"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 525 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Комиссия құрамын Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді және ол төрағадан, екі орынбасардан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.

      Комиссия төрағасы, төрағаның орынбасарлары және мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.

      11. Комиссия төрағасы Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орынбасарларына, хатшысына және Комиссия мүшелеріне тапсырмалар береді, оның отырыстарының күн тәртібін айқындайды, Комиссияның қызметтік құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына қол қояды, адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты кеңестерге қатысады, Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісінің келісуімен Қазақстан Республикасының Президентіне Комиссия қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

      Комиссия төрағасы болмаған кезде қызметтік құжаттарға, ұсынымдар мен қорытындыларға Комиссия төрағасының орынбасарларының бірі қол қояды.

      Комиссия төрағасы және оның орынбасарлары болмаған кезде Комиссияның қызметтік құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына оның хатшысы қол қояды.

      12. Комиссияның отырыстарын оның төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырады. Комиссия отырыстары, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болып саналады.

      Комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның отырыстарында Комиссия төрағасының орынбасарларының бірі төрағалық етеді.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Комиссия құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 22 сәуірдегі
№ 525 Жарлығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 19 наурыздағы
№ 1042 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

Рогов
Игорь Иванович

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директорының орынбасары, төраға (келісім бойынша)

Әбішев
Тастемір Дәуітұлы

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық сарапшы (келісім бойынша), төрағаның орынбасары

Сәбитова
Айнұр Әлімханқызы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтының директоры (келісім бойынша), төрағаның орынбасары


      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)


Александр
(Могилев Александр
Геннадьевич)

Астана және Қазақстан митрополиті, Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің басшысы (келісім бойынша)

Борашева
Гүлмира Майорқызы
 

"Қайрат Иманалиев атындағы мүмкіншілігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Байсақова
Зүлфия Мұхамедбекқызы

Қазақстан Республикасындағы "Дағдарыс орталықтары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)


Бикебаев
Айдын Жолшыұлы

- Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы (келісім бойынша)

Волкова
Ольга Александровна

- Қоғам қайраткері (келісім бойынша)

Воронов
Виталий Иванович

- Адвокат, "Алматы заң корпорациясы" мекемесінің президенті (келісім бойынша)

Дэулеталин
Сатыбалды Телағысұлы

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша)

Жаркенова
Светлана Бақытқызы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры (келісім бойынша)

Жасымбекова
Светлана Саламатқызы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Көші-қон агенттігі - Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының көші-қон жөніндегі бағдарламаларының аға ұлттық үйлестірушісі (келісім бойынша)

Имашева
Снежанна Валерьевна

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Қазкенов
Руслан Қазыбекұлы

- "Civic peace" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Лукин
Андрей Иванович

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Нұрғазиева
Бану Ғаниқызы

- "Қазақстанның азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Осокина
Ирина Юрьевна

Астана қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты (келісім бойынша)


Пен
Сергей Геннадьевич

Maqsut Narikbayev University (KAZGUU) провосты (ректоры) (келісім бойынша)

Соловьева
Айгүл Сағадибекқызы

"Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің Басқарма төрайымы (келісім бойынша)

Сман
Айсана Сманқызы

Адам құқықтары жөніндегі сарапшы (келісім бойынша)

Тіреуов
Қанат Маратұлы

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы - ректоры (келісім бойынша)

Турмағамбетова
Жеміс Өтегенқызы

"Адам құқықтарын жақтаушы хартия" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)

Ударцев
Сергей Федорович

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы (келісім бойынша)

Өтпенов
Наурызбай Тағанұлы

Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

Хасанова
Шахноза Кулабдулақызы

"Сана Сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы" қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады