Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 423 Жарлығы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтыру) бекітілсін.

      2. Осы Жарлық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 1-тармағының он жетінші және он сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 423 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУ

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:

      15-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жүктелген міндеттерді шешу және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесін құқықтық, кадрлық, ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-техникалық, әскери-медициналық (медициналық), қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің бірыңғай саясатын тұжырымдау;";

      99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "99) ұлттық қауіпсіздік органдарында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      135) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "135) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      206) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "206) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен және Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      270) және 271) тармақшалар алып тасталсын;

      282) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "282) ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып, оқыту нысандарын, оның ішінде онлайн-оқытуды қолдану және оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 282-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "282-1) курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      19-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) халықаралық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған мәселелер бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында өзге мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен немесе құқық қорғау органдарымен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілерін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жібереді;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және өзге де ұйымдарына, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде халықаралық ұйымдарға іссапарға жібереді;";

      "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі" бөлімінің "Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген кіші бөлімінде:

      реттік нөмірлері 7, 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша тергеу изоляторы.

      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша тергеу изоляторы.

      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша тергеу изоляторы.".

      2. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкері антының мәтінін және оны қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 319 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің ант қабылдау қағидаларында:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес:".

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі туралы ережеде:

      15-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде төтенше, соғыс жағдайы немесе әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай режимдерін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысу;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады