"Крамдс" Ұлттық акционерлiк компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1993 жылғы 21 маусым N 1257. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.03.15. N 2096 жарлығымен.

      Көпукладты нарықтық экономикаға көшудi жеделдету, материалдық өндiрiс салаларында бәсекелестiктi дамыту, сондай-ақ өнеркәсiптi басқарудың жаңа экономикалық тетiктерiн пысықтау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. "Крамдс" акционерлiк қоғамының негiзiнде мемлекеттiң қатысуымен холдинг үлгiсiндегi "Крамдс" Ұлттық акционерлiк компаниясы құрылсын. Компанияның жарғылық қорына қосымшаға сәйкес кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi берiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Байқаушы кеңестiң жеке құрамын бекiтсiн, оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң, Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң өкiлдерi енгiзiлсiн.
      2. "Крамдс" Ұлттық акционерлiк компаниясы ашық үлгiдегi акционерлiк қоғам болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қызмет атқарады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және "Крамдс" Ұлттық акционерлiк компаниясы екi ай мерзiмде мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлеу жөнiндегi жұмысты жүргiзсiн.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi

мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрлiгi "Қазақстанаудит" акционерлiк компаниясының қатысуымен
"Крамдс" Ұлттық акционерлiк компаниясының жарғылық қорын 
анықтасын.
     4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi "Крамдс" Ұлттық акционерлiк компаниясымен
бiрлесiп, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бiр ай мерзiмде
мемлекеттiк холдинг компанияларын қалыптастыратын болсын.
            Қазақстан Республикасының
                  Президентi
                                       Қазақстан Республикасы
                                             Президентiнiң       
                                       1993 жылғы 21 маусымдағы
                                           N 1257 Жарлығына
                                               Қосымша
            "Крамдс" Ұлттық акционерлiк компаниясына 
            мүлкi немесе акцияларының мемлекеттiк пакетi
            берiлетiн кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың
                         Тiзбесi
                             (Кесте) 
<*>

     Ескерту. Тiзбеге өзгерiстер енгiзiлген - ҚР Президентiнiң
              28.10.1993 ж. N 1389 және 24.11.1993 ж. N 1430
              Жарлықтарымен.
     Ескерту. Тiзбеден Краснооктябрьский боксит рудоуправлениесі
              (Қостанай облысы, п. Октябрьский), Торғай рудоуправлениесі
              (Арқалық қ.) және Павлодар алюминий зауыты (Павлодар қ.)
              алынып тасталған - ҚР Президентiнiң 2.05.1994 ж. N 1682
              Жарлығына сәйкес.
 
       
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады