Азаматтардың жеке меншiгiндегi ауыл шаруашылығы түлiктерiнен салық алу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 5 сәуiр N 1625. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 1 сәуiрiнен бастап 1995.03.15. N 2120 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес және жеке секторда мал шаруашылығын одан ары дамыту, оның жемшөп базасын, дайындау және

ұқсату ұйымдары мен кәсiпорындарының желiсiн қамтамасыз ету 
мақсатында қаулы етемiн:
     1. Азаматтардың жеке меншiгiнде өткен жылдың 1 желтоқсанында
болған ауыл шаруашылығы түлiктерiне жасына қарамастан мынадай 
мөлшерде жыл сайынғы салық белгiленсiн:
                                       әр басқа жыл сайын (теңге)
мүйiздi iрi қара малға                            3,5
шошқаға                                           1,5
қой мен ешкiге                                    0,5
жылқыға                                           3,5
түйеге                                            3,5
     Бұл салықты төлеушiлер-жеке меншiгiнде аталған ауыл шаруашылығы
түлiктерiн ұстайтын жеке адамдар болып табылады.


      2. Жеке сектордағы ауыл шаруашылығы түлiктерiне салық салудан түсетiн қаражаттың барлық сомасы жергiлiктi бюджетке жiберiледi.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде салық алу мен оны жергiлiктi бюджетке аудару тәртiбi мен мерзiмiн әзiрлеп, салық органдарына жеткiзетiн болсын.
      4. Жергiлiктi әкiмдер халықтың жеке шаруашылығын дамытуға, мал төлi мен құс балапанын, жем-шөп, құрылыс материалдарын сатып алуға, шабындық пен жайылым үшiн жер бөлуге барынша жәрдемдесетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жыл қорытындысы және бiрiншi жарты жылдық бойынша жеке сектордағы мал басының саны және мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру жөнiндегi есеп берудi белгiлесiн.
      6. Бұл Жарлықтың Заң күшi бар және "Қазақстан Республикасындағы

салық жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына тиiстi
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн iс-әрекет етедi.
     7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы Жарлықтан
туындайтын тиiстi заң актiлерiнiң жобасын Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесiне енгiзетiн болсын.
     8. Жарлық жарияланғаннан кейiн үш айдан соң күшiне енедi. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады