Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн жариялау және күшiне енгiзу тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 10 маусым N 1725. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.23. N 2791 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн жариялау және күшiне енгiзу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi қабылданғаннан кейiн "Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлер жинағында" басуға қол қойылатын келесi номерiнде, сондай-ақ "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Халық жаршысы" және "Вестник Казахстана" газеттерiнде жарияланады.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң осы Жарлықтың 1-тармағында аталған органдарда басылуы ресми жарияланым болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi өзге де баспасөз органдарында басылып, теледидар, радио арқылы жариялауы, телеграф, телефакс арқылы берiлуi, тиiстi мемлекеттiк және басқа ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын құпиясы бар актiлерi жариялануға жатпайды. Бұл актiлердiң түпнұсқасында құпиялылығы туралы белгi қойылады және олардың күшi қолданылатын ұйымдар мен азаматтарға белгiленген тәртiп бойынша жеткiзiледi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң мұнай актiлерi белгiленген тәртiппен баспа басылымдарында мазмұндалып жариялануы мүмкiн.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтi сипаты бар актiлерi ресми түрде жарияланғаннан кейiн он күн өткен соң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында бiр мезгiлде күшiне енедi.
      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтi сипаты жоқ актiлерi қабылданған сәтiнен бастап күшiне енедi.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi актiнi қабылдаған кезде оны күшiне енгiзудiң басқа мерзiмiн белгiлеген жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн күшiне енгiзудiң осы Жарлықтың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген мерзiмдерi

қолданылмайды.
     7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан
Республикасы Президентiнiң актiлерiн жариялау тәртiбiн реттейтiн
нормативтi актiлердi осы Жарлыққа сәйкес келтiретiн болсын.
     8. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады