Жалақы мен жасына байланысты зейнетақының ең төменгi жаңа мөлшерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 12 сәуiр N 1651. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.20. N 137-1 Заңымен. ~Z970137

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына Z933600_ сәйкес және энергия ресурстары бағасының одан әрi өсуi жағдайында халықты әлеуметтiк қорғау мақсатында қаулы етемiн:
      1. 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап жалақы мен жасына байланысты зейнетақының ең төменгi мөлшерi 100 теңге сомасында белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 1529 Жарлығымен бекiтiлген 1994 жылға арналған Республикалық бюджеттi дәлдеу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
      зейнетақылардың, жәрдемақылардың және басқа әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн қайта есептеудi қамтамасыз етсiн;
      жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтiк қамтудың бәсiрелiлiгiн күшейту жөнiнен қолданылып жүрген заңдарды өзгерту мен толықтыру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      3. Осы Жарлықтың заң күшi бар және ол жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қолданылып жүрген заңдарға өзгертулер мен толықтырулар қабылдағанға дейiн қолданылады.
      4. Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады