"Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 662 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген 2-тарауда:

      "Б" корпусы" деген бөлімде:

      В санаттарының тобында:

      В-3 санаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "В-3 санаты

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының сектор меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының сектор меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің сектор меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының сектор меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының сектор меңгерушісі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бас инспекторы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі басқармасының (қызметтің) басшысы

      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы".

      2. Осы Жарлық 2025 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының он жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады