Қазақстан Республикасы | |
Президенті мен Үкіметі | |
актілерінің жинағында | |
жариялануға тиіс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін автомобиль жолдарымен жүрген кезде көлік құралдарының рұқсат етілетін массалары, осьтік жүктемесі және габариттері туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 125 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғарин Келісімге Қазақстан Республикасының атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.";
жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған Келісімнің жобасы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 531 Жарлығына ҚОСЫМША |
|
Қазақстан Республикасы | |
Президентінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 125 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН |
|
Жоба |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін автомобиль жолдарымен жүрген кезде көлік құралдарының рұқсат етілетін массалары, осьтік жүктемесі және габариттері туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,
Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға, еуразиялық көлік дәліздері бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарының тиімділігін арттыруға ұмтыла отырып, мүше мемлекеттердің автомобиль жолдары инфрақұрылымын сақтауды және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын сезіне отырып, төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
"автобус" - жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған, жүргізуші орнын есептемегенде отыруға арналған орны 8-ден асатын көлік құралы;
"автопойыз" - жүк автомобилі мен тіркемеден (тіркемелі автопойыз), тартқыштан және жартылай тіркемеден (ершікті автопойыз) тұратын біріктірілген көлік құралы;
"жүк автомобилі" - өз қозғалтқышымен жабдықталған және жүктерді автомобиль жолдарымен тасымалдауға арналған көлік құралы;
"көлік құралының рұқсат етілетін биіктігі" - жүгі бар немесе жүксіз көлік құралының № 1 қосымшада көрсетілген мәндерден аспайтын биіктігі;
"көлік құралының рұқсат етілетін ұзындығы" - жүгі бар немесе жүксіз көлік құралының № 1 қосымшада көрсетілген мәндерден аспайтын ұзындығы;
"көлік құралының рұқсат етілетін ені" - жүгі бар немесе жүксіз көлік құралының № 1 қосымшада көрсетілген мәндерден аспайтын ені;
"көлік құралының рұқсат етілетін массасы" - жүгі бар немесе жүксіз көлік құралының № 2 қосымшада көрсетілген мәндерден аспайтын массасы;
"оське немесе осьтер тобына келетін рұқсат етілетін масса" - автомобиль жолының бетіне көлік құралының осі немесе осьтерінің тобы арқылы берілетін, шамасы № 3 қосымшада көрсетілген мәндерден аспайтын жүгі бар немесе жүксіз масса;
"еуразиялық көлік дәлізі" - мүше мемлекеттердің аумақтарымен өтетін халықаралық көлік дәліздері желісіне де интеграцияланған және халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді олар ең көп шоғырланған бағыттарда тасымалдауды қамтамасыз ететін маршруттар жиынтығы, сондай-ақ осы тасымалдарды жүзеге асырудың технологиялық және ұйымдастырушылық-құқықтық шарттарының жиынтығы;
"мүше мемлекеттің құзыретті органы" - мүше мемлекеттің осы Келісімді іске асыруға байланысты мәселелер өкілеттіктеріне жатқызылған атқарушы билік органы;
"бөлінбейтін жүк" - тұтынушылық қасиеттерін жоғалтпай немесе оны зақымдау қаупінсіз бөліктерге бөлуге келмейтін жүк. Ірі габаритті көлік құралымен тасымалдаған кезде осындай жүкті көлік құралына тиеген кезде оның рұқсат етілетін габариттерінен асып кететін габариті (габариттері) бойынша бөлінбейтін болып табылатын жүк бөлінбейтін жүк болып саналады;
"жартылай тіркеме" - жүктерді тасымалдау үшін арнайы жабдықталған, тартқышқа осы көлік құралының бір бөлігі тікелей тартқышта орналасатындай және оған өз салмағының бір үлесін беретіндей етіп қосуға арналған көлік құралы;
"тіркеме" - тартқышпен немесе жүк автомобилімен сүйреу арқылы жүк тасымалдауға арналған көлік құралы;
"буынды автобус" - бір-бірімен топсамен қосылған және әрбір секциясында жолаушылардың бір салоннан екіншісіне еркін өтуіне мүмкіндік беретін жолаушылар салоны бар екі немесе одан да көп қатты секциялардан тұратын автобус;
"арнаулы рұқсат" - жүгі бар немесе жүксіз салмақ және (немесе) габариттік параметрлері осы Келісімге сәйкес белгіленген рұқсат етілетін мәндерден асатын көлік құралының еуразиялық көлік дәлізімен жүріп өтуіне мүше мемлекеттің уәкілетті органы белгіленген тәртіппен берген бір мәртелік немесе көп мәртелік рұқсат;
"тартқыш" - өз қозғалтқышымен жабдықталған және тек қана немесе негізінен тіркемені немесе жартылай тіркемені сүйретуге арналған көлік құралы;
"ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті көлік құралы" - жүгі бар немесе жүксіз барынша жоғары салмақ және (немесе) габариттік параметрлері осы Келісімге № 1 - 3 қосымшаларда көрсетілген мәндерден асатын көлік құралы;
"мүше мемлекеттің уәкілетті органы" - мүше мемлекеттің арнаулы рұқсат беруді жүзеге асыратын мемлекеттік билік органы.
2. Осы Келісімде пайдаланылатын өзге ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалған мағыналарда қолданылады.
Осы Келісім мүше мемлекеттердің еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін автомобиль жолдарымен (бұдан әрі - автомобиль жолдары) жүрген кезде көлік құралдарының рұқсат етілетін массаларын, осьтік жүктемесін және габариттерін белгілейді. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық көлік дәліздерінің тізбесін бекітеді.
1. Көлік құралдарының осы Келісімде айқындалатын рұқсат етілетін массалары, осьтік жүктемесі және габариттері көлік құралдарын автомобиль жолдарымен өткізудің техникалық мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың мөлшері мен массаларына қойылатын ең төменгі талаптар ретінде сақталады.
Көлік құралдарының осы Келісімде белгіленген рұқсат етілетін массалары, осьтік жүктемесі және габариттері көлік құралдарының өндірісіне қатысты емес.
2. Мүше мемлекеттердің заңнамасында тиісті мүше мемлекеттің автомобиль жолдарымен жүрген кезде көлік құралдарының рұқсат етілетін массасының, осьтік жүктемесінің және габаритінің өзге мәндері белгіленуі мүмкін, олар осы Келісімде белгіленген мәндерден төмен болмауға тиіс.
3. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес автомобиль жолдарында көлік құралдарының жүруі кемсітпеушілік негізінде уақытша шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Мұндай автомобиль жолдарымен көлік құралдарының жүруін уақытша шектеу немесе тоқтату туралы шешімдер қабылданған жағдайда олардың иелері жол жүрісін, оның ішінде айналма жол жасау арқылы ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушыларды көлік құралдарының жүруін уақытша шектеу немесе тоқтату мерзімдері туралы және айналма жолды пайдалану мүмкіндігі туралы хабардар етеді.
Автомобиль жолының конструкциялық элементтерінің тірек қабілеті қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардың салдарынан төмендеген кезеңге автомобиль жолдарында осы Келісімге № 2 және 3 қосымшаларда көрсетілген көлік құралдарының рұқсат етілетін массаларының және көлік құралының осіне немесе осьтер тобына келетін массасының мәндерін төмендетуге жол берілмейді.
1. Автомобиль жолдарымен тасымалдарды жүзеге асырған кезде мүше мемлекеттер көлік құралдарының габариттері, массалары және көлік құралдарының осіне немесе осьтер тобына келетін массасы осы Келісімде және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мәндерден аспауына ұмтылуға тиіс.
2. Осы Келісімге № 1-3 қосымшаларда көрсетілген рұқсат етілетін массалардан, осьтік жүктемеден және габариттік мәндерден асып кеткен, ал осы Келісімнің 3-бабының 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында өзге мәндер белгіленген жағдайда осы мәндерден асып кеткен кезде көлік құралының автомобиль жолдарымен жүруі үшін арнаулы рұқсаттың болуы талап етіледі.
3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында осы баптың 2-тармағында көрсетілген ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті көлік құралдарының бөлінбейтін жүктермен жүруіне арнаулы рұқсаттар беру үшін шектеулер белгіленуі мүмкін.
Мүше мемлекеттер автомобиль жолдары, автомобиль жолдарының учаскелері массаның, осьтік жүктеменің және габариттердің осы Келісімде белгіленген рұқсат етілетін мәндері бар көлік құралдарының олармен жүруі үшін қойылатын талаптарға толық шамада сай келуі үшін шаралар қабылдайды.
Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.
1. Мүше мемлекеттер осы Келісімді іске асыру үшін жауапты уәкілетті және құзыретті органдарды айқындайды.
2. Мүше мемлекеттер осы Келісімді іске асыру үшін жауапты уәкілетті және құзыретті органдар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекеттік ішкі рәсімдердің орындалғаны туралы хабарламамен бір мезгілде хабардар етеді. Уәкілетті немесе құзыретті органның атауы өзгерген жағдайда тиісті мүше мемлекет бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етеді.
Мүше мемлекеттердің құзыретті және (немесе) уәкілетті органдарының өкілдері осы Келісімді іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесулерін өткізе алады.
1. Осы Келісім депозитарий осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекеттік ішкі рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2. Мүше мемлекеттердің өзара келісуі бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер енгізілуі мүмкін.
3. Осы Келісім Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Одақтың құқығына кіреді.
20__жылғы "__" ______ ______ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін | Беларусь Республикасы үшін | Қазақстан Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін |
Ресей Федерациясы үшін |
Көлік құралдарының рұқсат етілетін габариттері
(метр) |
Көлік құралының немесе көлік құралдарының біріктірілген типі |
Көлік құралының рұксат етілетін ұзындығы |
Ескертпе:
1. Көлік құралдарының рұқсат етілетін шекті габариттеріне алып-салынатын шанақтардың және жүктерге арналған ыдыстардың, оның ішінде контейнерлердің мөлшері кіреді және автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде пайдаланылатын көлік құралдарының аспалы жабдықтарының мөлшері кірмейді.
2. Ұзындықты өлшеген кезде көлік құралына орнатылған мынадай құрылғылар есепке алынбайды:
жел әйнектерін тазалау және жуу құрылғылары;
алдыңғы және артқы тіркеу белгілерінің тақтайшалары мен мемлекеттік тіркеу белгілерін бекітуге арналған конструктивтік элементтер;
кедендік пломбалау және оны қорғау элементтері;
тентті бекіту құрылғылары және оларды қорғау элементтері;
жарықтандыру және жарық сигнализациясы құрылғылары;
сыртқы айналар және тікелей шолып көрсетпейтін басқа құрылғылар;
қосалқы бақылау құралдары;
іштен жану қозғалтқышының енгізу жүйесіне ауа жинау құрылғылары;
бөлшектенетін шанақтарға арналған тоқтату құрылғылары;
баспалдақтар мен тұтқалар;
икемді буферлік құрылғылар немесе ұқсас жабдық;
көлік құралының жүк көтергіштігінің үлғайтылмауы шартымен габариттік мөлшерді 300 мм-ден артық ұлғайтпайтын жүруге арналған қалыптағы көтергіш платформалар, рампалар және ұқсас жабдықтар;
көлік құралдарының тіркеу және сүйреу құрылғылары;
шығару жүйесінің түтікшелері;
алмалы-салмалы спойлерлер;
байланыс желісінен электр қуатын алатын көлік құралдарының ток қабылдағыштары;
күннен қорғайтын сыртқы күнқағарлар.
3. Енін өлшеген кезде көлікке монтаждалған мынадай құрылғылар есепке алынбайды:
кедендік пломбалау және оны қорғау элементтері;
тентті бекіту құрылғылары және оларды қорғау элементтері;
шиналардағы қысымды бақылау құрылғылары;
дөңгелектің астынан шашыраудан қорғау жүйесінің шығып тұратын икемді бөліктері;
М3 санатындағы көлік құралдарының жүруге арналған қалыптағы кіру рампалары, көтергіш платформалары және жүруге арналған қалыптағы ұқсас жабдығы, бұл құрылғылардың көлік құралының бүйір жақ бетінен 10 мм-ден артық шығып тұрмауы әрі ілгері және кейін бағытталған рампалардың бұрыш жиектерінің доғалдану радиусы кемінде 5 мм болуы шартымен;
бұл ретте басқа жиектердің доғалдану радиусы кемінде 2,5 мм болуға тиіс;
сыртқы айналар және тікелей шолып көрсетпейтін басқа құрылғылар;
қосалқы бақылау құралдары;
жиналмалы баспалдақтар;
жарықтандыру және жарық сигнализациясы құрылғылары;
беткі қабатпен жанасатын жерінің дәл үстіндегі шиналардың бүйір қабырғаларының деформацияланатын бөлігі.
4. Биіктікті өлшеген кезде көлік қүралына монтаждалған мынадай құрылғылар есепке алынбайды:
антенналар;
көтерілген қалыптағы пантографтар немесе тоқ қабылдағыштар.
Көлік құралдарының рұқсат етілетін массалары
Көлік құралының немесе көлік құралдарының біріктірілген типі, осьтердің саны мен орналасуы |
Көлік құралының рұқсат етілетін массасы (тонна) |
Жеке-дара автомобильдер |
18
18
28
28 |
Оське немесе осьтер тобына келетін рұқсат етілетін массалар
Көлік құралы осьтерінің орналасуы* | Таяу орналасқан осьтердің арасындағы қашықтық (метр) | Дөңгелекті көлік құралының осіне рұқсат етілетін жүктеме (тонна)** |
Жеке-дара ось | 2,5-ден артық | 10,5 (11,5) |
1 -ге дейін (қоса алғанда) | 11,5 (12,5) | |
1-ден артық 1,3-ке дейін (қоса алғанда) | 14 (16) | |
1,3-тен артық 1,8-ге дейін (қоса алғанда) | 17 (18) | |
1,8-ден артық 2,5-ке дейін (қоса алғанда) | 18 (20) | |
Таяу орналасқан үш қатар осьтер тобы | 1-ге дейін (қоса алғанда) | 17 (18) |
1-ден артық 1,3-ке дейін (қоса алғанда) | 20 (21) | |
1,3-тен артық 1,8-ге дейін (қоса алғанда) | 23,5 (24) | |
1,8-ден артық 2,5-ке дейін (қоса алғанда) | 25 (26) | |
Осьтер саны 3-тен асатын таяу орналасқан осьтер тобы (бір осьте 2-ден аспайтын бір қатарлы немесе екі қатарлы дөңгелек) | 1-ге дейін (қоса алғанда) | 5,5 (6) |
1-ден артық 1,3-ке дейін (қоса алғанда) | 6,5 (7) | |
| 7,5 (8) | |
1,8-ден артық 2,5-ке дейін (қоса алғанда) | 8,5 (9) | |
Осьтер саны 2 және одан да көп таяу орналасқан осьтер тобы (бір оське 4 (қоса алғанда) және одан да көп бір қатарлы немесе екі қатарлы дөңгелек) | 1-ге дейін (қоса алғанда) | 11 |
1-ден артық 1,3-ке дейін (қоса алғанда) | 12 | |
1,3-тен артық 1,8-ге дейін (қоса алғанда) | 14 | |
Көлік құралы осьтерінің орналасуы* | Таяу орналасқан осьтердің арасындағы қашықтық (метр) | Дөңгелекті көлік құралының осіне рұқсат етілетін жүктеме (тонна)** |
1,8-ден артық 2,5-ке дейін (қоса алғанда) | 16 |
*Жеке-дара ось - көлік құралының ең жақын басқа осінен 2,5 метрден астам қашықтықта орналасқан осі.
Таяу орналасқан осьтер тобы - конструкциялық жағынан арбаға біріктірілген және (немесе) біріктірілмеген, ең жақын осьтер арасындағы қашықтық 2,5 метрге дейінгі (қоса алғанда) топтастырылған осьтер.
**Таяу орналасқан қосарланған және үш қатар осьтер топтары үшін - осьтердің бір тобына келетін рұқсат етілетін масса.
Ескертпе: 1. Бір қатарлы дөңгелегі бар осьтерге арналған мәндер жақшасыз берілген (көлік құралының бір шиналы дөңгелегі), жақшаның ішінде екі қатарлы дөңгелегі бар (көлік құралының екі шиналы дөңгелегі) осьтерге арналған мәндер жазылған.
2. Құрамында бір қатарлы және екі қатарлы дөңгелекті осьтері бар жақын орналасқан осьтер тобын құрамында бір қатарлы дөңгелекті осі бар жақын орналасқан осьтер тобы ретінде қарастыру керек.
3. Жақын орналасқан қосарланған және үш қатар орналасқан осьтер топтары үшін бір оське түсетін рұқсат етілетін жүктеме, осы ескертпенің 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осьтер тобына түсетін жүктемені топтағы осьтердің тиісті санына бөлу арқылы айқындалады.
4. Егер осьтер тобына түсетін жүктеме осьтердің тиісті тобына түсетін рұқсат етілетін жүктемеден аспайтын болса және осьтер тобындағы әрбір оське түсетін жүктеме бір қатарлы немесе екі қатарлы дөңгелектері бар тиісті жеке-дара оське түсетін жүктемеден аспайтын болса, қосарланған және үш қатар жақын орналасқан осьтер тобы үшін жүктемені осьтер бойынша біркелкі бөлмеуге жол беріледі.
5. Осьтер тобында осьаралық қашықтықтың мәндері әртүрлі болған кезде осьтер арасындағы әрбір қашықтыққа арифметикалық орташалау әдісімен алынған мән беріледі (топтағы барлық осьаралық қашықтықтың қосындысы топтағы осьаралық қашықтықтың санына бөлінеді).