Әскери қызметшілердің және әскери қызметтен босатылған адамдардың әлеуметтік жағынан қорғалуын күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 2 шілдедегі № 828 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі N 677 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 04.09.2001 N 677 Жарлығымен (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді).

      Әскери қызметшілердің және әскери қызметтен босатылған адамдардың әлеуметтік жағынан қорғалуын күшейту, әскери қызмет міндеттерін орындау үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. 1992 жылғы 1 маусымнан бастап әскери қызметшілердің қолданылып жүрген лауазымдық жалақыларының мөлшері 80 процент, ал әскери атақтары бойынша жалақылары орташа есеппен 7,5 есе арттырылсын.
      2. 1992 жылғы 1 тамыздан бастап бұрын офицер құрамдағы адамдарға, мерзімнен тыс қызметтің прапорщиктеріне, мичмандарына, әскери қызметшілеріне және олардың отбасыларына тағайындалған зейнетақылардың мөлшері 1-тармаққа сәйкес белгіленген ақшалай үлес деңгейіне қарай өсірілсін.
      3. Осы Жарлықтың күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, шекара және ішкі әскерлерінің, Республикалық ұланын, Қазақстан Республикасы Мемлекет қауіпсіздігі комитеті мен басқа да арнаулы әскери бөлімшелердің әскери қызметшілеріне, адамдардың аталған санаттарының зейнеткерлеріне және олардың отбасыларының мүшелеріне қолданылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады