Қазақстан Республикасының төменгi соттарын қалыптастырудың уақытша тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 31 қаңтар 1994 ж. N 1534. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.03.17. N 2125 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1993 жылғы 10 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасы Заңының 2 бабы негiзiнде қаулы етемiн:
      1. Жаңадан сайланған жоғарғы және жергiлiктi өкiлеттi органдардың алғашқы сессияларының жұмысы басталғанға дейiн соттарды қалыптастырудың төмендегiдей тәртiбi белгiленсiн:
      судьялардың тиiстi бiлiктiлiк алқаларының қорытындысын ескере отырып облыстық, Алматы, Ленинск қалалық, аудандық /қалалық/ халық және әскери соттарының судьялары мiндеттерiн атқаруды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жүктейдi;
      Судьяларды мерзiмiнен бұрын қызметiнен босату және оларды заңда қарастырылған негiздер бойынша өкiлеттiктен айыру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi қабылдайды.
      2. Судьялардың мiндетiн атқару олар Қазақстан Республикасының

жоғарғы және жергiлiктi өкiлеттi органдарының сессияларында заңда
белгiленген тәртiппен сайланғанға дейiн жүзеге асырылады деп 
белгiленсiн.
     3. Осы Жарлықтың Заңмен бiрдей күшi бар , ол жария етiлген күннен
бастап күшiне енедi және Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған
Жоғарғы Кеңесiнiң алғашқы сессиясында бекiтiлуге тиiс.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi
     Алматы қаласы. 1994 жылғы 31 қаңтар
                N 1534
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады