"Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 291 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Банкноттар дизайнының қосымша элементтері:

      1) сериялық нөмірі және дизайнының бекітілген жылы;

      2) төрағалығы кезінде банкноттардың дизайны бекітілген Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы;

      3) банкноттарды қолдан жасау үшін жауаптылық туралы жазба.

      Соғылған жылы монеталар дизайнының қосымша элементі болып табылады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады