Тұтынуға жұмсалатын қаражатты мемлекеттiк реттеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 10 қаңтардағы. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.07.18. N 2367 жарлығымен. ~U952367

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде және тұтынуға жұмсалатын қаражатты мемлекеттiк реттеу мақсатында қаулы етемiн:
      1. Былай деп белгiленсiн:
      - табыс салықтарын төлегеннен кейiн және бюджетке басқа да төлемдер жасағаннан кейiн меншiктiң және шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарындағы кәсiпорындарда қалған пайда /таза пайда/ алып қоюға жатпайды және оны меншiк иесi белгiлеген тәртiп бойынша өздерi бөледi.
      Пайдадан тұтынуға жұмсалатын қаражат Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген норматив бойынша анықталады.
      - тұтынуға жұмсалатын қаржының оның нормаланғандағы көлемiнен асып кеткен сомасы пайдаға салық салынатын қосымша объект болып табылады;
      - өткiзiлген өнiмiнiң /жұмысының, көрсеткен қызметiнiң/ өзiндiк құнының құрамында қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеудегi нақтылы шығыстарын олардың нормаланған шамасымен салыстырғандағыдан асырып жiберген кәсiпорындар, меншiк нысанына және қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесiне қарамастан, бюджетке пайдадан алынатын салықты осы шығыстардың артып кеткен сомасынан төлейдi.
      Бұл ретте еңбек ақы төлеу шығыстарының белгiленген тәртiппен анықталатын осы шығыстардың нақтылы есептелген шамасы мен нормаланған шамасы арасындағы айырма ретiнде есептелген артып кеткен сомасына пайдадан алынатын салық 4 коэффициентi қолданылып, қазiргi ставкасы бойынша салынады.
      Өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құнына қосылатын еңбекке ақы төлеу шығыстарының нормаланған шамасын анықтау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.
      Осы тармақтың қағидалары Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес тiркелген жарлық қорына шетел капиталының үлесi 30 проценттен асатын шетелдiк қатысушылары бар кәсiпорындарға қолданылмайды.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi меншiктiң және шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарындағы кәсiпорындар үшiн тұтынуға жұмсалатын қаражатты мемлекеттiк реттеудiң тетiгiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
      3. Осы Жарлықтың Заңмен бiрдей күшi бар және ол Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 13 ақпанда қабылданған "Кәсiпорындар туралы" Заңына /Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 96-бап, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж.,N 10,

 

253-бап/ және Қазақ ССР-iнiң "Кәсiпорындардан, бiрлестiктер мен

ұйымдардан алынатын салық туралы" 1991 жылғы 14 ақпандағы Заңына

/Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 9, 116-бап/

тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн қолданылатын

болады.

     4. Жарлық 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi


     Алматы қаласы. 1994 жылғы 10 қаңтар

                 N 1495






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады