Бағдадқызы;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданның сотына

Калинина Наталья Владимировна;

Мамлют аудандық сотына

Зубкова Инна Викторовна;

Түркістан облысы бойынша:

Сарыағаш аудандық сотына

Орынбаев Жасұлан Жұмағалиұлы;

Түркістан қалалық сотына

Ақынов Жанәбіл Болатұлы
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Шемонаиха аудандық сотына

Қалдаманова Қымбат Оразқанқызы

      тағайындалсын.

      2. Атқаратын қызметінен:

Ақтөбе облыстық сотының судьясы

Жапаров Еркін Мұсаханұлы
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;

Жамбыл облыстық сотының судьялары

Жұмағұлов Нұрлан Асуұлы
орнынан түсуіне байланысты;
Сыздықова Гүлнар Коминтернқызы
орнынан түсуіне байланысты;

Түркістан облыстық сотының судьясы

Жаппасова Клара Жаппасқызы
орнынан түсуіне байланысты;

Астана қаласы бойынша:

Алматы аудандық сотының судьясы

Смағұлова Нұргүл Ілесқызы
басқа жүмысқа ауысуына байланысты;

Есіл аудандық сотының судьясы

Құлақбаева Жанна Мұхтарқызы
басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы

Кушакова Марина Афанасьевна
орнынан түсуіне байланысты;

Алматы қаласы бойынша:

Алмалы ауданы № 2 аудандық сотының судьясы

Рамазанова Айжан Қадылбекқызы
басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

Медеу аудандық сотының судьясы

Жолманова Светлана Сәтбайқызы
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;

Шымкент қаласы бойынша:

Абай аудандық сотының судьясы

Мылтықбаев Қанат Елемесұлы
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;

Абай облысы бойынша:

Семей гарнизоны әскери сотының судьясы

Жүнісбеков Асқарбек Жүнісбекұлы
орнынан түсуіне байланысты;

Алматы облысы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы

Түменбаева Алмакүл Қанапияқызы
соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты;

Атырау облысы бойынша:

Атырау қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы

Трумова Дина Шоқанқызы
қайтыс болуына байланысты;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы

Губашев Нұрлан Ерболатұлы
қайтыс болуына байланысты;

Қарағанды облысы бойынша:

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы сотының судьясы

Мұхатжанова Бақыт Батбекқызы
орнынан түсуіне байланысты;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы

Дурдыев Рафаил Ибрагимович
орнынан түсуіне байланысты;

Теміртау қалалық сотының судьясы

Шаяхметова Айжан Ғазизқызы
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;

Теміртау қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы

Сыздықов Ерлан Ерғалиұлы
орнынан түсуіне байланысты;

Қостанай облысы бойынша:

Лисаков қалалық сотының судьясы

Ағыбаев Нұрлан Базарбайұлы
орнынан түсуіне байланысты

      босатылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады