1. Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға [II кезең] арналған Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру кезiнде:
- жекешелендiрiлетiн кәсiпорындардың акцияларына айырбастау үшiн азаматтардың инвестициялық жекешелендiру купондарын жинақтаушы инвестициялық қорлары пайдадан алынатын салықтан және бюджетке басқа да төлемдерден босатылады;
- инвестициялық жекешелендiру қорларының акционерлерi аталған қорлардың акциялары бойынша дивиденд түрiнде алынатын табыстардан салық төлеуден босатылады;
- инвестициялық жекешелендiру қорлары бағалы қағаздар эмиссиясының проспектiн тiркеу кезiнде, сондай-ақ инвестициялық жекешелендiру қорлары инвестициялық жекешелендiру купондары мен ақшаға орналастыратын акцияларды сатып алу жөнiндегi мәмiлеге қатысушылар бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша салық төлеуден босатылады деп белгiленсiн.
2. Жергiлiктi әкiмдерге халықтың инвестициялық жекешелендiру купондарын жинақтайтын инвестициялық жекешелендiру қорларына жергiлiктi салықтар мен алымдар бойынша жеңiлдiктер беру туралы мәселенi бiр ай мерзiм iшiнде қарау тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына қолданылып жүрген салық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныс енгiзiлсiн.
4. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн қолданылады. 5. Жарлық жарияланған кезiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы. 1994 жылғы 22 ақпан N 1573