1. Мемлекеттiк акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатудан алынған қаражат солардың шотына жазылып, тек қана өз өндiрiсiн және техникамен қайта жарақтануын инвестициялауға жұмсалады.
2. Ұлттық, мемлекеттiк акционерлiк, соның iшiнде холдинг компанияларға кiретiн мемлекеттiк акционерлiк қоғамдар үшiн акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудан алынған қаражат солардың шоттарына жазылып, тек қана компанияларға кiретiн кәсiпорындардың өндiрiсiн және техникамен қайта жарақтануын инвестициялауға, компаниялар қызметiн сан салалы дамытуға жұмсалады.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.
4. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн қолданылады.
5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жаңадан
сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгiзсiн. 6. Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы, 1994 жылғы 12 сәуiр N 1643