1994 жылға арналған республикалық бюджет туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1994 жылғы 27 қаңтар N 1529

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес қаулы етемiн:

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынған 1994 жылға арналған республикалық бюджет қосымшаға сәйкес, кiрiсi бойынша 39 246 685 мың теңге сомасында, шығысы бойынша 47 058 806 мың теңге сомасында, тапшылықтың шектi мөлшерi 7812 121 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң   1994.04.12. N 1652 жарлығымен.

      2. Былай болып белгiленсiн: а/ 1994 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiсi:
      - қосылған құнға салынатын салық;
      - акциздер;
      - меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың, соның iшiнде шетелдiк және бiрлескен кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың пайдасына салынатын салық;
      - жер салығы;
      - тiркелген /ренталық/ төлемдер;
      - бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
      - Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттiк Iшкi ұтыс ұтыс заемының қазынашылық бондарын өткiзуден түскен табыстар;
      - қысқа мерзiмдi қазыналық вексельдердi аукционда сатудан алынған табыстар;
      - мемлекеттiк мүлiктi өткiзуден түскен түсiмдер;
      - басқа да жалпыреспубликалық салықтар, алымдар мен салық салынбайтын әртүрлi төлемдер;
      - мемлекет мұқтажына 1994 жылғы егiннiң астығын және басқа да ауылшаруашылық дақылдарын сатудан түскен түсiмдер;
      - сыртқы экономикалық қызметтен түсетiн табыстар есебiнен қалыптасады.
      б/ Сыртқы экономикалық қызметтен түсетiн табыстарды қалыптастыру:
      - экспорттық және импорттық баж салығы;
      - импорт бойынша сатып алынған бiрiншi қажеттегi тауарларды сатудан түскен түсiмдер есебiнен жүзеге асырылады.
      в/ Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер республикалық бюджетке кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салығын төлейдi.
      г/ Шетел инвесторларынан келiп түсетiн бонустар, әртүрлi сыйлық төлемдерi, сондай-ақ роялти Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң валюталық шоттарына есептелiп, кейiннен оны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiне сату арқылы мiндеттi түрде ұлттық валютаға шағылады; осы валюталық шоттарға Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен жеке тұлғалары төлейтiн салықтың басқа түрлерi бойынша төлем мөлшерi жалпы белгiленген тәртiппен айқындалады.

      3. Мына қорларға түсетiн және олардан аударылатын қаражат республикалық бюджеттiң кiрiсi құрамына ескерiлсiн:
      - Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат базасын ұдайы толықтыру қоры;
      - Экономиканы өзгерту қоры;
      - Жол қоры;
      - Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қоры;
      - Табиғат қорғау қоры.
      Қаржы министрлiгi осы аталған қорлардың мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты шараларды қаржыландыруды оларға қаражаттың келiп түсуiне қарай, бiрақ осы Жарлықта айқындалған шығыстардың шектi мөлшерiнен аспайтындай көлемде жүзеге асырсын.
      Ескерту. 3-тармақтан "Әлеуметтiк сақтандыру қоры" сөзi алынып тасталды - ҚР Президентiнiң 1994.04.12. N 1652 жарлығымен.

      4. 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап меншiк және шаруашылық жүргiзу нысандарына қарамастан барлық кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға қаржы аудару тарифы еңбекақы қорының 30 процентi мөлшерiнде бекiтiлсiн. Мүгедектер мен зейнеткерлердiң қоғамдық ұйымдары, олардың кәсiпорындары, мекемелерi, ұйымдары мен оқу орындары, фермерлер, адвокаттар алқасы, жеке кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдар үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға қаржы аудару тарифi 5 процент мөлшерiнде белгiленсiн.
      Әлеуметтiк сақтандыруға аударылатын қаржының жалпы сомасы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бекiтетiн нормативтер бойынша Зейнетақы қоры мен Әлеуметтiк сақтандыру қорының арасында бөлiнедi.
      Азаматтардың Зейнетақы қорына жалақының 1 процентi мөлшерiнде төлейтiн мiндеттi сақтандыру жарналары жойылсын.

      5. Былай болып белгiленсiн:
      а/ Меншiк нысандарына қарамастан шаруашылық есептегi барлық кәсiпорындар, бiрлестiктер мен ұйымдар /шығынмен жұмыс iстейтiндерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiмен жасалған келiсiмдер мен контрактiлерге сәйкес Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар игеру және өндiру жөнiнде жұмыс iстейтiн, жарғылық қордағы үлесi 30 проценттен кем болмайтын шет ел қатысатын кәсiпорындардан басқасы/ Экономиканы өзгерту қорына мiндеттi түрде өнiмнiң /жұмыстың, қызметтiң/ өзiндiк құнының 5 процентi мөлшерiнде қаржы аударып, осы аударым қаражатының сомасын өзiндiк құнның құрамына енгiзедi; Экономиканы өзгерту қорының қаражаты қайтарымсыз негiзде, сондай-ақ қайтару шартымен инвестицияларды қаржыландыру үшiн кредит ресурстары ретiнде ғана қызмет етедi, бұл үшiн мөлшерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi айқындайтын процент алынады.
      б/ Меншiк және шаруашылық жүргiзу нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан кәсiпорындар, бiрлестiктер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және бiрлестiктi дамыту қорына мiндеттi түрде пайдаға салынатын салықты төлегеннен кейiн өздерiнiң қарамағында қалатын пайданың 1 процентi мөлшерiнде қаржы аударады.
      Осы аталған қорға аударылатын жарнаның есептелуi мен төленуiнiң дұрыстығына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Бас мемлекеттiк салық инспекциясына жүктеледi.
      в/ Өнеркәсiптiң өндiрушi салаларының кәсiпорындары, бiрлестiктерi мен ұйымдары Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен ставкалар негiзiнде Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат базасын ұдайы толықтыру қорына өткiзiлген минералдық шикiзат құнының процентке шағылған мөлшерiнде қаржы аударады.
      г/ Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қоры шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - жұмыс берушiлердiң еңбекақы қорының 2 процентi мөлшерiнде мiндеттi түрде қаржы аудару есебiнен қалыптастырылады. Мемлекеттiк бюджетте тұратын мекемелер мен ұйымдар, колхоздар, совхоздар және меншiк нысандарына қарамастан ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тiкелей өндiретiн басқа ауылшаруашылық кәсiпорындары, мылқаулар, зағиптар мен мүгедектер қоғамдарының кәсiпорындары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорына жарна төлеуден босатылсын.
      Қоныс аудару шаралары бойынша жұмсалатын шығындарды қаржыландыру Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорының қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
      Жұмыс орындарын құру немесе жұмыс орындарын сақтау мақсатында жаңа тұрғын үй саясатына сәйкес осы аталған қор қаражатының 15 процентi тұрғын үй саласын қаржыландыруға жұмсалады.

      6. 1994 жылға арналған республикалық бюджетке келiп түсетiн табыстар көздерi бойынша мынадай мөлшерде айқындалсын:
                                                   /мың теңге/
      - қосымша құнға салынатын салық                 4 031 205
      - акциздер                                        917 187
      - меншiк нысандарына қарамастан
        кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен
        ұйымдардың, оның iшiнде шетелдiк және
        бiрлескен кәсiпорындардың, пайдасына
        салынатын салық                                5 987 538
      - тiркелген /ренталық/ төлемдер                    41 849
      - кәсiпорындарға тиесiлi бағалы
        қағаздардан және бiрлескен кәсiпорындарға
        үлестiк қатысудан алынатын салық                  5 890
      - жер салығы                                        3 400
      - алымдар мен салық салынбайтын әртүрлi             
        табыстар                                          210 000
      - бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға
        салынатын салық                                     2 000
      - жеке тұлғалар арасында орналастырылатын
        Қазақстан Республикасының 1992 жылғы
        Мемлекеттiк Iшкi ұтыс заемының қазыналық
        бондарын өткiзуден түскен табыс                      2 000
      - қысқа мерзiмдi  қазынашылық вексельдерi
        аукционда сатудан                                   30 000 
      - мемлекеттiк мүлiктi өткiзуден түсетiн түсiм        400 000
      - 1994 жылғы егiннiң астығын және басқа да
        ауылшаруашылық дақылдарын мемлекет мұқтажына
        сатудан түскен түсiм                             1 400 000
      - сыртқы экономикалық қызметтен алынатын табыс     3 717 720
      - Экономиканы өзгерту қоры                         4 935 600
      - Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат
        базасын ұдайы толықтыру қоры                       868 124
      - Жол қоры                                         3 273 965
      - Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қоры    407 160
      - Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi
        дамыту қоры                                        274 806
      - Зейнетақы қоры                                   9 477 000
      - Табиғат қорғау қоры                                  2 231
      Ескерту: 6-тармақта сөздер алынып тасталды - ҚР Президентiнiң 1994.04.12. N 1652 жарлығымен.

      7. Республикалық бюджеттiң кiрiсiне 1994 жылы Ұлттық банкiнiң пайдасынан 3 000 000 мың теңге сомасында түсетiн, оның iшiнде 1993 жыл үшiн түсетiн 500 000 мың теңге қаржы ескерiлсiн.
      Республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептелуге тиiс Ұлттық банкiнiң таза пайдасын айқындау үшiн жұмсалатын шығындарды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен Қаржы министрлiгiнiң бiрлесiп ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн болып белгiленсiн.

      8. Республикалық бюджеттiң кiрiсiнде 1992-1993 жылдар үшiн ТМД елдерiнiң Қазақстан Республикасына мемлекеттiк қарыз есебiне берiлген төлемдiк кредиттер проценттер төлеуiнен түсетiн 39 510 мың теңге көзделсiн.

      9. 1994 жылға жалпы республикалық мемлекеттiк салықтар мен табыстардан түсетiн қаражаттан облыстардың және Алматы мен Ленинск қалаларының бюджеттерiне аударылатын қаржы мынадай мөлшерде бекiтiлсiн:
      а/ қосымша құнға салынатын салық бойынша:
      Алматы, Жезқазған, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Торғай, Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Ленинск қаласына - 100 проценттен, Ақтөбе, Атырау, Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарына - 70 проценттен, Ақмола және Қостанай облыстарына -50 проценттен, Маңғыстау -30 процент, Қарағанды - 15 процент, Павлодар облысы мен Алматы қаласына - 10 проценттен.
      б/ меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың, оның iшiнде шетелдiк және бiрлескен кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың пайдасына салынатын салық бойынша : Алматы, Қызылорда, Семей, Талдықорған, Торғай облыстары мен Ленинск қаласына - 100 проценттен, Оңтүстiк Қазақстан - 62,4 процент, Батыс Қазақстан - 56,6 процент, Ақтөбе - 40,7 процент, Қостанай - 35,6 процент, Жамбыл - 33,7 процент, Солтүстiк Қазақстан - 28,2 процент, Шығыс Қазақстан -26,3 процент, Атырау - 25,7 процент, Маңғыстау - 21,5 процент, Жезқазған - 15,8 процент, Қарағанды - 15,6 процент, Көкшетау - 15,5 процент, Ақмола - 14,6 процент, Қарағанды - 15,6 процент, Ақмола - 14,6 процент, Павлодар облысына - 2,4 процент, Алматы қаласына - 3,5 процент.
      в/ акциз бойынша:
      Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Торғай, Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Ленинск қаласына - 100 проценттен, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстiк Қазақстан облыстарына - 50 проценттен, Павлодар облысына - 10 процент және Алматы қаласына - 5 процент.
      г/ тiркелген /ренталық/ төлемдер бойынша:
      Қызылорда облысына - 100 процент, Ақтөбе және Атырау - 50 проценттен, Маңғыстау және Павлодар облыстарына - 10 проценттен.

      10. Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы, мемлекеттiк баж салығы, су ақысы және табиғи ресурстарға салынатын салық, орман табысы, жалпыға бiрдей мiндеттi жергiлiктi салықтар мен алымдар, ставкаларын жергiлiктi әкiмдер айқындайтын жергiлiктi салықтар мен алымдар, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттiк iшкi заемын орналастырудан түсетiн түсiмдер, алымдар мен салық салынбайтын әртүрлi төлемдер толығымен жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне есептелсiн, республикалық бюджетке есептелетiн жекелеген табыс түрлерi бұған қосылмайды.

      11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ұлттық банкiмен бiрлесiп қысқа мерзiмдi бағалы қағаздарды /қазынашылық вексельдердi/ орналастыру және олардың айналымға шығарылуына қызмет көрсету туралы тиiстi келiсiмдi қайта ресiмдеп, 30 000 мың теңге сомасында қысқа мерзiмдi бағалы қағаздарды /қазынашылық вексельдердi/ аукциондарда сатуды жүзеге асырсын.

      12. Кәсiпорындарға, бiрлестiктер мен ұйымдарға тиесiлi акциялардан, облигациялардан және бiрлескен кәсiпорындарға үлестiк қатысудан, соның iшiнде шетелдiк қатысушыдан алынатын басқа да бағалы қағаздардан түскен табыстарға салынатын салықтан республикалық және тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне 50 проценттен қаржы аудару белгiленсiн.

      13. Халық шаруашылығын қаржыландыруға бөлiнетiн қаржы 6 758 456 мың теңге мөлшерiнде бекiтiлсiн.
      Халық шаруашылығын қаржыландыруға жұмсалатын шығыстар құрамында:
      а/ мемлекет мұқтажы есебiне өнiмдер мен қызметтер сатып алу үшiн 5 944 906 мың теңге, оның iшiнде:
      - 1994 жылғы егiннiң астық және басқа да ауылшаруашылық өнiмдерiн сатып алу үшiн 5 400 000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн; Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын өнiмнiң көлемi мен түрлерiн және дайындау ұйымдарының осы операцияны жүзеге асыру кезiнде бюджеттен қарым-қатынас жасау тәртiбiн айқындасын;
      - ұлттық, көркемсуреттi, дәйектi-деректi, балалар, мультипликациялық фильмдер шығаруға 8 900 мың теңге;
      - мемлекет мұқтажы есебiнен басқа да өнiмдер мен қызметтер сатып алуға жалпы сомасы 536 006 мың теңге;
      б/ мемлекеттiк ауылшаруашылық кәсiпорындарының ауылшаруашылық түлiктерiнiң табынын сауықтыру үшiн 13 760 мың теңге сомасында қаржы;
      в/ шаруа қожалықтарын қолдау және дамыту үшiн 1 100 мың теңге сомасында қаржы;
      г/ шығындарды жабуға 79 564 мың теңге сомасында қаржы;
      д/ министрлiктердiң әлеуметтiк сала мекемелерiн ұстау жөнiндегi шығындарын жабуға және материалдық-техникалық базаны дамытуға 102 035 мың теңге сомасында қаржы;
      е/ қорғаныс кәсiпорындарын конверсиялауға 20 000 мың теңге сомасында қаржы;
      ж/ жаңа тұрғын үй саясаты бойынша шараларды жүзеге асыру үшiн жалпы сомасы 497 000 мың күрделi қаржы, оның iшiнде:
      - мемлекеттiк тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға 319 200 мың теңге сомасында күрделi қаржы;
      - тұрғын үй алу кезегiнде 10 жыл және одан да ұзақ тұрған кезектегi адамдарға оның құнының 20 процентi мөлшерiнде берiлетiн 72 000 мың теңге сомасында дотация;
      - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 10 сәуiрдегi N 715 Жарлығына сәйкес халыққа тұрғын үй шараларына қажет ұзақ мерзiмдi жеңiлдiк несиелер үшiн бұдан бұрын бөлiнген кредит ресурстарын Қазақстан Республикасы Халықтық банкiнен және басқа банкiлерден сатып алуға 25 900 мың теңге көзделсiн, одан 1994 жылы 4 000 мың теңге жаңадан құрылған Тұрғын үй құрылысы банкiнiң Жарғылық қорын көбейтуге жатқызылсын;
      - тұрғын үй саласын қаржыландыруға кредит ресурстары ретiнде Тұрғын үй құрылысы банкiне мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден алынатын қаражаттың есебiнен түсетiн соманың 20 процентi шеңберiнде 80 000 мың теңге беру көзделсiн.
      Сонымен бiрге жаңадан құрылған Тұрғын үй құрылысы банкiнiң Жарғылық қорын құруға Экономиканы өзгерту қоры қаражатының есебiнен 20 000 мың теңге жұмсалады.
      з/ Қазақстан Республикасындағы мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасының II кезеңiн жүзеге асыруға мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмнiң есебiнен алынатын соманың 25 процентi шеңберiнде 100 000 мың теңге ;
      Ескерту. 13-тармақтың 1 абзацына өзгерiс енгiзiлдi және      "и" тармақшасы алынып тасталды - ҚР Президентiнiң 1994.04.12. N 1652 жарлығымен.

      14. Республикалық бюджетте нан және нан-тоқаш тағамдары, тары, ақжарма, пiскен нан орнына сатылатын ұн және құрамажем бағасының айырмасын өтеу жөнiндегi 1993 жылдың берешегiн төлеу үшiн 80 000 мың теңге мөлшерде қаржы көзделсiн.

      15. 1994 жылы мемлекеттiк ресурстарын бөлiнген астықтан өндiрiлетiн нан және нан-тоқаш тағамдары, тары, ақжарма, пiскен нан орнына сатылатын ұн және мемлекеттiк ресурстардан бөлiнген астықтан өндiрiлетiн құрамажем бағасын реттеп отыру сақталып, осы мақсаттарға 810 000 мың теңге көзделсiн.

      16. Әлеуметтiк-мәдени шараларды қаржыландыруға бөлiнетiн қаржы 3 239 890 мың теңге мөлшерiнде бекiтiлiп, ол былай жұмсалсын:
                                               /мың теңге/
      а/ бiлiм алуға және кадрларды
         кәсiптiк тұрғыда даярлауға               1 435 012
      б/ мәдениет пен өнерге                        348 305
      в/ бұқаралық ақпарат құралдарына              492 145
      г/ денсаулық сақтауға                         600 473
      д/ дене тәрбиесiне                            104 101
      е/ әлеуметтiк қамсыздандыруға                 259 554
      ж/ жастар саясатын жүргiзу
         жөнiндегi шараларға                            300
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1994.04.12. N 1652 жарлығымен.

      17. 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап өндiрiстен қол үзiп оқитын аспиранттар стипендиясының мөлшерi айына ғылыми атағы жоқ кiшi ғылыми қызметкер жалақысының ставкасы деңгейiнде, жоғары оқу орындарының студенттерiне - ең төменгi еңбек ақының 80 процентi, ал арнаулы орта оқу орындары мен оқу мерзiмi 10 айға дейiнгi кәсiптiк-техникалық училищелердiң оқушыларына - 70 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
      Жоғары оқу орындарының студенттерi мен арнаулы орта оқу орындарының оқушыларына мемлекеттiк стипендиялар олардың оқу үлгерiмi ескерiле отырып тағайындалсын.

      18. 1993/1994 оқу жылының соңына дейiн жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 1-4 класс оқушыларына бiр күнге бiр оқушының тамақтануына жұмсалатын шығындардың iшiнара өтемақысы айлық ең төменгi еңбекақы мөлшерiнiң 5 процентi көлемiнде белгiленсiн.

      19. 1994/1995 оқу жылынан бастап жалпы бiлiм беретiн мектептерде мектеп оқулықтары тек табысы аз және көп балалы отбасыларындағы оқушыларға ғана тегiн берiлетiн болсын.

      20. 1994 жылға республиканың күндiз оқытатын жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басқа жерден келген студенттерi мен оқушылары, жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмдерiнiң тыңдаушылары үшiн каникул кезiнде мемлекеттiк темiр жол көлiгiнде /жылына 2 рет барып-келу/ жеңiлдiкпен жүруi тиiстi оқу орындарының қаражаты есебiнен 50 процент мөлшерiнде сақталсын.

      21. 1994 жылғы 1 ақпаннан бастап жалақының ең төменгi мөлшерi 40 теңге сомасында белгiленсiн.
      Жасына байланысты берiлетiн зейнетақының ең төменгi мөлшерi ең төменгi еңбекақы деңгейiнде белгiленсiн.

      22. 1994 жылдың 1 ақпанынан бастап тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты дәулетi төмен жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге заңды түрде белгiленген айлық ең төменгi еңбекақының проценттiк көлемiнде мынадай мөлшерде ай сайын ақшалай өтемақы төлеу көзделсiн.
      - жасына, мүгедектiгiне, қызмет өткерген жылдарына байланысты толық еңбек зейнетақысын алушыларға, сондай-ақ мүгедектiгiне байланысты зейнетақы алатын мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiне - 60 процент;
      - толық емес еңбек стажы жағдайында еңбек зейнетақысын, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алушыларға - 40 процент;
      - әлеуметтiк зейнетақы алушыларға - 20 процент.
      Осы аталған төлемдер осының алдындағы тоқсанда әр айға орташа есеппен шаққанда заңды түрде белгiленген ең төменгi жалақының 2 еселенген көлемiнен аспайтын мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге тиiстi бюджеттер қаражаты есебiнен төленсiн.
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi өтемақылар төлеу тәртiбiн айқындасын.

      23. Қазақстан Республикасында әлеуметтiк жеңiлдiктер берудiң қазiр қолданылып жүрген жүйесiнiң тиiмсiздiгiн ескере отырып, 1994 жылдың 1 сәуiрiнен бастап бұдан бұрын қолданылып келген атаулы әлеуметтiк жеңiлдiктер беру тетiгiнiң орнына жаңа тетiгi енгiзiлiп, онда 1 топтағы мүгедектерге - 2,3 мөлшерiнде, 2 топтың мүгедектерiне - 2,2 қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларына 2,0; 16 жасқа дейiнгi бала кезiнен мүгедектерге - 1,8; наградаларының санына қарай көп балалы аналарға - 1,3-тен 2,0-ге дейiн; Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлiк еңбегi үшiн наградталған адамдарға және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, арнаулы әскери құрамалардың әскери қызметшiлерiне /шақыру бойынша қызмет өткерiп жүргендерден басқалары/, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына, сондай-ақ жасына, денсаулығына немесе штаттың қысқаруына байланысты әскери қызметтен, iшкi iстер органдарынан босатылған, 20 жыл және одан да көп қызмет өткерген адамдарға - 1,0 мөлшерiнде ай сайын ақшалай өтемақы төлеу көзделсiн.
      Атаулы әлеуметтiк жеңiлдiктер берудiң жаңа тетiгi бұдан бұрын енгiзiлген әлеуметтiк жеңiлдiктердiң күшi 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн тоқтайтыны ескерiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ақшалай өтемақы төлеудiң тәртiбi мен шарттарын айқындасын.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1994.04.18. N 1668, 1994.04.12. N 1652, 1994.04.18. N 1675  жарлықтарымен.

      24. "Азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ ССР Заңына сәйкес зейнетақылар төлеу Зейнетақы қорының қаражаты есебiнен, бала туғанда ең төменгi еңбекақының төрт еселенген көлемi мөлшерiнде берiлетiн бiржолғы жәрдемақыны және кiсi жерлеуге ең төменгi еңбекақының он еселенген көлемi мөлшерiнде берiлетiн бiржолғы жәрдемақыны төлеу Әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн болып белгiленсiн.

      25. 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға берiлетiн ай сайынғы жәрдемақы ең төменгi айлық еңбекақының мынадай проценттерi көлемiнде белгiленсiн:
      - мына жастағы балаларға берiлетiн бiрыңғай жәрдемақылар:
      - 6 жасқа дейiн - 80 процент;
      - 6 жастан 18 жасқа дейiн - 80 процент;
      - мына жастағы балалары бар жалғызiлiктi аналарға берiлетiн
мемлекеттiк жәрдемақылар:
      - 6 жасқа дейiн - 50 процент,
      - 6 жастан 18 жасқа дейiн - 60 процент;
      - мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң балаларына берiлетiн
      жәрдемақылар - 80 процент;
      - адамның жұқтырылған иммунодефицитiнiң вирусын жұқтырған немесе СПИД-пен ауыратын балаларға берiлетiн жәрдемақылар - 80 процент.
      Бұл төлемдер тиiстi бюджеттердiң қаражаты есебiнен төленсiн.

      26. Республикалық бюджетте ғылымды қаржыландыруға бөлiнетiн қаражат 832 098 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

      27. Республикалық бюджетте мемлекеттiк өкiмет, мемлекеттiк басқару, сот органдары мен прокуратураны ұстауға бөлiнетiн қаражат
1 558 557 мың теңге мөлшерiнде бекiтiлсiн, оның iшiнде:
                                               /мың теңге/
      а/ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi         48 618
      б/ Қазақстан Республикасы Президентi мен

        Министрлер Кабинетiнiң аппараты               40 731
      в/ Республикалық атқарушы-өкiмшi органдар        1 176 247
      г/ Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты           26 202
      д/ Қазақстан Республикасы Конституциялық соты    4 630
      е/ Облыстық, Алматы және Ленинск қалалық
         соттары                                       28 553
      ж/ Қазақстан Республикасы халық соттары           98 464
      з/ Қазақстан Республикасы төрелiк соттары        24 039
      и/ Қазақстан Республикасы прокуратуралары        111 073
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр ай iшiнде
министрлiктер мен ведомстволар бойынша шығыстардың аталып бөлiнуiн
бекiтсiн.

      28. Республикалық бюджетте мыналарға бөлiнген қаржы былай
белгiленсiн:
      - құқық қорғау органдарын ұстауға - 1 879 926 мың теңге;
      - қорғанысқа - 3 602 311 мың теңге;
      - басқа шығыстар - 288 970 мың теңге;
      - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен жергiлiктi өкiлдi органдарының сайлауын өткiзуге - 70 000 мың теңге.
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр ай iшiнде министрлiктер мен ведомстволар бойынша шығыстардың шектi сомаларын бекiтсiн.

      29. Мынадай шығыстарға:
      - Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттiк iшкi ұтыс заемы бойынша ұтыстарды төлеу мен ол бойынша ұтыс тираждарын өткiзуге 1 000 мың теңге;
      - Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттiк iшкi заемын өтеу және ол бойынша кәсiпорындарға, бiрлестiктер мен ұйымдарға табыс төлеуге 1 216 мың теңге мөлшерiнде қаржы бөлу белгiленсiн.

      30. Үкiметтiң Қазақстан Республикасы Халық банкi алдындағы 1993 жылғы берешегiн өтеу үшiн 1990 жылғы КСРО Мемлекеттiк нысаналы процентсiз заемның облигацияларын сатып алуға 9 796 мың теңге сомасында қаржы көзделсiн.

      31. КСР Одағы тарағанға дейiн КСРО Мемлекеттiк банкiне берiлген 1991 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Халық банкiнiң ресурстары және жалпы сомасы 42 536 мың теңге 40 проценттiк өтемақы қаражаты өтелсiн.
      Халықтың Қазақстан Республикасы Халықтық банкiнiң мекемелерiндегi салымдары бойынша құнсызданудан болған шығындарының бiр жолғы өтемақысын төлеу 1992 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша олардың қалдықтарын салымның алғашқы 1000 сомын 50 есе мөлшерде көбейту арқылы жүргiзiлсiн. Осы мақсаттарға жұмсалатын шығындар республикалық бюджетте 850 000 мың теңге сомасында көзделсiн.
      1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықтық банкi пайдадан салық төлеуден және әлеуметтiк сақтандыру қорына қаржы аударуды қоспағанда жалпымемлекеттiк мақсатты қорларға қаржы аударудан босатылсын.

      32. Бала туғанда жас жұбайларға берiлген процентсiз несиеге қызмет көрсетуге байланысты банктердiң шығынын өтеуге республикалық бюджетте 8 000 мың теңге сомасында қаржы бөлу ескерiлсiн.

      33. Үкiметтiң мына бағыттардағы сыртқы экономикалық қызметiне байланысты:
      - сыртқы қарызды өтеу;
      - халықаралық ұйымдарға жарналар төлеу;
      - импорт бойынша бiрiншi қажеттегi тауарлар сатып алу;
      - шет елдердегi дипломатиялық және сауда өкiлдiктерiн ұстау;
      - елшiлiктердiң ғимараттары мен резиденциялар сатып алу;
      - шетелдiк iссапарлар;
      - Қазақстан Республикасы Президентiнiң резиденциясын, Алматы
        қаласының спорт кешенiн және аэропортының ұшу-қону алаңын
        салу және қайта құру;
      - республиканың басқа кезек күттiрмес қажеттерi үшiн шығыстарын қаржыландыруға шет ел валютасын сатып алуға республикалық бюджетте 5877 720 мың теңге сомасында қаржы көзделсiн:
      Министрлер Кабинетi сатып алатын шет ел валютасының
пайдаланылуына нысаналы сипаты мен тиiмдiлiгiне бақылау күшейтiлсiн.

      34. 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап республиканың
орталықтандырылған қаражаты мен шет ел кредиттерi есебiнен Денсаулық сақтау министрлiгiнiң кәсiпорындары мен ұйымдары импорт бойынша сатып алатын дәрi-дәрмектер еркiн нарықтық бағамен сатылатын болып белгiленсiн.

      35. Республикалық бюджетте 150 000 мың теңге, оның iшiнде төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 43 000 мың теңге мөлшерiнде
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резервтiк қоры ескерiлсiн.

      36. 1994 жылы мына облыстар мен Ленинск қаласының бюджеттерiне 965 739 мың теңге мөлшерiнде субвенция бөлiнсiн, оның iшiнде:
                                                    /мың теңге/
      - Алматы                                      241 809
      - Қызылорда                                   308 298
      - Семей                                       152 598
      - Талдықорған                                 164 103
      - Торғай                                       42 128
      - Ленинск қаласы                               56 803

      37. 1994 жылдың аяғына республикалық бюджет бойынша айналымдағы кассалық қолма-қол ақша 16 000 мың теңге сомасында белгiленсiн.

      38. Республикалық бюджетте:
      - "Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк жағынан қорғау туралы" КСРО Заңын жүзеге асыруға 2 000 мың теңге және Мемлекетаралық ұйымдарды ұстауға 32 571 мың теңге;
      - "Арал өңiрiндегi экологиялық апаттың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк жағынан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468 Заңына сәйкес 1993 жылдың IY тоқсанында төленген нақты төлемдер бойынша берешектi өтеуге 18 000 мың теңге және "Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi N 2143 Заңына сәйкес 7 000 мың теңге қаржы бөлу көзделсiн.

      39. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi:
      - осы Жарлық және жергiлiктi әкiмдердiң тиiстi шешiмдерi арқылы белгiленген нормативтер бойынша меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың, оның iшiнде шетелдiк және бiрлескен кәсiпорындардың пайдасына салынатын салық сомалары;
      - жергiлiктi әкiмдер белгiлейтiн нормативтер бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шет ел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығының сомалары тиiстi бюджеттердiң шоттарына дер кезiнде есептелуiн қамтамасыз етсiн.

      40. Республикалық бюджеттiң тапшылығын жабуға 1993 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң несиелерi бойынша 859 255 мың теңге сомасында алынған берешек және жекешелендiрiлген мемлекеттiк ауылшаруашылық кәсiпорындарының қайтарыммен қамтамасыз етiлмеген 28 128 мың теңге сомасындағы несиелiк берешегi мемлекеттiк iшкi қарыз есебiне есептен шығарылсын.

      41. Республикалық бюджетте 1994 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық банкiге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк iшкi
қарызын өтеу жөнiндегi жалпы сомасы 964 577 мың теңге шығыстар
бекiтiлсiн, оның iшiнде:
                                                  /мың теңге/
     Республикалық бюджеттiң тапшылығын жабуға
берiлген Ұлттық банкiнiң кредитi бойынша:
 
                  - 1991 жылғы                                    18 000
       1992 жылғы                                    31 277
       1993 жылғы                                   859 254
     - ауылшаруашылық өнiмi бағасының айырмасын 
       өтеу және сатып алу бағаларына сараланған
       үстеме төлемдер жөнiндегi бюджет берешегiн
       есептеп шығару                                 8 348
     - колхоздардың, совхоздардың және су
       шаруашылығы ұйымдарының банкiнiң
       ұзақ мерзiмдi несиелерi бойынша берешегiн
       есептен шығару                                 8 000
     - колхоздар мен совхоздардың банк несиелерi
       жөнiнен борышын есептен шығару                 5 418
     - ауылшаруашылық өнiмiнiң және жеңiл
       өнеркәсiпке қажет шикiзаттың бағасындағы
       айырманы өтеу жөнiнде сатып алу бағаларына
       сараланған үстемелер төлеу жөнiндегi
       берешектi есептен шығару                        1 686
     - "Қазастықөнiм" концернiнiң дәндi дақылдар
       бағасындағы айырманы өтеу жөнiндегi
       берешегiн есептен шығару                        4 466
     - қайтарыммен қамтамасыз етiлмеген
       жекешелендiрiлген мемлекеттiк
       ауылшаруашылық кәсiпорындарының несиелiк
       берешегi                                        28 128

      42. 1994 жылға арналған республикалық бюджеттiң жалпы сомасы
7 812 121 мың теңге болатын тапшылығы мына көздердiң есебiнен қаржыландырылатын болып белгiленсiн:
                                                        /мың теңге/
      - қалпына келтiру заемы бойынша                  
        валюта сату                                     - 3 638 121;
     - мемлекеттiк бағалы қағаздар өткiзу              - 1 240 000;
     - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң
       кредит ресурстары                               - 2 934 000.

      43. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Үкiметтiң iшкi қарызына қызмет көрсетедi және республикалық бюджеттiң тапшылығын жабуға кредит бередi, сондай-ақ бос бюджет қаражатын Қаржы министрлiгiмен жасалатын шартқа сәйкес кредит ресурстары ретiнде пайдаланады деп белгiленсiн.

      44. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын, сондай-ақ бұдан бұрын қабылданған шешiмдердi оған сәйкес келтiрсiн.

      45. "1994 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң бiрiншi сессиясының қарауына енгiзiлсiн.

      46. Осы Жарлықтың Заң күшi бар, ол 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi және жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi "1994 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын қабылдағанға дейiн қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң     
"1994 жылға арналған республикалық бюджет туралы"
1994 жылғы 27 қаңтардағы N 1529     
Жарлығына      
Қосымша

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1994 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТI

                           КIРIС                        /мың теңге/
 

      I. Бөлiм: Республикалық бюджет
        -------------------------------
  Қосылған құнға салынатын салық                        4031205
  Акциз                                                  917187
  Кәсiпорындардың бiрлестiктер мен ұйымдардың
  пайдасына салынатын салық                             5987538
  Бюджет кiрiсiне берiлетiн Ұлттық банкiнiң пайдасы     3000000
      оның iшiнде:
  - 1993 жылғы пайданы аудару                            500000
  - 1994 жылғы пайданы аудару                           2500000
  Алымдар мен салық салынбайтын әртүрлi табыстар         210000
  Кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, ұйымдардың
  табысына салынатын салық                                5890
  Ренталық /тiркелген/ төлемдер                          41849
  Жер салығы                                              3400
  Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға
  салынатын салық                                         2000
  Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер  400000
  1994 жылғы егiннiң астығын және басқа да
  ауылшаруашылық дақылдарын сатудан түсетiн қаражат     1400000
  ТМД Республикаларының мемлекеттiк кредиттер
  мен солар бойынша проценттердi өтеуi жөнiндегi
  табыстар                                                39510
  Қайтарымды негiзде Экономиканы өзгерту қорынан
  бөлiнген қаражаттың келiп түсуi                          2000
  Жеке тұлғалар арасында орналастырылатын Қазақстан
  Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттiк Iшкi ұтыс
  заемының қазынашылық бондарын өткiзуден түсетiн
  қаражат                                                  2000
  Қысқа мерзiмдi қазынашылық вексельдердi аукционда
  сатудан түсетiн қаражат                                 30000
  Лотереялар өткiзуден түсетiн қаражат                     1000
  Шығындарды жабуға жұмсалатын жыл басындағы           
  бюджет қаражатының қалдықтары                          216500
   Бюджет бойынша   Кiрiс жиыны                   16290079

      II Бөлiм: Мақсатты қаржыландыру қорлары
        --------------------------------------
  - Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат
    базасын ұдайы толықтыру қоры                         868124
  - Экономиканы өзгерту қоры                            4935600
  - Жол қоры                                            3273965
  - Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қоры      407160
  - Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi
    дамыту қоры                                          274806
  - Зейнетақы қоры                                      9477000
  - Табиғат қорғау қоры                                    2231
  Мақсатты қаржыландыру қорлары бойынша                19238886
  Кiрiс жиыны
  -------------
      Ескерту: өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1994.04.12 N 1652 жарлығымен.

      III. Бөлiм: Сыртқы экономикалық қызмет
          -----------------------------------
  - Экспорттық баж салығы                                 2967720
  - Импорттық /кедендiк/ баж салығы                        270000
  - Кедендiк рәсiмдер                                      300000
  - Импорт бойынша сатып алынатын азық-түлiктер    
    мен дәрi-дәрмектердi мемлекеттiң сатуынан
    түсетiн қаражат                                        180000
   Сыртқы экономикалық қызмет бойынша
   Кiрiс жиыны                                             3717720
   --------------
   Кiрiс барлығы                                           39246685
      Ескерту: өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1994.04.12. N 1652 жарлығымен.

ШЫҒЫС

      I. Бөлiм: Республикалық бюджет
       -----------------------------
  Халық шаруашылығын қаржыландыру                           6758456
  Әлеуметтiк-мәдени шараларды қаржыландыру                  3239890
  Ғылымды қаржыландыру                                       832098
  Мемлекеттiк өкiмет органдарын, сот органдарын және
  прокуратураны ұстауға жұмсалатын шығындар                  382310
      оның iшiнде:
  - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi                  48618
  - Қазақстан Республикасының Президентi мен
    Министрлер Кабинетiнiң Аппараты                           40731
  - Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты                    26202
  - Қазақстан Республикасының Конституциялық соты              4630
  - Облыстық, Алматы және Ленинск қалалық соттары             28553
  - Қазақстан Республикасының халық соттары                   98464
  - Қазақстан Республикасының төрелiк соттары                 24039
  - Қазақстан Республикасының прокуратуралары                111073
    Қорғанысқа жұмсалатын шығыстар                          3802311
    Құқық қорғау органдарын ұстауға жұмсалатын
    шығыстар                                                1879926
    Мемлекеттiк өкiметтiң республикалық және жергiлiктi
    атқарушы-өкiмшi органдары мен мемлекеттiк басқару
    органдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар                  1176247
 
      Резервтiк қорлар                                         150000
    Нан мен құрамажем бағасының айырмасын өтеуге
    төленетiн төлемдер                                       890100
    Басқа шығыстар                                           288970
 
               Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi мен
    жергiлiктi өкiлдi органдарының сайлауын өткiзуге
    жұмсалатын шығыстар                                       70000
    Мемлекеттiк Iшкi қарызға қызмет көрсету
    жөнiндегi шығыстар                                      2246221
    Бала туғанда жас жұбайларға берiлетiн процентсiз
    банк несиелерiне қызмет көрсетуге байланысты шығыстар      8000
    Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен
    азаматтарды әлеуметтiк жағынан қорғау жөнiндегi шығыстар   2000
    Мемлекетаралық ұйымдарға қызмет көрсету
    жөнiндегi шығыстар                                        32571
    Үкiметтiң 1993 жылы жұмсалған шығыстары
    жөнiндегi берешегiн өтеу                                  25000

    Жергiлiктi бюджеттерге субвенциялар                      965739
    Республикалық бюджет бойынша шығыс жиыны               22542858
      Ескерту: өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1994.04.12. N 1652 жарлығымен.

      II. Бөлiм: Мақсатты қаржыландыру қорлары
        ---------------------------------------
  - Жер қойнауын қорғау және минералдық- шикiзат
    базасын ұдайы толықтыру қоры                             868124
  - Экономиканы өзгерту қоры оның iшiнде жаңадан
    құрылған Тұрғын үй құрылыс банкiнiң Жарғылық
    қорын құруға                                              20000
  - Жол қоры                                                2611616
  - Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қоры          317350
  - Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi дамыту қоры     219823
  - Зейнетақы қоры                                          9477000
  - Табиғат қорғау қоры                                        1725
    Мақсатты қаржыландыру қорлары бойынша
    Шығыс жиыны                                            18431238
    ------------------
      Ескерту: өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1994.04.12. N 1652 жарлығымен.

      III. Бөлiм: Сыртқы экономикалық қызмет
         ----------------------------------
    Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты шығыстар       5877720
   Шығыс барлығы
   ---------------                                         47058806
   Бюджет тапшылығының жалпы сомасы                         7812121
   1994 жылдың аяғына қарай айналымдық
   кассалық қолдағы ақша                                      16000
      Ескерту: өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1994.04.12. N 1652 жарлығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады