Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi бас басқарманы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет етiп қайта құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 7 қаңтар. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету, стандарттардың сақталуына мемлекеттiк қадағалау жүргiзу және тұтыну нарығын сапасыз өнiмдерден, жұмыстар мен қызмет көрсетулерден тиiмдi қорғау мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi бас басқарма Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет болып қайта құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады, оған басшылықты Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады деп белгiленсiн. 
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 
      стандарттаудың, сертификаттаудың және өлшем бiрлiгiнiң мемлекеттiк жүйесiн жасау; 
      стандарттауды, метрология мен сертификаттауды дамытудың перспективалық және ұзақ мерзiмдi болжамдарының негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 
      стандарттау, метрология және сертификаттау саласында республиканың министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерiне, ведомстволарына, кәсiпорындары мен ұйымдарына ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру; 
      республикалық стандарттарды әзiрлеудi және сараптауды, бекiтудi, тiркеудi ұйымдастыру, мемлекетаралық, халықаралық және ұлттық шетел стандарттарының қорын жүргiзу; 
      Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету, нақты көлем бiрлiгiнiң эталондық негiзiн жасау; 
      республикада өнiмдi сертификаттауды жүргiзу жөнiндегi бiрыңғай ереже белгiлеу; 
      сертификаттау жөнiндегi органдар мен сынақ орталықтарын аккредиттеу болып белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетке Үкiметтiң тапсыруы бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық, шетелдердегi аймақтық және ұлттық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру өкiлдiгi берiлсiн. 
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетке, оған жүктелген мiндеттер шегiнде, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындар, ұйымдар және республикадағы экономикалық қатынастағы басқа да субъектiлер орындауға мiндеттi шешiмдер қабылдау құқы берiлсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Үкiметтiң шешiмдерiне осы Жарлықтан туындайтын қажеттi өзгерiстердi екi ай мерзiмде енгiзетiн болсын.
      6. Жарлық жарияланған сәттен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

       Алматы, 1994 жылғы 7 қаңтар
      N 1490

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады