1. Қазақстан Республикасы тұтыну кооперациясының ұйымдарына әмбебап дүкендер мен аудан орталықтарындағы және iрi елдi мекендердегi дүкендердiң арнаулы бөлiмдерiнде зергерлiк бұйымдарды сатуға рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Алтын қоры мен алмас қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қосымша енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн.
3. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi, оның
Заң күшi бар және ол "Алтын қоры мен алмас қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қосымша енгiзу туралы" тиiстi Заң қабылданғанға дейiн қолданылады. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы. 1994 жылғы 8 ақпан N 1557