Жеке тұлғаларға арнап шетелдiк валютадағы және теңгемен жасырын шоттарды енгiзу туралы <*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 1 ақпан N 1537. Атауына өзгерiс енгiзiлген - ҚР Президентiнiң 1995.04.21. N 2230 Жарлығымен. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.09.27. N 4400 Заңымен.~Z964400

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және шетел валютасымен және теңгемен жеке адамдардың қаражатын тартуды қамтамасыз ету, жинақтарды қорғау және оларға қол сұғылмайтындығына кепiлдiк беру мақсатында қаулы етемiн: <*>
      Ескерту. Кiрiспеге өзгерiс енгiзiлген - ҚР Президентiнiң
               1995.04.21. N 2230 Жарлығымен.
      1. Қазақстан Республикасының аумағында 1994 жылғы 15 ақпаннан бастап кепiлдiк берiлген банктердiң жеке тұлғаларға /резиденттер мен резиденттер еместерге/ шетелдiк валютада және теңгемен жасырын шоттар ашуына рұқсат етiлсiн. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi қаржы жағынан тұрақты iрi банкке осындай шоттарды ашу және оларды жүргiзу құқығын берсiн. <*>
      Жасырын шот салымшының тегi, аты-жөнi көрсетiлмей және қандай да бiр құжаттар ұсынылмай ашылады. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлген және екiншi абзацпен
               толықтырылған - ҚР ПРезидентiнiң 1995.04.21.
               N 2230 Жарлығымен.
      (2,3-тармақ) <*> .,
      Ескерту. 2,3-тармақтар күшiн жойған - ҚР Президентiнiң
               1995.04.21. N 2230 Жарлығымен.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы Жарлықтан туындайтын өзгерiстер мен толықтыруларды әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына енгiзу туралы Заңның жобасын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне енгiзсiн.
      5. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол Қазақстан Республикасының

қазiргi заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн
қолданылады.
     6. Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi
     Алматы 1994 жылғы 1 ақпан
            N 1537
           
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады