Атқарушы өкiметтiң орталық органдарының жүйесiн ретке келтiру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1993 жылғы 9 маусым N 1219. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.09.05. N 3097. Жарлығымен.

      Атқарушы өкiметтiң орталық органдарының жүйесiн ретке келтiру, ұйымдық-құқықтық мәртебесiн айқындау және мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Атқарушы өкiметтiң орталық органдарының ұйымдық-құқықтық нысандары: Қазақстан Республикасының министрлiгi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы комитет, Бас басқарма, агенттiк (Ұлттық агенттiк), инспекция Қазақстан Республикасы министрлiгi жанындағы департамент, агентство комитет болып табылады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының министрлiгi атқарушы өкiметтiң орталық органы болып табылады, ол өзiне жүктелген қызмет саласына (салааралық үйлестiру мен реттеудi қоса алғанда) немесе салаға басшылық жасайды. Министрлiк басшысы - министр лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң құрамына кiредi, өзiне жүктелген қызмет саласын дара басшылық негiзiнде басқарады және министрлiкке жүктелген функциялардың орындалуына жеке жауап бередi.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк комитетi атқарушы өкiметтiң орталық органы болып табылады, ол салааралық мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады. Мемлекеттiк комитеттiң төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң құрамына кiредi, дара басшылық принципiнде мемлекеттiк комитетке жүктелген функциялар бойынша жедел басшылық жасайды.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы комитет, Бас басқарма, агенттiк (Ұлттық агенттiк), инспекция атқарушы өкiметтiң орталық органдары болып табылады, олар өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк реттеу мен салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ басқа арнайы атқару, бақылау, рұқсат беру немесе қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
      5. Қазақстан Республикасының министрлiгi жанындағы

департамент агентство комитет атқарушы өкiметтiң орталық органы
болып табылады, ол арнайы атқару функцияларын министрлiктiң
өкiлеттiгi шегiнде орындайды немесе салалық министрлiк құрамында
бiр саланы реттеп отырады. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады