"Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 488 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай саясатты қамтамасыз ету мақсатында "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 28 ақпандағы
№ 488 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 13 сәуірдегі
№ 371 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының ТІЗБЕСІ

Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 15-тармағының 214) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысына "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13 және 14-баптарында айқындалған барлық мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттіктер беріледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша өздерінің құпияландыруға жататын мәліметтерінің ведомстволық тізбелерін бекітеді.

      3. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13 және 14-баптары негізінде мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттіктер беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9), 11), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 16), 18), 23), 26), 27), 28), 29), 34) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 7) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 15), 16), 17), 18), 18-1), 19) тармақшалары;

      2) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4), 12) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 5), 13), 14), 15), 16), 17), 19) тармақшалары;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4), 12) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 5), 13), 14), 15), 16), 17), 19) тармақшалары;

      4) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1), 2), 3), 9), 10), 11), 15), 17), 18), 28), 29) тармақшалары, 13-бабының 1) 2), 7), 8) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      5) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасы, 12-бабының 28) тармақшасы, 13-бабының 1) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      7) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 15), 16), 17), 19) тармақшалары;

      8) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 16), 21), 23), 25), 26) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 5), 6) тармақшалары, 14-бабының 1), 5), 6), 7), 10), 11), 12), 16), 17), 18), 18-1), 19) тармақшалары;

      9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 17), 18), 32) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      10) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 11), 12), 16), 17), 19) тармақшалары;

      11) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 19), 20), 21), 22) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 13), 14), 16), 19), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 10), 16), 17), 18-1), 19) тармақшалары;

      12) Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 13), 14), 16), 23), 24), 25), 26), 27), 29), 31), 33), 34), 35) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 6) тармақшалары, 14-бабының 1), 1-1), 5), 6), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 18-1), 19) тармақшалары;

      13) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1), 3), 4), 5), 6), 11), 12), 13), 16), 17), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 3), 4), 6), 13), 14), 16), 21), 23), 26), 27), 28), 29), 33) тармақшалары, 14-бабының 10), 16), 17), 19) тармақшалары;

      14) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5), 13) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 9), 10), 11), 12), 15), 24), 26), 28), 29), 30), 31), 32) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 6) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      15) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасы, 12-бабының 12), 13), 14), 15), 16), 18), 32) тармақшалары, 13-бабының 5) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      16) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6), 7), 8), 9), 10), 12), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 13), 14), 21), 31), 34), 36) тармақшалары, 13-бабының 1), 2) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      17) Қазақстан Республикасының Энергетика министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7), 9), 12), 13), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 12), 14), 20), 21), 24), 28), 29), 30), 35) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      18) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8) тармақшасы, 12-бабының 2), 28), 29) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      19) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1), 12), 26), 28), 29), 30) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      20) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12), 13), 14), 15), 16), 19), 21) тармақшалары, 12-бабының 3), 13), 22) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      21) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      22) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      23) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 13) тармақшасы, 12-бабының 28), 29) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      24) Қазақстан Республикасының Eңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      25) Қазақстан Республикасының Әділет министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасы, 12-бабының 15) тармақшасы, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      26) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 28) тармақшасы, 13-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      27) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1), 3), 4) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      28) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      29) Қазақстан Республикасының Көлік министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасы; 12-бабының 1), 23), 24), 25), 26), 28) тармақшалары, 13-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      30) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5), 6), 7), 10), 12), 13), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 6), 7), 9), 10), 11), 13), 14), 19), 20), 23), 26), 28), 29), 31) тармақшалары, 13-бабының 3), 5) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;

      31) Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі – "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары.

      4. Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған және (немесе) қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органымен келісім бойынша олардың салалық, ведомстволық немесе бағдарламалық-нысаналық тиістілігіне сәйкес құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбелерін әзірлеу, қайта өңдеу және бекіту бойынша шаралар қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады