Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 938 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Тұжырымдаманы орындаудың аралық нәтижелерін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ұсынсын.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
"6.1. 2026 жылдың соңына қарайғы нысаналы индикаторлар" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"6.1. 2026 жылдың соңына қарай нысаналы индикаторлар:
орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі - ЖІӨ-дегі ЖҚҚ-ның 10,8%-ынан төмен емес;
бәсекелестіктің дамуын тежейтін тауар нарықтарына кіру кедергілерін жою - 2026 жылдың соңына қарай кемінде 54.";
"6.2. 2026 жылдың соңына қарай күтілетін нәтижелер":
3) тармақша алып тасталсын;
Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
мына:
"
1-нысаналы көрсеткіш. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі: 2022 жылы - 11,2%, 2023 жылы - 12,5%, 2024 жылы - 13,7%, 2025 жылы - 15%, 2026 жылы - 16% |
" |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"2-нысаналы көрсеткіш. Тауар нарықтарына кіру кедергілерін жою: 2023 жылы - 12, 2024 жылы - 13, 2025 жылы - 14, 2026 жылы – 15 |
"; |
"1-нысаналы көрсеткіш. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі: 2022 жылы - 11,2%, 2023 жылы - 12,5%, 2024 жылы - 13,7%, 2025 жылы - 15%, 2026 жылы - 16% |
" |
деген жол мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:
"
1-нысаналы көрсеткіш. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі: 2022 жылы - 6,9%, 2023 жылы - 6,7%, 2024 жылы - 8,2%, 2025 жылы - 9,5%, 2026 жылы - 10,8% |
"; |
реттік нөмірі 1-жолда "ИИДМ" деген сөз "ИИДМ*" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 17-жол алып тасталсын;
"Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:" мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"* - "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қатысты.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |