Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына "Ұлттық" мәртебе беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 774 Жарлығы.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына "Ұлттық" мәртебе берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады