1. Банктердiң акцияларына салынған мемлекеттiк қаражатқа құрылтайшылардың бiреуiнiң банктiң жарғылық қорындағы отыз бес процент шегiнде болатын үлесiмен шектеу қолданылмасын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Қазақстан Республикасындағы банктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Жоғарғы
Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн. 3. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол "Қазақстан Республикасындағы банктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанша қолданылады. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы, 1994 жылғы 12 сәуiр N 1649