Мұнай операциясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 18 сәуiр N 1662. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.07.18 N 2367 жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының құрылығында, теңiзiнде және iшкi суларында мұнай операцияларын жүргiзудi ретке келтiру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мұнай операцияларын жүргiзуге контрактiлер жасау мен атқару кезiнде Қазақстан Республикасын бiлдiретiн өкiлеттi орган болып белгiленсiн.
      Республика Министрлер Кабинетiне мұнай операцияларын жүргiзуге контрактiлер жасау мен атқару жөнiнен өкiлеттiктер берiлуi мүмкiн мемлекеттiк органды анықтау құқығы берiлсiн.
      2. Мұнай операцияларын жүргiзген кезде мердiгер (контрактор) мiндеттi түрде:
      - ставкасы контрактiмен белгiленетiн, бiрақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ставкадан кем болмайтын пайдаға салынатын салықтың;
      - мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жер салығынан кем емес мөлшерде контрактiде белгiленетiн жердi жалға алу төлемiнiң;
      - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ставкалар мен салық салу объектiлерi бойынша қосылған құн салығының төлемшiсi болады деп белгiленсiн.
      3. Контракт шарттарына сәйкес мердiгер (контрактор) сондай-ақ:
      - мөлшерi, мерзiмi мен төлеу тәртiбi контрактiде белгiленетiн бонустарды, роялтилердi, қосымша пайдаға салықты;
      - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тiзбесi тараптардың контракт бойынша келiсiмiмен анықталатын салықтар мен төлемдердi төлейдi деп белгiленсiн.
      4. Былай деп белгiленсiн:
      - контрактiге сәйкес пайдаға және қосымша пайдаға салынатын салықтың ставкалары контракт қолданылатын бүкiл мерзiмнiң iшiнде өзгертiлмейдi;
      - егер салықтардың бұл түрлерi контрактыға сәйкес мердiгер (контрактор) төлеуге тиiс қолданыстағы салықтардың орнына енгiзiлмеген болса, онда мердiгерге (контракторға) контрактыға қол қойылғаннан кейiн енгiзiлген салықтардың жаңа түрлерiнен салық салынбайды.
      Контракт жасасылғаннан кейiн заңдардың өзгеруiне немесе халықаралық шарттардың күшiне енуiне (шарттарының өзгеруiне) байланысты мердiгердiң жағдайы жақсарған немесе нашарлаған болса, онда тараптардың өзара келiсiмi бойынша, мердiгердiң және Қазақстан Республикасының бiлдiретiн өкiлеттi мемлекеттiк органның экономикалық мүдделерiнiң үйлесiмiне жету мақсатында контракттiң жекешелеген қағидалары өзгертiлуi мүмкiн.
      5. Мұнай операцияларын сақтандыру сақтандырудың мiндеттi түрi болып саналсын.
      6. Осы Жарлық Заң күшiне ие және ол Қазақстан Республикасының

"Мұнай туралы" Заңы қабылданғанға дейiн қолданылады.
     7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан
Республикасының жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне жасалатын тиiстi
өзгертулер мен толықтыруларды енгiзсiн.
     8. Жарлық жарияланған күннен күшiне енедi. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады