Мемлекеттiк акционерлiк "Қазақстан жолдары" компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1993 жылғы 21 маусым N 1251. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.05.12. N 2270 Жарлығымен.

      Жаңа нарықтық құрылымдарды қалыптастыру жағдайында Қазақстан Республикасы көлiк құрылысын мемлекеттiк реттеу автомобиль жолдарын жөндеу мен күтiп ұстаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Көлiк құрылысы министрлiгiнiң кәсiпорындары мен ұйымдары негiзiнде мемлекеттiк акционерлiк "Қазақстан жолдары" компаниясы құрылсын.
      Мемлекеттiк акционерлiк "Қазақстан жолдары" компаниясына республиканың көлiк-жол және көпiр құрылысы жөнiндегi қажетiн қамтамасыз ету, жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары желiсiн дамыту мен жетiлдiру, оның iшiнде оларды жөндеу мен күтiп ұстау жөнiндегi жұмысты үйлестiру, жол қорын жинау және оны тиiмдi пайдалану, жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары мен бұлардағы ғимараттар бойынша тапсырыс берушi функциясын орындау жүктелсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      - Қазақстан Республикасының Көлiк құрылысы министрлiгiмен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасында Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру жөнiндегi 1993 - 1995 жылдарға (II кезең) арналған ұлттық бағдарламаға сәйкес компанияны құру туралы құрылтай құжаттар пакетiн әзiрлейтiн болсын;
      - компания құрамына кiретiн кәсiпорындар тiзбесiн бекiтсiн;
      - мемлекеттiк мүлiк болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары мен олардағы ғимараттарды иелену, пайдалану және басқару құқығын беретiн болсын (бұлардың құнын компанияның Жарғылық қорына енгiзбестен);
      - Қазақстан Республикасы көлiк құрылысы министрлiгiнiң үйлерiн, ғимараттары және басқа мүлiктерiн компанияның Жарғылық қорына мемлекеттiк жарна ретiнде берсiн;
      - компания құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакетiн корпорацияның Жарғылық қорына өткiзсiн;
      - компанияның құрамына кiретiн кәсiпорындардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын берсiн. Бұл кәсiпорындар Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру жөнiндегi ұлттық бағдарламаға сәйкес акционерлiк қоғам етiлетiн және жекешелендiрiлетiн жағдайда акционерлiк қоғамдардың солардың негiзiнде құралатын мемлекеттiк акциялар пакетi компанияның иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiледi деп белгiленсiн.
      3. Мемлекеттiк акционерлiк "Қазақстан жолдары" компаниясы құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Көлiк құрылысы министрлiгi таратылсын.
      Компания Қазақстан Республикасы Көлiк құрылысы министрлiгiнiң мүлiк жөнiндегi құқылы мұрагерi болып анықталсын.
      4. Мемлекеттiк акционерлiк "Қазақстан жолдары" компаниясы президентiн Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды деп белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде шешiм қабылдайтын болсын.
      6. Мемлекеттiк басқару органдары мен әкiмдер жалпы пайдаланудағы жолдарды, олардағы ғимараттарды салу, жөндеу және күтiп ұстау жөнiнде "Қазақстан жолдары" компаниясына жәрдемдесiп отырсын.
      7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономикалық реформа жағдайында Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметiн жетiлдiру туралы" 1992 жылғы 7 ақпандағы N 600 жарлығының 4-тармағы 5-абзацының және 7-тармағы 17-абзацының күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж. N 4, 54-бап).
      8. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады