"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 19 тамыздағы № 626 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері әскери қызметті "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Заң) көзделген ерекшеліктерді ескере отырып өткереді.";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әскери қызмет мерзімдері "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген және:";

      45-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын мемлекеттік саяси қызметшілер, лауазымды және өзге де адамдар лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – лауазымдар тізбесі) үшін әскери лауазымда болу мерзімі белгіленбейді.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Әскери қызметшіге бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді және оны атқаратын әскери лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатуды осы әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам жүзеге асырады.

      Бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару мерзімі үш айдан аспауға тиіс.

      Бос әскери лауазымды шұғыл атқару қажет болған кезде әскери лауазым тұрған әскери бөлім (мекеме) командиріне (бастығына) осы әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар бастықты жазбаша хабардар етіп, тиісті құрамның әскери қызметшілеріне бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды үш айдан аспайтын мерзімге жүктеуіне рұқсат етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 61-1 тармақпен толықтырылсын:

      "61-1. Осы Қағидалардың 60-тармағының 1) тармақшасына және 61-тармағына сәйкес бос әскери лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілуге тиіс лауазымдар тізбесінде көрсетілген лауазымдарға қатысты қолданылмайды.

      Қызметтік қажеттілік мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілуге тиіс лауазымдар тізбесінде көрсетілген бос әскери лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқару үш айдан аспайтын мерзімге орынбасарлардың біреуіне, ол болмаған кезде осы әскери басқару органдарының басқа лауазымды адамдарына жүктеледі.";

      152-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "152-1. Президенттік резервте тұрған кандидаттар лауазымдар тізбесінде көзделген лауазымдарға тағайындалады.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады