Қазақ мемлекеттiк кинобейнефильмдер шығару, жалға беру және көрсету жөнiндегi концерндi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы ("Қазақкино" мемкомпаниясы) етiп қайта құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 3 қыркүйек N 1343. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Ұлттық кинематография жүйесiн басқаруды жетiлдiру, халықтық дәстүрлер мен рухани қазыналарды қайта түлетуде кино өнерiнiң ролiн арттыру мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақ мемлекеттiк кинобейнефильмдер шығару, жалға беру және көрсету жөнiндегi концернi, оның құрамына кiретiн республикалық, облыстық, Алматы және Ленинск қалалық кинобейнеұйымдармен, кәсiпорындармен және бiрлестiктермен қоса Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк кинокомпаниясы ("Қазақкино" мемкомпаниясы) болып қайта құрылып, оған мемлекеттiк басқару органының мәртебесi берiлсiн. 
      2. "Қазақкино" мемкомпаниясы жергiлiктi әкiмшiлiктер жанындағы кинематография органдарымен бiрге республиканың бiрыңғай кинематография жүйесiн құрайды деп белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазақкино" мемкомпаниясына оның құрамына кiретiн бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың, "Қазақкино-бөлшек" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқын берсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi: 
      - екi айлық мерзiм iшiнде "Қазақкино" мемкомпаниясы туралы 
Ереженi бекiтсiн.
      - "Қазақкино" мемкомпаниясының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оның қызметкерлерiнiң еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсартуға бағытталған шаралар қабылдансын.
      5. Осы Жарлық жарияланған сәттен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi 

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады