Валюта операцияларынан алынатын жергiлiктi алымдардың күшiн жою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 27 қаңтар N 1527. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.07.18. N 2367 жарлығымен. ~U952367

      "Қазақстан Республикасы Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикада валюталық нарықты қалыптастыру жөнiндегi қосымша шараларды жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Шетел валюталарын сатып алу-сату кезiндегi мәмiлелерден алынатын жергiлiктi алымдардың күшi жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Қазақстан

Республикасындағы салық жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Заң жобасын жаңадан сайланған
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзетiн
болсын.
     3. Бұл Жарлықтың Заңмен бiрдей күшi бар және ол "Қазақстан
Республикасындағы салық жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының
1991 жылғы 24 желтоқсандағы Заңына тиiстi өзгертулер енгiзiлгенге
дейiн қолданылады.
     4. Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     Алматы. 1994 жылғы 27 қаңтар
               N 1527 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады