Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (екiншi кезең) арналған Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруды жеделдету, ауыл шаруашылығында меншiктiң алуан түрлi нысандарын дамыту, нарықтық қатынастарды қалыптастыру, оның тиiмдiлiгiн арттыру және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын жекешелендiру барысында:
оның сатып алынатын мүлкiнiң 10 процентiн осы қызметке 20 жылдан кем жұмыс iстеген директорға тегiн негiзде бөлсiн;
директорға мүлiктiң сатып алынатын бөлiгiнiң қосымша 10 процентiн шарттық жағдаймен мемлекет үлесi ретiнде 5 жылдан аспайтын мерзiмге уақытша пайдалануға берсiн.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгi артқан және тұрақты көлемге қол жеткен, шаруашылықтың әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiшi жақсарған жағдайда кейiнгi 5 жыл iшiнде меншiк иесiнiң шешiмiмен мемлекеттiк үлес директорға (бiрiншi басшыға) тегiн берiледi, шаруашылық мүлкiн бағалауды және оның сатып алынатын бөлiгiнiң қалған 80 процентiн еңбек ұжымының арасында бөлу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N
1135
Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 20 шiлдедегi N
633
қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 30, 353-бап) бекiтiлген агроөнеркәсiп кешен кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру Тәртiбiне сәйкес жүргiзiлсiн.
2. Осы Жарлықтың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын жекешелендiру барысында екi жақты уағдаластық жағдайымен қызметкерлерге өздерiнiң мүлiктiк үлестерiн сатуға және беруге, осы кәсiпорынның еңбек ұжымының өзге де мүшелерiне жер пайына деген құқығын бере тұруға рұқсат етiлсiн.
3. Шаруашылықтарды реформалау кезiнде колхозшылардың жалпы жиналысы арқылы аталған Жарлықтың ережелерiн басшылыққа алу ұсынылсын.
4. Аталған Жарлықтың Заңдық күшi бар және заңдық актiлерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн iс-әрекет етедi.
5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қолданылып жүрген нормативтi актiлердi аталған Жарлықпен сәйкестендiрсiн және бiр ай мерзiм iшiнде аталған шаруашылықтың жаңа меншiк иесi мен қызметкерлерi арасындағы шаруашылық қызмет пен еңбек қатынастарын реттеу тәртiбiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
6. Жарлық жарияланған сәттен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Алматы к. 1994 ж. 9 наурыз
N 1585